Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім
– жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады.
Күмісбеков Хамза 1924 жылы ақпан айының 11 жұлдызында Досқұлы жайлауының Қотыршың
деген жерінде дүниеге келген. Коллективизация кезінде Қапал ауданының Ақтұма колхозында болған. Бастауыш сыныпты Ақтұма мектебінде, кейіннен Қоңыр мектебінен 5 сыныптық білім алған.
1942 жылы әскерге шақырылып, Семей қаласында 1,5 ай алғашқы әскери дайындықтан өтеді. Курсты бітіргеннен кейін 125 зак.Стр.плк, 07 ай 1942 – 09 ай 1943 жылға дейін интендантық ротада жүргізуші болып қызмет атқарады.
1944 жылы Украинаның Калинин майданында 56 отд.истрибит.противотанковый артиллериялық бригада жүргізушісі қызметін атқарады. Украинаның бірнеше қалаларын фашистік оккупанттардан босатуға қатысқан. Осы артиллериялық бригаданың құрамында 01-1944 жылдан 04-1945 жылға дейін болып Украинаны фашистерден азат етуге қатысқан..
1947 жылы 2 шілдеде СССР Жоғарғы Кеңесінің бұйрығымен демоблизацияға шығып 30 сәуірде туған жеріне оралған. 1947 жылы 23 майда отбасын құрған.
Соғыстан кейін МТС та Колхозда есепші болып істеген. 1951-1954 жылдары Талғардағы
ауыл шаруашылық мамандарын дайындайтын мектепте оқып агроном мамындығын иеленген. 10 жыл колхозда бригадир, 12 жыл завхоз болып қызмет істедім.
Қазірде 2 ұл, 3 қыз, 16 немере, 35 шөбере сүйіп отырмын. Қазіргі уақытта немересі Күмісбеков Дінмұхамедтің қолында, Қоңыр ауылында тұрады. Дінмұхамед жеке шаруа қожалығының басшысы, әйелі алты баланың анасы.
Үлкен қызым Күмісбекова Гульжамиля Қоңыр ауылдық округінің Көктөбе ауылында жеке шаруа қожалық басшысы, балалы немерелі болып отыр. Үлкен ұлым Күмісбеков Шаяхмет Талдықорған қаласында тұрады. Ардақты әке, сүйікті ата болып отыр.
Кіші ұлым Күмісбеков Серікте Талдықорған қаласында үйлі баранды жоғарғы оқу орнында мұғалім болып істейді. Қалған екі қызым Алматы қаласында тұрады отбасын құрған балалы, немерелі.
Баланың өскен бесігі -кең дүниенің есігі
Ұлым менің ұлықты . . .
Ұлы Серіктің отбасымен
Үлкен ұлы Шаяхмет жарымен
Қызы Гүлжазира
/дүниеден өткен/
Қызы Гүлжахан
/дүниеден өткен/
Қызы Гүлжамиля
Қызым менің қылықты...
Немере ұлы, қамқоршысы Дінмұхамед отбасымен
Сауықтыру орталығында
Көпшілікке игі сөз айтып, бата беру сәті
Мектеп оқушылары арасында
Наградалары мен ордендері
Шөберелерінің жеткен жетістіктері
Астана қаласында аталып өтілген
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойынан естеліктер
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерей тойын бірге қарсы алған майдандастарымен бірге
Ардагер өскелең ұрпақ жадында