Презентации, доклады, проекты по биологии

Шырайгүл, петуния
Шырайгүл, петуния
Шырайгүл, петуния (лат. Petunia) – алқалар тұқымдасына жататын көп не бір жылдық шөптесін немесе бұта тәрізді аспалы өсімдіктер туысы. Өсімдігің петуния (порт. petúnia) атауы Бразилияның тупи-гуарани тіліндегі «petun», яғни «темекі, шылым» тіркесінен шыққан. Оңтүстік Американың тропикалық аймақтарынан тараған шырайгүлдің табиғи түрлері Бразилия, Боливия, Аргентина және Уругвайда өседі. 35 түрі белгілі. Биіктігі 20—30 см, кейде 60—70 см келеді. Бұл өсімдіктер жылу және жарық сүйгіш өсімдіктер. Оларды балкондарда, террасаларда, горшоктарда, жол жағалауында өсіруге пайдаланады. Шырайгүл күтім талғамайды және ұзақ гүлдеп тұрады. Сондықтан Оңтүстік Америкалық шырайгүл қала гүлзарларына сән беріп тұрады. Қазақстанда үлкен, түрлі-түсті әдемі гүлшанағы бар шырайгүлді қала көшелерін, саябақтарды, үйдің ауласы мен қылтималарды безендіру мақсатында отырғызады. Будан шырайгүлі қар түскенге дейiн гүлдейдi.
Продолжить чтение