Презентации, проекты, доклады в PowerPoint на любую тему

Репаративтік регенерация
Репаративтік регенерация
Тұрғындардың жарақаттарының структурасында сүйек сынықтары 18% құрайды. Оларды емдеудің жалпы ұзақтығы барлық жарақаттардың ішінде 40% құрайды. Сынықтарды емдеудің әр түрлі әдістеріндегі сүйек тінінің репаративтік регенерациясы. Сүйектердің бүтіндігін қалпына келтіру медицинада ежелгі проблеманың бірі болып табылады. Регенерацияның теориялық негіздерін бірінші болып Морган 1901 жылы құрастырды. Ол регенерацияның екі тәсілін анықтады: Сынықтарды емдеудің әр түрлі әдістеріндегі сүйек тінінің репаративтік регенерациясы . Морфолаксис – дененің жарақаттанған бөлігінің қалған культядан өсу арқылы толық қалпына келуі. Регенерацияның бұл түрі амебаларда, инфузорияда және басқаларда болады. Оларда дененің бөлігінен толық организм қалпына келеді. Эпиморфоз – жаралық беттердің бітуі арқылы болатын регенерация. Регенерацияның бұл түрі амфибияларға, рептилияларға, сүт қоректілерге және адамға тән. Морфолаксис тәсілімен регенерация оларда жойылған.
Продолжить чтение