Қызылорда облысында мемлекеттік қолдау алған кәсіпорындарға пресс-тур ұйымдастырылды

Содержание

Слайд 2

2015 жылдың 28 тамызында республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат өкілдері «Бизнестің жол

2015 жылдың 28 тамызында республикалық және облыстық бұқаралық ақпарат өкілдері «Бизнестің жол
картасы 2020» бизнесті қолдау және дамытудың бірегей бағдарламасы аясында қолдау алған қызылордалық кәсіпорындарды аралады.

Слайд 4

Журналистер алдымен кілем тазалаумен айналысатын «Ансарлар» жеке кәсіпкерлігінің кәсіпорнына барды. Дәл осы

Журналистер алдымен кілем тазалаумен айналысатын «Ансарлар» жеке кәсіпкерлігінің кәсіпорнына барды. Дәл осы
күні аталған кәсіпорынның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Кәсіпорынды 20 жасар студент Ғабиден Жақсылық басқарады. Несиеге алынған қаражатқа Ғабиден Түркиядан арнайы кілем жуатын құрылғы мен Газель автокөлігін сатып алды. «Даму» Қоры 70 пайызға кепілдеме беру арқылы кәсіпкерге 11,5 млн. теңге көлеміндегі несиені алуға мүмкіндік туғызды.

Слайд 6

Мұнан кейінгі нысан - жеке кәсіпкер Қ. Есдаулетовтың қонақ үйі болды. Қонақ

Мұнан кейінгі нысан - жеке кәсіпкер Қ. Есдаулетовтың қонақ үйі болды. Қонақ
үй Қызылорда қаласының «Арай» мөлтек ауданында орналасқан. 2 қабатты қонақ үйдің жалпы көлемі 522 шаршы метр. Бірінші қабатында мейрамхана, екінші қабаты 10 жатын бөлмеден тұрады. Бағдарлама аясында кәсіпорын пайыздық мөлшерлемемен субсидия алды. Яғни банктің 14 пайызының 7 пайызы мемлекетпен өтелсе, қалған 7 пайызын кәсіпкер төлеуде. Сонымен қатар «Даму» Қоры несие алуға жеткіліксіз болған кепілмүлікке қосымша 25 пайызды құрайтын кепілдеме берді. Ағымдағы жылдың қыркүйек айында қонақ үйді ашу жоспарланып отыр. Кәсіпкердің жоспары жүзеге асса, 11 жаңа жұмыс орны құрылмақ.

Слайд 7

Тілшілер қауымы бас сұққан үшінші нысан – бұл «Ran Medical» ЖШС компаниясының

Тілшілер қауымы бас сұққан үшінші нысан – бұл «Ran Medical» ЖШС компаниясының
медициналық орталығы. «Vitamed» медицина орталығы ағымдағы жылдың тамыз айында ашылған. Ғимарат көлемі 500 шаршы метр

Слайд 8

Медицина орталығы Қызылорда қаласының тұрғындарына: неврологиялық, гинекологиялық, жұрек-тамыр ауруларының профилактикасы мен оларды

Медицина орталығы Қызылорда қаласының тұрғындарына: неврологиялық, гинекологиялық, жұрек-тамыр ауруларының профилактикасы мен оларды
емдеу, Ecube-9 аппаратында ультрадыбысты диагностика жасау, электрокардиографикалық зерттеу, барлық лабораториялық анализдер мен барлық процедуралық емдердің түрін жүргізеді. Аталған жобаны жүзеге асыру үшін «Ran Medical» ЖШС-гі «Қазақстан халық банк» АҚ арқылы несие алып, мемлекеттен пайыздық мөлшерлемені субсидиялау және кепілдеме түрінде қолдау алды.

Слайд 9

Баспасөз сапарының қатысушылары құрама жем шығаратын «ЖанАрай Жем» ЖШС-нің зауытына соқпай өтпеді.

Баспасөз сапарының қатысушылары құрама жем шығаратын «ЖанАрай Жем» ЖШС-нің зауытына соқпай өтпеді.
Өйткені ЖШ С жем шығару өндірісін қолға алып, облыс бойынша зауыт ашқан алғашқы компания. Зауыттың күнделікті жұмыс қуаты 80 тн дайын өнім шығаруға жетеді. Бүгінгі таңда зауытта 15 адам жұмыс жасайды, зауыт толық қуатына қосылғанда өндірісте 48-ге жуық жергілікті тұрғын тұрақты жұмысқа тұрады

Слайд 10

Зауыт аумағында сонымен қатар күнделікті қуаты 150 тн болатын күрішті өңдеумен айналысатын

Зауыт аумағында сонымен қатар күнделікті қуаты 150 тн болатын күрішті өңдеумен айналысатын
құрал-жабдықтар және шикізат пен дайын өнімді сақтайтын қойма, автотаразы, зертхана мен қаптама цехы орналасқан. Сондай-ақ, ұн тартатын диірмен мен макарон өнімдерін шығаратын желі де іске қосылған. Осы технологиялық желіден шыққан егін қалдығы мал және құс шаруашылығына қажетті жем өндірісіне қолданылады. Барлық құрал-жабдықтар Германиядан жеткізіліп, арнайы мамандардың қондырумен іске қосылған.

Слайд 11

«Жан-Арай Жем» ЖШС Құрама жем шығару өндірісімен айналысатын зауыт ашу» жобасын жүзеге

«Жан-Арай Жем» ЖШС Құрама жем шығару өндірісімен айналысатын зауыт ашу» жобасын жүзеге
асыру мақсатында «Бизнестің жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасымен «Сбербанк Казахстан» АҚ ДБ несие рәсімдеп, «Даму» Қорының екінші деңгейлі банк алдында 95 млн.теңге көлеміндегі кепілдемесін алған.
Имя файла: Қызылорда-облысында-мемлекеттік-қолдау-алған-кәсіпорындарға-пресс-тур-ұйымдастырылды.pptx
Количество просмотров: 32
Количество скачиваний: 0