Қазақстанның тарихи жерлері

Содержание

Слайд 2

Белгілі де зерттелген петроглифтердің бірі Тамғалы болып саналады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан

Белгілі де зерттелген петроглифтердің бірі Тамғалы болып саналады. Тамғалы шатқалы Алматы қаласынан
солтүстік-батысына қарай 170 км, Алматы облысының Шу-Іле тауларының оңтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Петроглифтер мерзімі б.э.д ХIY ғ., б.э YI -YIII ғасырлар аралығы, яғни қола дәуірден түркі халықтарының Ұлы даланы жаулап алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Петроглифтер кең аймақта жайғасып, өлшемі 3 км х 10 км құрайды.
Олардың ең маңызды бөлігі 250 м х 500 м, онда 2 000 петроглифовтер бар, жалпы Тамғалыда 5 000 суреттей бар.
Тамғалы – Балқаш бассейні аймағында Семиречьядағы 50 орталықтардың бірі Орталық Азия аясында ғана емес әлемдік масштабта ауқымдылығын таралды. Тамғалы петроглифтері сұлулығымен, кеңістік көрінісінде ежелгі адамның әлемді тануын білдіртеді.
2004 жылы Тамғалы археологиялық петроглифі Юнеско Әлемдік мұралар тізімі енген.

Тамғалы тас

Слайд 3

Көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің

Көне қорымдар тобы, сақ дәуірінің аса ірі ескерткіші. Алматы облысы Іле өзенінің
жағалауынан 3 км жерде, Желшағыр тауының бөктеріндегі Шылбыр қойнауында. Бесшатыр Қорым құрамында үлкенді-кішілі 31 оба бар. Олар батыстан шығысқа қарай 1 км, солтүстіктен оңтүстікке қарай 2 км болатын алқапты алып жатыр. 21-і таспен, ал 10-ы қиыршық тас араласқан топырақ үйінділермен жабылған. Қорым шартты түрде екі бөлікке (солтүстік және оңтүстік) бөлінеді. Солтүстік топқа Бесшатыр зиратының ең үлкен 2- және 3-обалары кіреді. Үлкендерінің диаметрі 45 м-ден 105 м-ге дейін, биіктігі 6 — 17 м-ге дейін, тиісінше орташаларынікі 25 — 38 м, 5 — 6 м, кішісінікі 6 — 18 м, 0,8 — 2 м. Ескерткіштердің көлеміне қарай жіктелуі ежелгі Бесшатыр тұрғындарының әлеуметтік даму деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.  

Бесшатыр

Слайд 4

Сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар) Алматы облысы Еңбекшіқазақ

Сақ дәуірінен сақталған ескерткіш. (б.з.б. 5 — 4 ғасырлар) Алматы облысы Еңбекшіқазақ
ауданының орталығы Есік қаласының маңында, Есік өзенінің жағалауында орналасқан. Бұл маңдағы сақ дәуірінен сақталған обалар бірнеше топқа бөлінеді. Мұның ішінде ең көрнектісі - үлкен Есік қорымы. Қорым құрамында солтүстіктен оңтүстікке созыла ауданы 3 км² жерді алып жатқан 45 топырақ (диаметрі 30 - 90 м, биіктігі 4 - 15 м) оба бар. Арасынан алты үлкен оба қазылды, бұлардың қатты тоналған үшеуінен заттай дерек кездеспеген. Төртіншісінен үлкен төртбұрышты қабір ішіне басын батысқа қарата бірге жерленген екі адамның мүрдесі, темір түйреуіш, көптеген алтын жапсырмалар табылды. Есік обасы біздің заманымыздан бұрын V-IV ғасырларда өмір сүрген сақ тайпаларының тарихы мен мәдениетінен хабар беретін аса көрнекті ескерткіш. Обадан табылған 4 мыңнан астам бұйымдардың көбі алтыннан жасалған. Ал алтыншы оба — әлемдік маңызы бар “Алтын адамның” табылуы себепті ғылым мен мәдениетке “Есік обасы” деген атпен енді. Сақ ханзадасы диаметрі 60 м, биіктігі 6 м обаның астындағы шырша бөренелерден жасалған ағаш қабірге қойылған.

Есік обасы

Слайд 5

Есік қорғаны

Слайд 6

Түркістан – ОҚО-ның құрамына кіретін тарихи қала, діни туризм орталығы. Ол өзінің 1500-жылдық

Түркістан – ОҚО-ның құрамына кіретін тарихи қала, діни туризм орталығы. Ол өзінің
көне тарихымен танымал.
Бұл қала түркі тілдес халықтардың рухани орталығы, Қазақ хандығының саяси астанасы болған. Қала өзінің XV ғасырда Қ.А.Йасауиға арнап тұрғызылған кесенесімен әйгілі. Жыл сайын осында бүкіл Қазақстаннан, Орта Азиядан келетін мыңдаған мұсылмандар келеді, және олардың айтуынша, бұл кесенеге үш рет келу кіші қажылықпен пара-пар екен. Сонымен қатар, Түркістан туристерді көптеген тарихи орындарымен тартады. Бұл жердің аса қызықты археологиялық ескерткіштері ежелгі қала Отырардың гүлденген кезеңіне жатады, бұл ескерткіштер Отырар оазисі тарихи-мәдени қорығының құрамына енгізілген.  Сонымен қатар, моңғол шапқыншылығы кезінде Отырар қаласының ерлікпен қорғануын түрлі экспонаттармен көрсетіп сипаттайтын тарихи мұражай бар. XII-XX ғасырлар ескерткіші, Қожа Ахмет Йассауидің ұстазы Арыстан-баб кесенесін де барып көруге тұрарлық көрнекті орындардың бірі.

Түркістан қаласы

Слайд 7

Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе

Отырар - Қазақстанның орта ғасырлардағы әйгілі қалаларының бірі. Қаланың қалдығы Отырар төбе
деген атпен белгілі, қазіргі Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданының Шәуілдір елді мекенінің жанында орналасқан. Отырар қаласы туралы көптеген саяхатшылардың жазба деректерінде айтылады. Ежелгі Отырар шұраты Оңтүстік Қазақстан облысы Отырар ауданында орналасқан. Оның жері Сырдарияның орта ағысы тұсындағы жағаларында орналасқан. Орта Сырдарияның алқабы, Тұран ойпатының бір бөлігі, Қызылқұм-Ортасырдария жазығына кіреді. Шұраттың негізгі су көздері Арыс пен Сырдария.
Отырар, ортағасырлық ұлы ойшыл Әбу Насыр әл-Фараби туған аймақ астанасы ретінде кеңінен танымал. Отырар орнында елдімекеннің пайда болуы біздің дәуіріміздің бірінші ғасырларына сәйкес келеді. Алғаш рет «Отырар» және «Фараб» атаулары жазба деректерде б.д. IX ғ. кездеседі. X-XII ғғ. кезеңі, моңғол шапқыншылығы тамырын шапқан қалалық өмірдің гүлдену кезеңі болды. 1219 жылы Отырар Шыңғысхан әскерінің соққыларынан құлады. Алайда, Отырар қайта түлеп, XIII ғасырдың ортасында Батыс пен шығыс арасындағы жолда ірі сауда орталығына айналды. 1405 жылы Отырар сарайларының бірінде Темірлан қайтыс болады. Отырардағы өмір XVIII ғасырға дейін жалғасты. Қалажұрттың жалпы сипаты Қазақстан мен Орта Азиядағы ортағасырлық ескерткіштердің көпшілігінің сипатына тән.

Отырар қаласы

Слайд 8

Ақкесене мұнарасы төменгі Талас ауданында орналасқан. Қазақстан тарихында осы күнге дейін сақталған

Ақкесене мұнарасы төменгі Талас ауданында орналасқан. Қазақстан тарихында осы күнге дейін сақталған
Қыпшақ дәуірінің есерткіші. (XIII-XVII). Жедел континенттегі ауа райы осы аймаққа тән, сол себепті де мұнараның негізгі келбеті сақтала қоймаған, осы соңғы он жылда ескерткіш тіптен мүжіле түсті, және жедел жөндеу жұмыстарын керек етті.
Мұндай ескерткіштер республика аймақтарында аз екенін ескере отырып, оны сақтап қалу мақсатындағы жөндеу жұмыстары өте қажет еді. Оның барлық сырт келбетін ғылыми негіздеу есерткішті кешенді зерттеуден өткізгенде ғана мүмкін екендігі анықталды. 10-12, 17 ғ.ғ. (археологиялық, сәулет) ауылдан солт-батысқа қарай 35 шақырымда, а. солт-батысқа қарай 21 шақырымдағы шөл далалы мекендегі кеуіп кеткен каналдың жағ. орналасқан. 1896 ж. Материктік сары топырақта іргетассыз бекіністің салынғаны анықталды. Бұрыштарымен жарық жағына қарай бағытталған, бұрыштарында мұнаралары бар, биіктігі 2,5-3 м. пасхалы қабырғалармен қоршалған тік бұрышты (21 х 22 м) алаңқай, Ақ Кесене деген атымен белгілі шығыс мұнара дөңгелектеу келген, диаметрі 11 м іргедегі 14 м биіктіктегі сақталған пішінмен бөлінген; тік қимада конус тәріздес пішінге ие. Баспалдақтар мен жоғарыға қарай шығатын бұранда пішінді сатының сыртқы жиынтықтарының қалдықтары сақталған.

Ақ Кесене

Слайд 9

Тараз - 2000 жыл Тарихы тереңде қалалардың көшін Тараз қаласы бастайды. Орта ғасырлардан

Тараз - 2000 жыл Тарихы тереңде қалалардың көшін Тараз қаласы бастайды. Орта
бері Тараз деген атауымен әйгілі қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997 жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Көне Тараз шаһары Ұлы Жібек Жолыны бойында айрықша орны бар қалалардың бірі. Қарахан мемлекеті тұсында гүлденіп, мәртебелі қала статусына көтерілді. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң, Жамбыл облысының әкімшілік орталығына айналды. Былтыр Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойы қасиетті, тарихи, көне шаһар Таразда тойланып өтті. 

Тараз қаласы

Слайд 10

Құлан - шамамен 1400 жылдай
Құлан орта ғасырдағы (VII-XIIғ.) шағын қаланың орны. Жамбыл облысындағы

Құлан - шамамен 1400 жылдай Құлан орта ғасырдағы (VII-XIIғ.) шағын қаланың орны.
Тұрар Рысқұлов ауданының орталығы Құлан ауылы. Қала туралы алғашқы тарихи деректер VII ғасырдан бастап белгілі. Саяхатшылар Ибн Хордадбек, Құдам қолжазбаларында Құлан Тараз қаласының шығысына таман, Ұлы Жібек жолындағы қала деп көрсетіледі. Әл-Макдиси Құланды 10 ғасырда былай сипаттады: «Күмбезді мешіті бар, мықты қоршалған қамал. Бұл үлкен Тараз жолының бойында орналасқан бекіністі қала». 1963—65 ж. Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының археологиялық экспедициясы зерттеп, қазіргі Тұрар Рысқұлов ауданындағы Құлан ауылы маңындағы төбе-төбе үйінділерді ежелгі Құлан қаласының орны деген қорытындыға келді.

Құлан

Слайд 11

Алматы – 1000 жыл Археологиялық зерттеулер VII-IX ғасырларда қазіргі Алматы қаласының территориясында

Алматы – 1000 жыл Археологиялық зерттеулер VII-IX ғасырларда қазіргі Алматы қаласының территориясында
бірнеше елді мекендердің болғанын, олардың IX-X ғасырларда қалашықтарға айналғандығын көрсетеді. Ең ірісі бұрынғы шекара училищесіне жақын, қаланың оңтүстік бөлігінде орналасқан. Ол жерден қыштан жасалған ыдыс-аяқ, қола және темірден жасалған бұйымдар табылды. 1980 жылы Байпақов К.М. бастаған археологтар ортағасырлық ұстахана орнындағы қазба жұмыстары кезінде крицилерді – темір дайындамаларын, балталар жиынтығын және ортағасырлық домна пешін табады.

Алматы

Слайд 12

Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығы
Қорғалжын қорығы Астана қаласының оңтүстік-батысына қарай 130 шақырым жерде

Қорғалжын мемлекеттік табиғат қорығы Қорғалжын қорығы Астана қаласының оңтүстік-батысына қарай 130 шақырым
орналасқан. Қорықтың басты мақсаты – табиғи комплексті қорғау және табиғатты аялау ниеттерін халыққа жеткізу. Қорық Қорғалжын шұңқырында орналасқан. Оның ауданы 259,9 мың гектарды құрайды, оның 198 мыңы акватории. Жалпы айтқанда қорық аумағы бұл екі үлкен көл: Теңіз және Қорғалжын. Теңіз көлінің ұзындығы 85 км, ені 35 км. Судың минералдығы 5-6 рет Әлем теңізінен артық. 2000 жылдан бастап «Тірі көлдер» ұйымына кірді. Жазда көл бетінде аққу, қаздар мен үйректер қалқып жүреді. Қорғалжын қорығында мекендейтін және Қызыл Кітапқа енгізілген құстардың 32 түрі бар. Жан-жануарлардың түрі 40-тең. Мұнда жабайы қабандар, ақ бөкендер, борсықтар бар. Қорғалжын қорығы Әлемдегі ерекше бақылауды талап ететін

Қорғалжын қорығы

Имя файла: Қазақстанның-тарихи-жерлері.pptx
Количество просмотров: 191
Количество скачиваний: 2