Презентации, проекты, доклады в PowerPoint на любую тему

Оспан Айдана срс
Оспан Айдана срс
Фиксация Тіссіз жақтардағы протездердің функционалдық құндылығы бірінші кезекте протездердің фиксациясына , яғни олардың физиологиялық тыныштық жағдайында да және функционалдық қозғалыс кезінде де жақтарда бекінуіне тікелей тәуелді. Протездің бекіту күші ауыз қуысының анатомиялық жағдайына, шырышты қабаттың типіне және қалып алу әдісіне байланысты. Протезді жаққа тұрақтандырудың бірнеше әдісі бар: Механикалық, хирургиялық, физикалық, анатомиялық, биофизикалық, биомеханикалық және физико-биологиялық. Негізгі әдістерге механилалық, физикалық және физико-биологиялық жатады. Ал қалғандары протездердің эффективті фиксациясы үшін қолайлы жағдай жасау мақсатымен ауыз қуысын ортопедиялық емдеуінің дайындығына бағытталған. Механикалық әдіс- ретенция, барлық белгілі әдістердің ішінен кең таралғаны. Бұл әдіс әр түрлі механикалық аспаптардың көмегімен пластиналы протездерді бекітуге негізделген. Бірақ қазіргі таңда бұл әдіс аз қолданылады.
Продолжить чтение