Слайд 2Насекомдардың сыртқы құрылысы
Бас және оның қосалқылары
Слайд 3Жоспар
Кіріспе
Негізгі бөлім:
1. Бас және оның қосалқылары
2. Бастың құрылысы
3.
Мұртшалар мен антенналар
4. Ауыз аппараттары
5. Ойындар
6.Сөзжұмбақ
С. Қорытынды
D. Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Слайд 4Кіріспе
Насекомның денесі бас, көкірек және құрсақ деп аталатын 3 бөлімнен, ал
олардың әрқайсысы әр түрлі қосымша мүшелермен жабдықталған бірнеше бунақтардан тұрады.
Слайд 5Негізгі бөлім
Бас және оның қосалқылары
Бас – тканьдері мейлінше тығыздалған және мидың
сауыты болып есептеледі де, өзара бітіскен 5 бунақтан тұрады. Онда симметриялы орналасқан 1 жұп күрделі көз, қарапайым көздер (1...3) және қозғалмалы мұртшалар мен ауыз мүшелері болады.
Слайд 6Бас құрылысы
Бас сауытының өзі бір-бірінен тігіс арқылы ажырайтын бірнеше бөлшектерден құралады.
Бастың алдыңғы жағындағы кеңірек келген маңдай бөлігі үстіңгі жағына қарай төбе, одан соң желке (шүйде) деп аталатын бөлімдермен жалғасады. Маңдайдың төменгі жағында жоғарғы ерінмен шектескен жақтау маңдайшасы орналасады. Бастың қырын жағы шекараларын нақты ажыратуға болмайтын самай (көз үстіңгі жағында орналасқан) және бет (көздің астыңғы жағында) деп аталатын бөліктерге бөлінеді. Бет жоғарғы жақпен жалғасады.
Слайд 8Мұртшалар немесе антенналар
Маңдайдың екі жағында көз аралығында орналасқан, бірнеше буыннан
түрады. Иіс және сезім мүшелерінің қызметін атқарады. Насекомның мұрташаларының құрылысы қандай түрлерге немесе топтарға жататынына байланысты әртүрлі болады. Сондықтан бұл белгі насеком түрлерін анықтау үшін кең пайдаланылады.
Слайд 9 Мұртша құрылысы:
1-жіпшесі
2-аяқшасы
3-тұтқасы
4-мұртша ойысы
Слайд 11Ауыз аппараты
Қоректік заттардың түрлеріне және олармен қоректені тәсіліне байланысты әр түрлі
топқа жататын насекомдардың ауыз мүшелері құрылысы әртүрлі болып келеді.
Слайд 13А.Жоғарғы ерін
Б.Жоғарғы жақ
В.Төменгі жақ
Г.Төменгі ерін
1.Ішкі шайнау қалағы
2.Сыртқы шайнау қалағы
3.Жақ қармалауышы
4.Бағанаша
5.Негізгі буын
6.Тілшік
7.Қосалқы тілшік
8.Ерін
қармалауышы
9.Иек
10.Астыңғы иек.
Слайд 14 Қандаланың шаншып сорғыш ауыз аппараты.
үж – үстіңгі жақ
аж – астыңғы
жақ
ае – астыңғы ерні
үе – үстіңгі ерні
к – көздері
м – мұртшалары.
Слайд 15 Ауыз мүшелерінің сыртқы шығыңқы бөліктерінің орналасуына қарай насекомдардың басын үш типке
бөледі
Слайд 17Ойындар Сұрақ-жауап
Бас бірігіп бітіскен неше бунақтан тұрады?
Бас бөлімінің қосалқылары?!
Мұртшалардың негізгі қызметі?!
Жалап-кеміргіш ауыз
мүшелері қандай насекомдарда кездеседі?
Кеміргіш және сорғыш ауыз аппараттарының құрылысындағы айырмашылықтар?!
Кеміргіш ауыз аппараты неден тұрады?
Сорғыш ауыз аппараты неден тұрады?
Дәуіттің мұртшасы қандай?
Кеміргіш ауыз аппараты бар насекомдар қандай заттармен қоректенеді?
Насекомдардағы жалпы көз саны?!
Слайд 18Фото-жұмбақ
Суреттегі насекомның орысша атауын және мұртша түрін атаңыз
Слайд 19Дәуіттің ауыз аппараты мен мұртшасын атаңыз
Слайд 20Суреттегі орта теңіз эмибінің мұртшасын атаңыз
Слайд 21Суреттегі бәрімізге танымал насекомның ауыз аппаратын атаңыз
Слайд 24Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Тілменбаев Ә.Т.; Жармұхамедова Г.Ә. – Энтомология. Алматы: Қайнар, 1994
А.О. Сағитов;
Н.Ж. Ашықбаев; Б.А. Дүйсембеков; Қ.М. Төлеубаев; Н.С. Мұхамадиев – Жалпы энтомология. Алматы 2012