Содержание

Слайд 2

Жоспар. 1.Қағидалары 2.Иммундық-биологиялық препараттарды сақтау 3. 4.Қортынды 5.Пайдаланылған әдебиеттер

Жоспар. 1.Қағидалары 2.Иммундық-биологиялық препараттарды сақтау 3. 4.Қортынды 5.Пайдаланылған әдебиеттер

Слайд 3

Қағидалары Анатоксин – уыттан дайындалатын, айқын уытты қасиеттері жоқ, бірақ бұл

Қағидалары Анатоксин – уыттан дайындалатын, айқын уытты қасиеттері жоқ, бірақ бұл ретте
ретте бастапқы уытқа антидене шығаруды индукциялауға қабілетті медициналық препарат; Бактериофагтар – бактериялық жасушаны зақымдай алатын және оны ерітетін бактериялардың вирустары; Вакцина – иммундық жүйе арқылы профилактикалық әсерін тигізетін, инфекциялық аурулардың ерекше профилактикасына арналған медициналық препарат; Вакцинатор – профилактикалық егулерді жүргізетін медицина қызметкері; Дезактивация – қандай да бір беткі қабаттан немесе қандай да бір ортадан радиоактивті ластануды жою немесе төмендету; Дезинфекциялық препараттар (бұдан әрі – дезпрепараттар) – дезинфекция, дезинсекция, дератизация құралдары; Диагностикалық препараттар (бұдан әрі – ДП) – зерттелетін материалда микроорганизмдерді, антигендерді, антиденелерді, нуклеинді қышқылдарды танып білуге қабілетті препараттар; Иммуноглобулиндер – инфекциялық аурулардың шұғыл профилактикасы және емдеу мақсатында қолданылатын адамның және жануарлардың қан сарысуынан дайындалған медициналық препараттар;

Слайд 4

Медициналық иммундық-биологиялық препараттар (бұдан әрі – МИБП) – инфекциялық және иммундық

Медициналық иммундық-биологиялық препараттар (бұдан әрі – МИБП) – инфекциялық және иммундық (аллергиялықты
(аллергиялықты қоса алғанда) аурулардың өзіндік ерекшелігі бар профилактикасына, диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға, сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін индикациялауға арналған препараттар, иммундық жүйе арқылы емдік және профилактикалық әсерін тигізетін препараттары; МИБП түрлері – анатоксиндер, бактерифагтар, вакциналар, иммуноглобулиндер және сарысулар; Өздігінен блокталатын шприц – бір инъекциядан кейін автоматты түрде блокталатын және қайталап қолдануға жарамсыз болып қалатын шприц; Өздігінен бұзылатын шприц – бір инъекциядан кейін поршенінің сынуына байланысты жарамсыз болып қалатын шприц; Профилактикалық препараттар – инфекциялық және иммундық аурулардың ерекше профилактикасына, оларды диагностикалау мен емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, зерттелетін материалда және сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін, антиденелерін, нуклеин қышқылдарын индикациялауға арналған, сондай-ақ дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған препараттар тобы;

Слайд 5

Иммундық-биологиялық препараттарды сақтау

ИБП-ны сақтауға арналған қойма бөлек тұрған ғимараттарға немесе денсаулық сақтау

Иммундық-биологиялық препараттарды сақтау ИБП-ны сақтауға арналған қойма бөлек тұрған ғимараттарға немесе денсаулық
ұйымы ғимаратының бірінші қабатында, сыртқа шығатын, басқа үй-жайлардан оқшауланған жеке есігі бар немесе құрғақ, желдетілетін жертөледе орналастырылады. ИБП сақтауға арналған қоймада тоңазытқыштар, мұздатқыштар (бұдан әрі – тоңазытқыш жабдық), тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелер немесе камералар орнатылады.
ИБП қоймасында жүк тиеу-түсіру алаңы және автокөлікке арналған кіреберіс жолдар көзделеді.
Қоймада МИБП-ны сақтауға, қаптаманы шешуге және қаптамалауға арналған, тоңазыту элементтерін, термоконтейнерлерді және басқа да қаптамалау материалдарын сақтауға арналған үй-жайлар болады.
Қоймада қайтарылған, жарамсыз деп танылған, кері қайтарылған, қолданудан алынған немесе қолданылуы тоқтатыла тұрылған, оның ішінде Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің қаулысымен пайдаланылуы тоқтатыла тұрылған МИБП-ның жекеленген топтамаларын оқшаулау үшін карантин аймағы көзделеді.
Карантин аймағында орналасқан МИБП-ның мәртебесі (қайтарылған, жарамсыз деп танылған, кері қайтарылған, қолданудан алынған, қолданылуы тоқтатыла тұрылған, жарамдылық мерзімі өткен) көрсетілген таңбалауы болады. Карантин аймағында салқындату тізбегі жағдайы қамтамасыз етіледі.

Слайд 6

Медицина ұйымдарында МИБП-ны сақтау үшін егу кабинеттерінде, егу пункттерінде орнатылған тоңазытқыштар пайдаланылады.

Медицина ұйымдарында МИБП-ны сақтау үшін егу кабинеттерінде, егу пункттерінде орнатылған тоңазытқыштар пайдаланылады.
Температураны ұстап тұру үшін тоңазытқыштың төменгі сөресіне суы бар сыйымдылықтар қойылады. Энергия көзі қысқа уақытқа ажыратылған жағдайда температураны ұстап тұру үшін тоңазытқыштың төменгі сөресіне мұздатылған тоңазытқыш элементтердің қоры қосымша орналастырылады.
Әрбір тоңазытқыш тоңазытқыштың жоғарғы және төменгі бөлігінде орнатылған екі термометрмен жабдықталады. Термометрлер жыл сайын метрологиялық тексеруден өткізіледі.
ИБП-ны сақтау кезінде:
1) әрбір қаптамаға салқын ауаның кіруі;
2) жарамдылық мерзімін ескере отырып тоңазытқыш жабдығын толтыру қамтамасыз етіледі. Бұл ретте, жарамдылық мерзімі аз МИБП бірінші кезекте жөнелтіледі немесе пайдаланылады.
МИБП-мен және тоңазыту элементтерімен тоңазытқыш жабдығының, тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелерінің немесе камераларының жалпы көлемінің жартысынан асырып толтыруға жол берілмейді.
Тоңазыту элементтерін тез мұздату үшін мұздатқыштар пайдаланылады.
Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмелерге немесе камераларға кірер алдында жеке қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шараларды сақтау үшін:
1) қажет болған жағдайда қызметкерге есікті сыртынан ашу мүмкіндігі бар туралы алдын ала ескертеді;
2) есігін іштен ашуға болатындығы тексеріледі.
Тоңазытқыш және мұздатқыш бөлмеге және камераға жылы киімсіз кіруге жол берілмейді.

Слайд 7

Тасымалдау

ИБП-ны тасымалдау үшін плюс 2С-тан плюс 8С-қа дейінгі температуралық режимді қамтамасыз ететін,

Тасымалдау ИБП-ны тасымалдау үшін плюс 2С-тан плюс 8С-қа дейінгі температуралық режимді қамтамасыз
ИБП-ны қоршаған орта температурасының күрт өзгеруінен, механикалық зақымданудан қорғайтын термоконтейнер пайдаланылады.
Әрбір термоконтейнерде олардың сапасын сақтауға қажетті ИБП-ның түрі, сақтау температурасы көрсетілген таңбасы болады.
ИБП-ны әуе көлігімен тасымалдау кезінде, ИБП бар термоконтейнерлер Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының температураға және уақытқа сезімталдығының стандартты символдарын пайдалана отырып таңбаланады.
Өнім берушілер ИБП кедендік тазарту кезінде уақытша сақтау қоймасында ИБП болған кезде салқындату тізбегін сақтау қамтамасыз етіледі.
ИБП салынған әрбір термоконтейнерге термоиндикаторлар салынады. Төмен температура әсеріне сезімтал ИБП-ны сақтау және тасымалдау кезінде мұздату индикаторлары қолданылады.
Термоконтейнерлерге ИБП-ны салған кезде тоңазыту элементтерін конденсациялау жүргізіледі.
Вакциналарды сақтаудың және тасымалдаудың барлық деңгейлерінде термоиндикатордағы көрсеткіштерді ілеспе құжаттарда белгілей отырып, ИБП-ның түсуін және медицина ұйымдарына одан әрі жөнелтілуін тіркеу жүргізіледі.
ИБП өнім берушісі қабылдап алушыға жүк түскенге дейін 24 сағаттан кешіктірмей оны жеткізу мерзімі туралы алдын ала хабарлайды.

Слайд 8

Диагностикалық препараттарды сақтау

ДП-ны сақтауға арналған қойма жұмыс күнінің соңында жабылады және ДП

Диагностикалық препараттарды сақтау ДП-ны сақтауға арналған қойма жұмыс күнінің соңында жабылады және
сақтауға жауапты адам сүргі салады.
52. ДП жарықтың әсерінен қорғалады.
53. ДП-ны сақтау минус 20 0С-қа дейінгі температурада сақталатын, төменгі температура кезінде сақтау талаптарын қажет ететін ДП-ны қоспағанда плюс 20С-тан плюс 8 0С-қа дейінгі температурада жүзеге асырылады.
54. ДП-ны сақтау кезінде оларды түрлері бойынша, жарамдылық мерзімін және сериясын ескере отырып, тоңазытқыш жабдығының стеллаждарында немесе сөрелерінде орналастырылады.
55. Тоңазытқыш жабдығында ақау пайда болған немесе электр энергиясының ажырауы жағдайында, медициналық ұйымның басшысы шұғыл іс-шаралар жоспарын әзірлейді және бекітеді, ол ДП-ны уақытша орналастыру болжанатын ұйымның басшысымен келісіледі.
56. Жылына бір реттен сиретпей тоңазытқыш жабдықтарын білікті маман техникалық жағдайын бағалауды, ескертулерді жою жөніндегі анықталған ескертулер мен ұсыныстарды қамтитын, жауапты адамда сақталатын техникалық қарап тексеру актісін міндетті түрде жасай отырып, жоспарлы профилактикалық техникалық қарап тексеруден өткізеді.

Слайд 9

Дезпрепараттарды сақтауға арналған қойма ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталған бөлек тұрған

Дезпрепараттарды сақтауға арналған қойма ішке сору-сыртқа шығару желдеткішімен жабдықталған бөлек тұрған ғимаратта
ғимаратта орналастырылады. Дезпрепараттар зақымдалмаған ыдыста сақталады. Дезинфекция, дезинсекция және дератизация препараттары әртүрлі үй-жайларда бөлек сақталады.
64. Дезинсекция және дератизация препараттары «уытты» деген жазбасын қамтитын тиісті ескертпе таңбасы бар, тығыз жабылған зақымдалмаған ыдыста сақталады.
65. Ұсақ ыдыстағы дезпрепараттарды сақтау үшін металл стеллаждар, ал бөтелкелерді сақтау үшін ағаш сөрелер орнатылады.
66. Дезпрепараттарды сақтауға және пайдалануға арналған үй-жайларда бөгде заттарды сақтауға, темекі шегуге, тамақтануға жол берілмейді.
67. Дезпрепараттарды бөгде адамдарға беруге және оларды қараусыз қалдыруға жол берілмейді.

Слайд 10

Қорытынды

Профилактикалық препараттар – инфекциялық және иммундық аурулардың ерекше профилактикасына, оларды диагностикалау мен

Қорытынды Профилактикалық препараттар – инфекциялық және иммундық аурулардың ерекше профилактикасына, оларды диагностикалау
емдеуге, басқа да аурулар мен физиологиялық жай-күйлерді иммунологиялық әдістердің көмегімен диагностикалауға арналған, зерттелетін материалда және сыртқы орта объектілерінде инфекциялық агенттер мен олардың антигендерін, антиденелерін, нуклеин қышқылдарын индикациялауға арналған, сондай-ақ дезинфекциялауға, дезинсекциялауға және дератизациялауға арналған препараттар тобы;