Талшықтылар класының

Содержание

Слайд 2

Талшықтылар — цитоплазманың ұзын және жіңішке өскіншесі болып саналады. Ол, әдетте,

Талшықтылар — цитоплазманың ұзын және жіңішке өскіншесі болып саналады. Ол, әдетте, дененің
дененің алдыңғы жағынан басталады. Талшықтылар класы еркін бөліктен және эктоплазмаға сіңірілген бөлімнен, цилиндр пішінді базальдық денешіктен немесе кинетосомадан тұрады. Кейбір талшықтылардың (лейшмания, трипоносома) талшығының түбінде ерекше органоид-кинетопласт кездеседі, ал кейбіреулерінің талшығы денесін ұзына бойына бойлап өтіп, сыртқа шығып тұрады.

Слайд 3

Цитоплазма онымен жұқа өскінше арқылы жалғанып желпуші жарғақша — (ундилденуші жарғақша)

Цитоплазма онымен жұқа өскінше арқылы жалғанып желпуші жарғақша — (ундилденуші жарғақша) пайда
пайда етеді. Осы жарғақшаның толқынданып желпінуі және талшықтың қозғалуы нәтижесінде олар қозғалады.  Талшықтылар класында көпшілігі гетеротрофты, кейбіреулері автотрофты немесе миксотрофты қоректенеді. Паразит нысаны қоректі денесінің бүкіл бетімен пиноцитоз арқылы сіңіреді; гетеротрофтылардың ас қорыту вакуольдері болады. Бөліп шығару органоиды-жиырылғыш вакуольдері еркін өмір сүретін формаларында ғана кездеседі, ал паразит формалары болмайды. Талшықтылар клсында негізінен бір кейде екі ядро кездесуі мүмкін. Көбеюі жыныссыз жолмен, кейде жыныстық жоддармен де жүреді.

Слайд 4

Алғашқы монадалылар отряды.
Лейшмания  туысы — Laishmania.
Лейшмания трипоносомалылар тұқымдасына жатады.

Алғашқы монадалылар отряды. Лейшмания туысы — Laishmania. Лейшмания трипоносомалылар тұқымдасына жатады. Бұл
Бұл тұқымдастың ерекше белгісі ретінде даму циклінде, қоршаған орта ерекшеліктеріне қарай, бірнеше морфологиялық формалардың түзілуін айтуға болады: трипоносомалық, критидиалдық, лептомонадалық, лейшманиялық (жасуша ішілік) және метациклдік.

Слайд 5

Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро

Трипоносомалық формасының жалпақ, таспа тәрізді денесі болады, оның ортасында сопақша ядро орналасқан.
орналасқан. Талшықтылар класы денесінің артқы жағынан, ядродан кейіндеу, басталады, желпуші перде жақсы жетілген.
Критидиалдық формасының талшығы денесінің ортасынан, ядродан ілгерілеу, басталады: желпуші перде қысқа болып келеді.

Слайд 6

Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған.

Лептомонадалық формасының талшығы денесінің алдыңғы жағының жиегінен басталады, желпуші перде дамымаған. Лейшманиялық
Лейшманиялық (немесе жасуша ішілік) формасының денесі домалақ, ядросы ірі, талшық мүлдем дамымаған не өте нашар дамыған, оның тек базаль денесі ғана болады.
Метациклдік формасы критидиалдық формаға ұқсас, бірақ талшықтың еркін бөлігі дамымаған.
Лейшмания туысының өкілдерінде 2 морфологиялық форма кездеседі: лептомонадалық және лейшманиялық (немесе клеткаішілік).

Слайд 7

Тіршілік циклі қожайын алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда

Тіршілік циклі қожайын алмастыру арқылы жүреді. Лейшманиялық нысаны адамдарда және омыртқалыларда паразиттік
паразиттік тіршілік етеді; лептомонадалық формасы — таратушы насекомдарда кездеседі. Лейшмания тудыратын ауруды лейшманиоздар деп атайды, ол табиғиошақтық, трансмиссивтік аурулар қатарына жатады.

Слайд 8

Лейшманиялар дерматотропты (теріні зақымдайды) және висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды) түрлер деп

Лейшманиялар дерматотропты (теріні зақымдайды) және висцеротропты (ішкі мүшелерді зақымдайды) түрлер деп бөлінеді.
бөлінеді.
Висцералді лейшманиозды қоздырушы — Leishmania donovani. Ол бауыр, көкбауыр, сүйек кемігі жасушаларында, лимфа түишшде, тері астындағы ретикулоэндотелиалды жасушаларда кездеседі. Ол Жерорта теңізі елдерінде, Азия, тропикалық Африка, Оңтүстік Америка, Орта Азия, Кавказ елдерінде таралған.

Слайд 9

Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі сүтқоректілер (иттер,

Даму циклі. Бұлардың резервуарлары болып адамдар және әр түрлі сүтқоректілер (иттер, шиеборілер)
шиеборілер) саналынады. Таратушылары болып үсақ қансорғыш насекомдар-бәкене шыбындар есептелінеді. Лейшмания бәкене шыбынның ас қорыту жолына еніп сілекей безіне өтеді. Ондай шіркей адамды шақса лейшманияның лептомонадалы түрін жұқтырады. Олар қан, лимфа арқылы таралып ішкі мүшелер жасушаларына өтіп лейшманиялық формаға айналады да кобейеді. Бір жасушадағы паразиттер саны 100—200-ге дейін жетуі мүмкін. Олар жасушаны бүзып жаңа жасушаларға отіп отырады.

Слайд 10

Патогендік әсері. Көкбауыр және бауыр мөлшері үлкейіп өседі. Ағзада қаназдылық, әлсіздену,

Патогендік әсері. Көкбауыр және бауыр мөлшері үлкейіп өседі. Ағзада қаназдылық, әлсіздену, жүдеу
жүдеу процестері байқалады. Ауру зілді түрде не созылмалы түрде жүруі мүмкін. Дұрыс емделмесе өлімге алып келеді. Бұл аурумен негізінен балалар жиі ауырады.

Слайд 11

Лабораториялық анықтау — төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің

Лабораториялық анықтау — төс сүйегі кемігінің жағындысын микроскоп арқылы зерттеп, паразиттің лейшманиялық
лейшманиялық түрін табу болып саналады.
Алдын алу шарлары: жеке шаралар — бәкене шыбындардан сақтану; қоғамдық шаралар — табиғи резервуарларды жою; санитариялық-ағартушылық жұмыстар жүргізу, ауруларды емдеу т.с.с.
Имя файла: Талшықтылар-класының.pptx
Количество просмотров: 36
Количество скачиваний: 0