Паразиттер
Паразитизм (гр. parasіtos – арамтамақ) Паразит организмнің сыртында тіршілік етсе эктопаразит, ал ішкі органдар мен тін, ұлпаларда тіршілік етсе эндопаразит деп аталады. Паразитизм вирустар мен бактериялардан бастап, өсімдіктер арасында да, жануарлар арасында да кездеседі. Сондай-ақ, түгелімен паразиттерден ғана тұратын «кластар» мен «отрядтар» бар. Мысалы, қарапайымдардан споровиктер, жалпақ құрттардантрематодалар моногенеялар, цестодалар, жәндіктердің ішінде бургелер мен биттер, т.б. Зиянкестер адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктердізақымдайтын жәндіктер имен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орманжәне ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т.б.) жатады. Ауыл шаруашылығы зиянкестері – егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттарнематодтар, т.б. жатады.