Тұғыры биік-Тарбағатай

Содержание

Слайд 2

Зерттеу жұмысының өзектілігі:
Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан,батырларымыз қасық қанын төгіп,қасиетті

Зерттеу жұмысының өзектілігі: Ұрпақтан ұрпаққа мұра болып келе жатқан,батырларымыз қасық қанын төгіп,қасиетті
жерімізді келер ұрпаққа мұра ретінде қалдырып кетті.Сол себепті өз туған жерімізді қорғау,жақсы көру парыз болып табылады.Әрқайсымыздың жүрегімізде өз отанымызға деген махаббат,патриоттық сезім болуы тиісті.Міне менің жобамның өзектілігі осы жерде.Бүгінгі ұрпақ санасына патриотизмді,ұлт жандылықты,өзінің кіші отанына деген сүйіспеншілігін арттыру.Егер менің жобамдағы тарихи мағұлматтармен мұғалімдер,оқушылар танысатын болса,мәдени құндылықтары,рухани дүниетанымдары нығайып,өз туған жеріне деген қызығыушылығы артатын еді.Бұл жобаның мақсаты тек өткенін ғана білгізу емес,рухани дүниесін қалыптастыру екенін айта кеткен жөн.Өткенін білмей қазіргісі мен болшағын бағалау мүмкін емес,қоғамның дұрыс бағытта дамуы үшін азаматтардың тарихи сауаттылығы мен белсенділгі орасан зор маңызға ие.«Тарихсыз-халық жоқ» деген нақыл бекерге айтылмаса керек.Тарихи зерделеу арқылы тарихи сана,мәдениет,дәстүр,ұрпақтар сабақтастығы қалыптасады.Өз тарихын білу болып жатқан оқиғаларды жан-жақты әрі тереңнен көре білу қасиетін дамытады және болашаққа дұрыс қадам жасауға жәрдемдеседі.Шығыс Қазақстан жастары өзінің туып-өскен жерлерін тарихын білу парыз болып табылады.Сол себепті әр өңірдің жастары өз туған жер насихаттауға міндетті.

Слайд 3

Зерттеу жұмысының мақсаты:

 

Ауданның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып,еліміздің даму тарихы

Зерттеу жұмысының мақсаты: Ауданның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып,еліміздің даму тарихы
туралы,тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін,зерделеу
Тарбағатай ауданының тарихын зерттеп,көпшілікке таныстыру.
Өскелең ұрпақтың санасына патриотизмді қалыптастыру.
Оқушыларды туған еліне,жеріне қызығушылығын арттыру.
Жас ұрпақтың кіші отанына деген мақтаныш сезімін дамыту.

Слайд 4

Тасына тарих тұнған-Тарбағатай

Шыңғыс хан 1206 жылы Найман хандығын талқандап, қалың елді өз

Тасына тарих тұнған-Тарбағатай Шыңғыс хан 1206 жылы Найман хандығын талқандап, қалың елді
мекендерінен ығыстырып, Күшлік хан Ертіс даласына, Жетісу аумағына ауа қашып кеткеннен кейін, 1207 жылы жаулап алған жерлерін балаларына үлестіріп бергені белгілі. Сол кезде Шыңғыс ханның екінші ұлы Үгедейдің ұлысына енген Зайсан көлі мен Тарбағатай және Жетісу аумағы болатын. Тарбағатай тауының Барқытбел деген төл атауының өзгеруі де моңғол тіліндегі суырлы тау (тарбаға – суыр, тай – тау) деген ұғымға байланысты туындаған. Қазақ елін қансыратып кеткен ең сұрапыл соққы Жоңғар шапқыншылығы екені белгілі. 1661 жылдан 1727 жылға дейін созылған бұл заманның Тарбағатай тасына сіңіп кеткен зар мен мұңы бүгінгі күнге дейін ұмытылмайды. Жоңғар шапқыншылығының қысымына шыдамаған Тарбағатай наймандарының көбі Балқаш көлі мен Жетісу, Сыр аумағына қоныс аударуға мәжбүр болды. Жоңғармен соғыс кезінде атақ-даңқы бүкіл қазаққа тараған Қабанбай батыр, Боранбай би, Орақбай батыр сияқты аты аңызға айналған бабаларымызды, олардан кейінгі бүкіл найманның Шәкісі атанған Шәкі биді, кезінде әулие­лігімен, емшілігімен елдің есінде қалған Ырғызбай (Ырғыз ата) сияқты тарихи тұлғаларды Тарбағатай халқы ауыздарынан тастамай, мақтан етеді.

Слайд 5

Тарбағатай ауданының құрылуы.

1868 жылы Ресей императоры Александр ІІ «Орал, Торғай, Ақмола және

Тарбағатай ауданының құрылуы. 1868 жылы Ресей императоры Александр ІІ «Орал, Торғай, Ақмола
Семей облыстарын басқару жайлы Уақытша Ереже» Жарлығына қол қойған сәттен бастау алады. Міне, сол уақыттан бастап, кейінгі тәуелсіздік дәуірінің алғашқы жылдарына дейін Ақсуат аймағы Семей облысына қарасты болып келді.Тарбағатай ауданы 1928 жылы құрылды.Осы жылдың 13 маусым күні Семей округтік партия комитетінің жеделхаты негізінде Зайсан уездік партия Комитетінің бюросы шақырылып, онда жаңадан құрылған Тарбағатай аудандық партия бюросының құрамы бекітіледі. Осы аудандық Кеңес атқару комитетінің шешімімен аудан орталығы –«Культпункт» -Ақжар деп бекітіледі. Сол кездегі аудан халқының саны- 32185 адам болса, оның 31648-і қазақ, 499-ы орыс, 38-і басқа ұлт өкілдері болғанҚазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы мамыр айындағы Жарлығымен Республикамыздағы әкімшілік жұмыстардың өзгертілуіне байланысты Ақсуат ауданы таратылып Тарбағатай ауданының аумағына енгізіліп Тарбағатай ауданы деп аталды. . 59 мың халқы бар облыстағы ең үлкен аудандар қатарында, оннан астам ұлт өкілдері мекендеген Барқытбел баурайы жыл сайын жаңаруда. Қазіргі таңда ауданда 17 ауылдық округ, 65 ауылдық елді мекен бар.

.

Слайд 6

Тарбағатай ауданына географиялық сипаттама

Ауданның климаты өте континентті. Климаттың континенттігі ауданның көп жерінде

Тарбағатай ауданына географиялық сипаттама Ауданның климаты өте континентті. Климаттың континенттігі ауданның көп
температураның тез ауытқуынан, ауаның құрғақ болып, жауын – шашынның аз жауатындығынан байқалады. Аудан климатының мұндай болу себебі – оның мұхиттар мен теңіздерден өте алыс қашықтықта орналасуына байланысты. Сондай-ақ, климатқа аудан территориясының және көршілес жатқан аймақтардың жер бедеріде әсер етеді. Ауданның жазы ыстық, қысы суық, қаңтардың орта температурасы – 22 С, - 30С, шілдеде + 25 С, + 35 С. Жылдық жауыннын орта мөлшері 200-300 мм. Жауын шашынның көбі қыста түседі. . Тарбағатайда бірнеше топырақ пен өсімдіктер белдеулері бар 1400 м биіктікке дейін таулы қызыл-қоңыр, таулы қара топырақтарда бозды бетегелі дала зонасы, одан жоғары /1400-1700 м/ қара топырақ тәрізді шымды-шалғындық топырақтарда суальпілік және альпілік шалғындар өскен таулы зонасы бар. .Ауданда жануарлар дүниесінен қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, ақ құлақ борсық, қос аяқ, суыр, елік, тиін, қоңыр аю, арқар, сілеусін бар.Ауданның далалы өңірінде елік, дуадақ, тырна, безгелдек, торғай, қараторғай, сарышұнақ, дала тышқаны, қос мекенділер мен бауырмен жорғалаушылардың төрт түрі – жасыл бақа, тас бақа және дала сұр жыланы, секіргіш кесіртке кездеседі.Ауданның таулы өнірін қасқыр, түлкі, қарсақ, сасық күзен, борсық, қосаяқ, суыр, қоңыр аю, арқар, сілеусін мекендейді. Аудан жерінде Тарбағатай тауларынан басталып, Зайсан көліне қарай ағатын Боғас, Базар, Қарғыба, Тебіске, Терісайрық, Тайжүзген, Уласты, Қандысу Құсты өзендері бар. Зайсан көлі Оңтүстік Алтай мен Тарбағатай жоталары арасындағы ойыста жатқан тущы көл.Ұзындығы 100 км-дей, ені 30км-дей, ауданы 1800 шаршы км, жағасы көп жерінде жайпақ.Көлде балықтардың 23 түрі бар, оның 17-сі кәсіптік балықтар. Көлде балықтардың бежіре, ақ балық, таймен, шортан, аққайран, сазан т.б балықтар ауланады. Тарбағатай тауының ұзындығы 300 шақырымға жетеді. Ені 30-50 шақырым шамасында. Ең биік шыны «Тастау» 2991 м.

Слайд 7

Тарбағатай ауданының экономикасы

Экономиканың негізгі бағыттары: ауыл шаруашылық өндірісі.Өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлері:

Тарбағатай ауданының экономикасы Экономиканың негізгі бағыттары: ауыл шаруашылық өндірісі.Өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің негізгі
ет,тоңазытылған немесе мұздатылған балық, ұн, тауарлық бетон. 2011 жылғы 1 қаңтарға ауыл шаруашылық тауар өндірушілерінің нақты бары: 16 ауыл шаруашылық кәсіпорны, жұмыс істеп тұрған 1981 жеке кәсіпкерлер мен шаруа қожалығы, жұртшылықтың 10,7 мың жеке меншік қосалқы шаруашылығы.2010 жылдың егініне себілген ауыл шаруашылық дақылдарының егістік алқабы 7,6 мың гектарды құрады, соның ішінде дәнді дақылдар – 2,9 мың гектарды, дәнге күнбағыс -0,2 мың гектарды, картоп - 0,6 мың гектарды, көкөністер - 0,2 мың гектарды алды.2010 жылы 4,8 мың тонна астық, 0,1 мың тонна күнбағыс, 6,1 мың тонна картоп, 2,7 мың тонна көкөніс дақылдары, 18,9 мың тонна ет (тірідей салмақта), 56,5 мың тонна сүт, 2723,5 мың дана жұмыртқа, 0,6 мың тонна жүн өндірілді.2011 жылғы қаңтардың басына ірі қара мал саны 92,2 мың басты, қой мен ешкі – 346,9 мың басты, жылқы – 19,0 мың басты, құс – 22,4 мың басты құрады. 2010 жылдың ірі және орта кәсіпорындар қызметкерлерінің тізімдік саны орташа алғанда 5362 адамды құрады, олардың орташа айлық атаулы жалақысы 44316 теңгені құрады.2010 жылы өнеркәсіп өнімінің көлемі 570,2 млн. теңгені құрады(жедел деректерi).2010 жылы бөлшек сауда тауар айналымының көлемі 2560,0 млн. теңге мөлшерінде қалыптасты.2010 жылы аудандағы ірі және орта кәсіпорындар мен ұйымдардың салық салынғанға дейінгі 53,2 млн. теңге пайда алынды.

Слайд 8

Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытудың   іс –шара  жоспарына сай, 2017 жылы ауданда  шағын

Ауданда шағын кәсіпкерлікті дамытудың іс –шара жоспарына сай, 2017 жылы ауданда шағын
және орта кәсіпкерлікті дамыту,  шаруашылықтарын кеңейтіп, мүліктерін  жаңартуға және сауда орындарын жасақтауға қажетті де қолайлы жағдайлар жасалды.Аудан бойынша 2830 жұмыс істеп тұрған  шағын кәсіпкерлік субъектілері  тіркелген. Оның ішінде:  83 заңды тұлғалар,  837 жеке кәсіпкерлер,  1910  шаруа қожалықтары. Былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда жұмыс істейтін  шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері  101,7 % артты.Ауданда 366 сауда дүкені, 51 қоғамдық тамақтандыру орындары (асхана, дәмхана, тойхана), 81 қызмет көрсету орындары, 17 жанар- жағар май құю станциясы, 16 дәріхана, 36 шағын наубайхана халыққа қызмет көрсетіп отыр.2017 жылдың қорытындысы бойынша 1564,1 млн. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндіріліп,  өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда (1442,5 млн. теңге) өнім өңдіру 126,5 % артты.Статистикалық мәліметке сай, 2018 жылдың 01 қаңтарына тіркелген кәсіпкерлік саласындағы шағын бизнес субъектілерінің саны – 102, оның ішінде: жұмыс істейтіні – 81.  Былтырғы жылдың тиісті кезеңімен  салыстырғанда жұмыс істейтін  кәсіпорындары 152,8 % артты.Негізгі капиталға, оның ішінде жеке қаражат есебінен  2624,5 млн. теңгенің инвестициясы тартылып, тиісті кезеңде 2258,5 млн. теңге болып, 109,3 % артты.«Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты бойынша ауданнан 3 жоба енгізілді.

Слайд 9

Тарбағатай ауданының кәсіпкерлері

.Манырақ ауылындағы «Қоныс» шаруа қожалығының 600 басқа арналған мал бордақылау

Тарбағатай ауданының кәсіпкерлері .Манырақ ауылындағы «Қоныс» шаруа қожалығының 600 басқа арналған мал
және сою алаңы негізінде 29,4 млн. теңгенің несиесі субсидияландырылса, Ақсуат ауылынан жеке кәсіпкерлер Қ.Қожахметов пен А.Мұқышеваның жалпы ауданы 800 м2 2 қабатты «Қонақ үй мен тойхана» ғимаратына құрал жабдықтар сатып алуға құны 14,0 млн. теңгенің жобасы жасалып, Семей қаласындағы «Халықтық Банк» арқылы қолдау тауып, 2015 жылдың 13 қараша күні Аймақтық Координациялық Кеңес мәжілісінде қаралып, жобаның пайыздық мөлшері  субсидияландырумен кепілдендіруге жатқызылды.Ақжар ауылдық округіне қарасты «Қоныс» шаруа қожалығының иегері Б.Құнафиянов жаңа бизнесті қолдау мақсатында «Форте Банк» АҚ-нан «Мал бордақылау алаңының құрылысы» жобасы бойынша қайта қаржыландыруға жатқызылып, 17 млн. 857 мың 047 теңгеге 19 пайызды несие алуға рұқсат алып, банкі тарапынан 2016 жылдың 29 шілдесінде Координациялық Кеңеске 19 пайызды несиенің 10 пайызын «Даму» АҚ арқылы субсидияландыруға ұсыныс жасалды. 2016 жылдың 19 тамыз күні облыстық Координациялық Кеңестің мәжілісі өткізіліп, жоба мақұлданды.
Ақсуат ауылынан жеке кәсіпкер Қализада Олжас Нұрланұлы,  «Ақ бота бала бақшасына негізгі құралдар сатып алуға және абаттандыру бойынша» жалпы сомасы 7,0 млн. теңгеге  арналған  бизнес-жоспары  «Еуразиялық банкінен» 2017 жылдың 10 ақпаны күні мақұлданып, Аймақаралық Координациялық Кеңес мәжілісінде аталған жобаны қаралып,  «Бизнестің жол картасы-2020» бірыңғай бағдарламасының бірінші бағыты бойынша пайыздық мөлшерін субсидияландыру мен кепілдендіруге  жатқызылды. Өндеуші өнеркәсіпті қолдау мақсатында «Даму Өндіріс» бағдарламасы бойынша Ақсуат ауылынан жеке кәсіпкер Б.Мерекеұлы «Жол тас және газ блокты кірпіш шығаратын цехты ұлғайту» бойынша 9,5 млн. теңгенің жеңілдік пайызды несиесін алды.

Слайд 10

Тарбағатай ұлылар мекені

Шығыстың рухани бұлағы, қасиетті де атақты емші Ырғызбай Досқанаұлы 1787 жылы туып,

Тарбағатай ұлылар мекені Шығыстың рухани бұлағы, қасиетті де атақты емші Ырғызбай Досқанаұлы
1850 жылы дүниеден өткен. Қазіргі Шығыс Қазақстан обылысы Қапанбұлақ станциясының маңы, Қарақия тауында дүниеге келген.Орта жүзге белгілі халық емшісі, әулие, көріпкел. Найман ішіндегі Мәмбетқұл (Қыржы) руынан шыққан.Кесенесі Шығыс Қазақстан облысы, Тарбағатай ауданыныды.Тарбағатай тауының теріскей бетіндегі бұйратты құба белде, Ақсуат ауылынан Кіндікті ауылына баратын жолдың бойында, солтүстікке қарай 5 шақырым жерде Күмісті бастауының қасында орналасқан.

Слайд 11

2012 жылдың 21 қыркүйек күні Халықаралық маңызы бар Майқапшағай-Омбы тас жолының бойындағы

2012 жылдың 21 қыркүйек күні Халықаралық маңызы бар Майқапшағай-Омбы тас жолының бойындағы
Боғас бекетінде қазақ елінің тәуелсіздігі үшін жан аямай күрескен, даңқты қолбасшы Қаракерей Қабанбай батырға арналып ескерткіш орнатылды.Қабанбай Қожақұлұлы 1692 жылы Шығыс Қазақстан облысының Үржар ауданындағы Барлық тауында өмірге келген. Қаракерей Қабанбай бабамыз, Дарабоз батыр, талантты қолбасшы болған. Азан шақырылып қойылған есімі-Ерасыл. Жеті жасында әкесі Қожақұл, он алты жасында ағасы Есенбай жоңғарлар қолынан қаза табады. Он алты жасар бала жау арасына жасырын барып, ағасын өлтірген жоңғар батырын өлтіріп, кек алған. Осыдан кейін Зайсандағы Керей ішіне кетіп, жездесі Бердәулеттің қолында болады. Осында жүріп жылқыға шапқан жабайы қабандарды жайратып «Қабанбай батыр» атанған.

Слайд 12

Тарихи өлкетану мұражайы

Тарбағатай тарихи-өлкетану музейі бұрынғы Семей облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен

Тарихи өлкетану мұражайы Тарбағатай тарихи-өлкетану музейі бұрынғы Семей облыстық мәдениет басқармасының ұсынысымен
ҚР – ыМәдениет Министрлігінің 1986 жылғы 17 желтоқсандағы № 385 бұйрығы негізінде Семей облыстық тарихи-өлкетану музейінің Ақсуат аудандық филиалы болып құрылып, 1993 жылы 18 мамырда ашылды. 2005 жылдан Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің Шығыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының Тарбағатай тарихи-өлкетану мұражайы болып құрылды. Музей шығыс сәулеті үлгісіндегі жеке ғимаратқа орналасқан. Көлем і 536,5 ш/м, оның 400 ш/м алаңында тұрақты көрмелік құрылым (экспозиция), қор сақтау, қызмет бөлмелері бар. Осы жылдары музей ұжымы аудан тұрғындарының рухани қажеттерін қанағаттандыруға, мәдени – тарихи құндылықтарды танып білуге, мәдени – ағарту қызметінің жоғарғы жәрежесіне жетуге, көрермендермен байланысты кеңейтуге зор көңіл бөліп келеді. 2009 жылы музей қоры 3890 дана сақтауға, оның ішінде сақтауға, оның ішінде негізгі қорқосалқы қор дана сақтауға жетті.

Слайд 13

Ауданның денсаулық сақтау саласы

«Тарбағатай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық құқығын жүргізу негізіндегі коммуналдық

Ауданның денсаулық сақтау саласы «Тарбағатай аудандық орталық ауруханасы» шаруашылық құқығын жүргізу негізіндегі
мемлекеттік кәсіпорыны. Тарбағатай аудандық орталық ауруханасының  құрамына 1- 100 адам қабылдайтын емхана, 1- 70 төсектік стационар, 11 –дәрігерлік амбулотория, 14-мед. Пункт, 1- ФАП  кіреді. Ақсуат ауылында 70 төсектік ауруханада мед. көмекті халыққа алты бөлім көрсетуде, оның ішінде;  -перзентхана бөлімі  босандыру палатасы -6 төсек, патологияда  -7 төсек қызмет етуде.Бөлімде акушер-гинеколог, неонатолог дәрігерлері жұмыс істейді. Материалдық –техникалық базасы нығайтылып, жаңа қондырғылар орнатылған; - хирургиялық бөлімінде 10-тәулік бойы , 5  күндізгі орынға арналған  төсектіктер қызмет жасауда. Операция жасайтын бөлмеге, таңу бөлмелеріне жаңа қондырғылар орнатылды;  -реанимация бөлімі 3-төсектік, қатты науқастанған адамдарға сол арада реанимациялық шаралармен қарқынды терапия жүргізіледі;  - терапия бөлімі-18 төсек тәулік бойы ,12 күндізгі орынға арналған  төсектіктер - балалар бөлімі -14  төсек тәулік бойы, 11- күндізгі орынға арналған  төсектіктер - Хирургия бөлімі -10 тәулік бойы  төсек, 5- күндізгі орынға арналған  төсектіктер - Гинекология бөлімі -5   тәулік бойы төсек, 11- күндізгі орынға арналған  төсектіктер қызмет жасауда. жедел жәрдем бөлімінде халыққа қызметті фельшерлер көрсетеді, арнайы машиналармен, құрал- жабдықтармен жәнеде алғашқы көмек дәрілерімен жеткілікті қамтамасыз етілген.

Слайд 14

«Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасы» шаруашылық құқығын жүргізу негізіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны:Тарбағатай аудандық 

«Тарбағатай аудандық ауданаралық ауруханасы» шаруашылық құқығын жүргізу негізіндегі коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны:Тарбағатай аудандық
ауданаралық  ауруханасының құрамына 8дәрігерлік амбулатория, 1 учаскелік аурухана 13 төсектік стационары бар, 19 медпункті, 1 аудандық аурухана 67 төсектік стационарымен, 1 емхана,  кіреді. Тарбағатай аудандық  ауданаралық  ауруханасының перзентхана бөлімінде жылсайын 180-200 бала  дүниеге келеді. Босанатын  әйелдерге және  нәрестелерге нәтижелі көмек көрсету үшін керек құралдар жеткілікті (кювез,нәрестелерге арналған жылушашатын үстел, электрондық безбен). Көмекті   дәрігер-акушер-гинеколог Сейтказина Меруерт Мубаракқызы, дәрігер-педиатр Баянбекова Сабира Әлжапарқызы  көрсетеді. Тарбағатай аудандық  ауданаралық  ауруханасының емханасында кішіпішінді мамандар: офтальмолог, неврапотолог, онколог, хирург, травматолог, эндокринолог, отоларинголог, акушер-гинеколог, дерматовенеролог, психиатр, нарколог, инфекционист, физиотерапевт, стоматолог қабылдау жүргізеді. ЭКГ, УДЗ, ФГС аппаратарында диагностикалық зерттеулер  жүргізіледі. Биохимиялық,  серологиялық және клиникалық зертханалар,  физиокабинет бар. Тарбағатай аудандық  ауданаралық  ауруханасында 6 төсектік реанимация бөлімі жұмысі стейді. Аурухана бойынша реанимациялық көмекті қажетететін ауруларға осы бөлімде қарқындылық терапия жүргізіледі. Көмекті анестезиолог-реаниматолог Каримов Бауыржан Бағдаулетұлы, анестезиолог-реаниматолог Садықов Бауыржан Жаңашұлы,  анестезиолог-реаниматолог Чилибаева Айнұр Кәкімқызы көрсетеді.

Слайд 15

Елеке сазынан табылған "Алтын адам" 

Шығыс Қазақстанда тағы бір Алтын адам табылды. Археологтар

Елеке сазынан табылған "Алтын адам" Шығыс Қазақстанда тағы бір Алтын адам табылды.
ол біздің дәуірімізге дейінгі 8-7 ғасырларда өмір сүрген сақ патшасы деп топшылайды. Сондай-ақ, қорымнан 3000-ға жуық алтын зергерлік бұйымдар мен көне жәдігерлер қазылып алынған. Теңдессіз жәдігерлер сақтардың тарихынан сыр шертеді. Ресей ғылым академиясының өкілдерін дененің мумияланғаны қатты таң қалдырды. Бұған бас сүйегіндегі саңылау дәлел. Сақ тайпаларының денені бальзамдап, мумиялау бойынша жоғары технологияны меңгергенін археологтар да растайды.

Слайд 16

Бөрітостаған жұмбағы

Өлкенің табиғат жаратқан құпия сырларының әлі де ашылмаған, зерттелмеген құбылыстары кездеседі.

Бөрітостаған жұмбағы Өлкенің табиғат жаратқан құпия сырларының әлі де ашылмаған, зерттелмеген құбылыстары
Табиғаттың аялы қолымен жаратылған сондай таңғажайып құбылыстарынының бірі – Тарбағатайдағы Бөрітастаған.  Отыншы Әлжанұлы.
Бөрітастаған – таңқаларлық пошымды ашық түсты гранитты жартас. Шығыстан батысқа созыңқы келген, шеңбер бойы бір шақырымға жуық, ал биіктігі шамамен 19 м. Жартастын оңтүстік беті тік дерлік, ал солтүстік жағы кертпешті, төбесіне шығуға болатын жадағай жиегі бар. Қазақтар осы жерге жиі келіп құрбандық шалатын болған, жартас төбесінде өсетін бұталардың бұтағына немесе түбіне шыт байлап отырған, болмаса жай түйіп сол жерге тастап кетіп отырған. Сарыдаланың жазығында қайраңдаған кемеге ұқсас Бөрітастаған жартасының ұзындығы 200, ені 50 қадамнан асады

Слайд 17

Қазақ елі қазір өркениетті елдермен иық теңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге талпынуда.

Қазақ елі қазір өркениетті елдермен иық теңестіруге, дамудың жаңа сатысына көтерілуге талпынуда.
Дегенмен жаһандық өзгерістерге сай болу үшін алдымен ұлттық ерекшелігімізді сақтай білуіміз керек. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар:Рухани жаңғыру» атты бағдарламалық құжаттың түйіні-осыда «Туған жер» деген кезде әрбір азаматтың, әрбір адамның жүрегінде тулаған шабыт пен сезім ұялайтыны анық. Себебі адам өзінің туған жерінің төлі. Сол даланың, сол жердің, сол мекеннің меншігі. Туған жерге деген сезім мен махаббатың өлшемі шектеулі болмайды. Ол шексіз. Осы бір ерекше шексіз патриоттық сезімді әрбір азамат пен жастардың бойына етене сіңіріп, қандарына дарыту қажет. «Туған жердің әрбір сайы мен қырқасы,тауы мен өзені тарихтан сыр шертеді.Әрбір жер атауының төркіні туралы талай-талай аңыздар мен әңгімелер бар.Әрбір өлкенің халқына суықта,пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс», – деп Елбасы атап көрсеткендей,бұл жоба жастардың елді сүйуге,өз еліне деген патриоттылығын артырады. Елбасының бастамасы өте орынды.Бұл сөздің ұғымын кең мағынасында түсіну үшін, Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын толығымен орындау керек . Қысқаша айтқанда, «Туған жер» бағдарламасы жалпыұлттық патриотизмнің нағыз өзегіне айналады».  Батырлар мен ақындар бірі найзамен, бірі жырмен қорғап қалған ұлан байтақ даланың қазіргі иесі ретінде, әрбір Қазақстан азаматы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқару керек. «Туған жер» бағдарламасының жаппай халық арасында үлкен күшке ие болуы, жастардың бойына патриоттық тәрбие ұялату үлкен міндет. Туған жерге, оның мәдениеті мен  салт-дәс­түрлеріне айрықша іңкәрлікпен атсалысу – шынайы патриотизмнің маңызды көріністерінің бірі.

Қорытынды

Имя файла: Тұғыры-биік-Тарбағатай.pptx
Количество просмотров: 49
Количество скачиваний: 0