Табиғи тас құрылыс материалдары
Табиғи тас материалдарын пішініне қарай төрт түрге бөлуге болады:
дара тастар (қабырға, жол); 2) плиталар (қаптама, еден, жаяужол, шатырлық, жабын плиталары, қоршау плиталары); 3) құм, қиыршықтас, ірі құм, жұмыр тас, қойтастар; 4) сəулет-құрылыс бөлшектері (колонналар, жақтаулар, ернеулер, басқыштар, терезе алды тақтайы, алауошақ сөрелері, үстелдің үстіңгі тақтайы жəне т.б.). Дара тас жəне плиталар өндіру барысында тікелей карьерден, не
карьерде өндірілген блоктарды тас өңдеу кəсіпорындарында кесу
арқылы алынады. Сəулет жəне құрылыс бөліктері кəсіпорындарда
жасалады, ал бос материалдар карьерлерде жиналады.
Тас материалдарының түрлері Жарылыс əдісімен алынатын немесе жыныстан қашау арқылы алынған өңделмеген тастар мен плиталар шойтас деп аталады. Қабатты тастарды (əктастар, құмтастар, гнейстер) игеру кезінде шойтастар төсемелі (тегіс) болып шығады, ол
қабырғалар мен іргетастар үшін өте қолайлы.
Қ а п т а м а п л и т а л а р гранит, сиена, лабрадорит, кварц, мəрмəр, əктас, құмтастан жəне басқа жыныстардан жасалады. Құйылған жыныстар мен кварциттан жасалған бұйымдар ауа райына өте төзімді, бірақ олар қаттылығына байланысты ауыр өңделеді, сондықтан қымбат тұрады. Олар негізінен ғимараттардың цокольдері
мен қасбеттері үшін пайдаланылады, ал үй-жайлар ішінде жұмсақтау тастар (мəрмəр, əктас) қолданылады жəне олардың өңделуі арзанға шығады. Кварц Лабрадор Мрамор Гранит Сиена