Тұғыры биік-Тарбағатай
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан,батырларымыз қасық қанын төгіп,қасиетті жерімізді келер ұрпаққа мұра ретінде қалдырып кетті.Сол себепті өз туған жерімізді қорғау,жақсы көру парыз болып табылады.Әрқайсымыздың жүрегімізде өз отанымызға деген махаббат,патриоттық сезім болуы тиісті.Міне менің жобамның өзектілігі осы жерде.Бүгінгі ұрпақ санасына патриотизмді,ұлт жандылықты,өзінің кіші отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.Егер менің жобамдағы тарихи мағұлматтармен мұғалімдер,оқушылар танысатын болса,мәдени құндылықтары,рухани дүниетанымдары нығайып,өз туған жеріне деген қызығыушылығы артатын еді.Бұл жобаның мақсаты тек өткенін ғана білгізу емес,рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн.Өткенін білмей қазіргісі мен болшағын бағалау мүмкін емес,қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділгі орасан зор маңызға ие.«Тарихсыз-халық жоқ» деген нақыл бекерге айтылмаса керек.Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана,мәдениет,дәстүр,ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады.Өз тарихын білу болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңнен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.Шығыс Қазақстан жастары өзінің туып-өскен жерлерін тарихын білу парыз болып табылады.Сол себепті әр өңірдің жастары өз туған жер насихаттауға міндетті. Зерттеу жұмысының мақсаты:
Ауданның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып,еліміздің даму тарихы туралы,тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін,зерделеу Тарбағатай ауданының тарихын зерттеп,көпшілікке таныстыру. Өскелең ұрпақтың санасына патриотизмді қалыптастыру. Оқушыларды туған еліне,жеріне қызығушылығын арттыру. Жас ұрпақтың кіші отанына деген мақтаныш сезімін дамыту.