Қазақстандық құқық негіздері

Слайд 2

Құқықтық тәрбие дегеніміз құқықтық білімдерді, құқықтық тәжірибені, құқықтық мәдениет пен қоғамның құқықтық

Құқықтық тәрбие дегеніміз құқықтық білімдерді, құқықтық тәжірибені, құқықтық мәдениет пен қоғамның құқықтық
мұраттарын бір ұрпақтан екінші ұрпаққа беру жөніндегі мақсатты қызмет болып табылады. Құқықтық тәрбиенің мақсаты – жекелеген адамның да, тұтастай қоғамның да құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін қалаптастыру.

Слайд 3

Жеке тұлғаны құқықтық әлеуметтендіру ісіндегі құқықтық тәрбие маңызының көрсеткіші Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың

Жеке тұлғаны құқықтық әлеуметтендіру ісіндегі құқықтық тәрбие маңызының көрсеткіші Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың
бастамасы бойынша ҚР мемлекеттік егемендігі қалыптасуының алғашқы жылдарында-ақ «Қазақстандағы оқушы жастардың құқықтық тәрбиесінің тұжырымдамасы» болды (Ел Президентінің 1995 жылғы 21 маусымдағы Жарлығымен бекітілген). Тұжырымдамада құқықтық тәрбиенің басты мақсаты ретінде «жоғары құқықтық сананы және заңдарды құрметтеу дәстүрлерін», «заңды саналы түрде құрметтеуді және оны өмірлік тәжірибеде белсенді пайдалана білуді»
қалыптастыруды белгіледі.

Слайд 4

Жоғары оқу орнындағы құқықтық тәрбиенің мақсаты таңдап алынған еңбек қызметіне даярлау үрдісінде

Жоғары оқу орнындағы құқықтық тәрбиенің мақсаты таңдап алынған еңбек қызметіне даярлау үрдісінде
құқық бұзушылықтардың алдын алу және арнаулы құқықтық білімдерді беру ғана емес, сонымен бірге жеке тұлғаның дүниетанымын, оның адамгершілік-құқықтық сапаларын, атап айтқанда: адамның жоғары азаматтылығын, оның жалпы құқықтық мәдениетін және әлеуметтік белсенділігін қалыптастыру болуға тиіс.

Слайд 5

Конституция күніне арналған өз сөзінде
Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей:
«Біздің ортақ парызымыз

Конституция күніне арналған өз сөзінде Н.Ә. Назарбаев атап көрсеткеніндей: «Біздің ортақ парызымыз
– негізгі заңға ұқыпты қарау, оны өз Отанымызды, өз Тарихымызды құрметтегендей құрметтеу». Бұл Қазақстан Республикасының Конституциясын, ҚР негізгі конституциялық құқықтарын және адам мен ҚР азаматының міндеттерін, әумесерлік мінез-құлық салдарынан жеке тұлғаның құқықтық жауапкершілігі мәселелерін зерделеуді көздейді.

Слайд 6

Аталмыш жинақ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары әзірлеген мақалалардан құрастырылған, оларда құқықтық

Аталмыш жинақ Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінің оқытушылары әзірлеген мақалалардан құрастырылған, оларда құқықтық
мемлекет және азаматтық қоғам туралы, Қазақстан Республикасы азаматтарының конституциялық құқықтары мен бостандықтары, құқық бұзушылықтар және құқықтық жауапкершілік түрлері туралы, сондай-ақ еңбек, отбасы негіздері және заңнаманың басқа да түрлері туралы мағлұмат беріледі. Олар кураторларға «Қазақстандық құқық негіздері» тақырыбы бойынша кураторлық сабақтарды дайындау және өткізу кезінде кураторларға ақпараттық көмек көрсетеді.
Имя файла: Қазақстандық-құқық-негіздері.pptx
Количество просмотров: 42
Количество скачиваний: 0