Минералдар
Минералдар бұл табиғи зат, олар химиялық құрамы, және физикалық қасиеттері бойынша ,бір түрлі болып жер қыртысындағы физикалық-химиялық процестердің нәтижесінде пайда болған. Қазіргі күнде 3000-астам минералдар белгілі. Осылардың ішінде құрылысқа керекті тау жыныстарын құрайтын минералдар небәрі 250-300. Осы тау жыныстарын құрайтын минералдардың ішінде басты және екінші дәрежелі минералдар болады. Әрбір тау жыныстарын құрайтын топтың өзіне тиісті минералы бар. Минералдардың көпшілігі кристалдық заттардан тұрады. Олар түзу көпбұрышты болып келеді. Минералдар химиялық құрамы бойынша классификацияланады яғни жіктелінеді. Осылардың ішінде көп таралғаны С.Д.Четвериковтың классификациясы. Бұл классификация бойынша минералдар 10топқа бөлінеді.
Олар төмендегілер: 1.Силикаттар 6.Сульфаттар 2.Карбонаттар 7.Галоидтар 3.Тотықтар 8.Фосфаттар 4.Су тотықтыр 9.Вольфраматтар 5.Сульфидтер 10.Өзінше пайда болатын минералдар
Осы минералдардың ішінде ең көбі – силикаттар. Олар барлық минералдардың 2/3 бөлігін құрайды, яғни жер қыртысының 85% құрайды. Минералдарды бір – бірінен ажырату олардың физикалық қасиеттері бойынша анықталады. Негізгі физикалық қасиеттер бұлар: түсі, қаттылығы, біріктірілгендік(жапсырылып біріктірілген, жалтырақтық сынуы және басқалар). Түс(рең). Минералдардың түсі олардың химиялық құрамына байланысты болады, бірақ, кейбір кезде олардың түсі минералдардың ішіндегі қоспағабайланысты өзгеріп тұрады. Минералдар түсі бойынша төмендегі 2 негізгі топқа бөлінеді: 1.Ақшыл минералдар, бұларға түссіз (реңсіз), ақшыл түстілер, ақ, боз, сары, қызғылт түсті минералдар. Мысалы – кварц, гипс, кальциттер. 2.Күңгірт минералдар, бұларға аз мөлдірлі – қара, қара - жасыл, қара – бозғылт, сары – құба минералдар. Мысалы: роговая обманка(мүйізді алдаушы). Қаттылық. Қаттылық бұл бір минералдың екінші минералды сызу қабілеті арқылы анықталады.Минералдардың қаттылығы алдын-ала белгілі минералдық қаттылығымен салыстыру арқылы анықталады. Қаттылықты анықтағанда Маос шкаласынан пайдаланылады