Айнозой кезеңіндегі жердің жағдайы
Кайнозой, кайнозой эрасы, кайнозой эратемасы (грек. kaіnos – жаңа, zoе – өмір) – Жердің геологиялық дамуының соңғы 65 млн. жылын қамтитын уақыт мерзімі және соған сәйкес келетін тау жыныстарының қабаты. Кайнозой эрасы төменнен жоғары қарай палеоген, неоген және төрттік кезеңдеріне бөлінеді (кестені қ.). Кайнозой эрасында құрлықтар, олардың жер бедері осы күнгі қалыпқа келді. ПАЛЕОГЕН ДӘУІРІ Палеоген дәуірі осыдан 65 млн жылдай бұрын басталып, 23 млн жыл шамасы бұрын аяқталған, яғни 42 млн жылға созылған. Жеке бөліктеме ретінде палеогенді 1866 жылы К. Науманн бөлген.Осы кезеңге дейін аммониттер, белемниттер, рудистер, иноцерамдар, сонымен қатар ихтиозаврлар, плезиозаврлар, динозаврлар мен мезозой жорғалаушыларының бірқатар тобы толығымен жойылған. Олардың орнын тез дами бастаған сүтқоректілер басады.