Слайд 2А.Л.Ж.И.Р «Акмолинский Лагерь Жен Измеников Родины» « Отан сатқындары әйелдерінің Ақмола лагері»
1937 жылы VIII К-ның арнайы бұйрығымен салынған.НКВД бастығы Ежовтың бұйрығымен Гулаг бастығы қол қойып, “Алжир” аталған.
Слайд 4Алжир аталып кеткен азап орталығында 20 мыңға жуық нәзік жандар қамауда болған.Бойына
бала біткен ана атаулылар мейірім көрместен темір тордың ар жағында 1 507 нәрестеге жарық дүние есігін ашқызса,соның басым көпшілігі аштық пен суықтың құрбанына айналып періште күйінде,пәк күйінде бақилыққа аттана берді…
Слайд 5Лагерьде денсаулығы жоқ,тіпті мүгедек әйелдерді де ауыр жұмыстарға жеккен.Осынау 30 мың гектар
жерді алып жатқан тозақ оты талай қазақ анасын жазықсыз жалынымен шарпыды...Талай нәзік жандылар егін егіп,мал бағып,құрылыс жұмыстарымен айналысты...Құрсақтарын жарып шыққан құлындарының аштықтан шырылдаған сәттеріне куә болып,сақылдаған сары аяздан дірдектеген балапандарына жылы орын таба алмас шарасыз күйден өзектері өртенді...Ызғарымен азабына сәби тұрмақ ана шыдамай 1942-1945 жылдары бораннан,аяздан 540 әйел адам өлген!
Слайд 61938 жылы 28 ақпанда алғашқы этап келген.1-3 жасқа дейінгі баласы бар 50
әйел әкелінді. Лагерьге анасымен түскен сәбилер 2-3 жасқа жеткен соң аналарынан айырылып алынып,балалар үйлерінің “тәрбиесіне берілді,мыс.
Слайд 7
Лагерьде КСРО мемлекет басшыларының әйелдері мен балалары,жақын туыстары,Қазақстан басшы қызметкерлерінің әйелдері мен
балалары жапа шекті.Онда ЗарапТемірбековтың жары Сақыпжамал НазароваС.Сейфуллиннің әйелі Гүлбахрам,Б.Майлиннің әйелі Күнжамал Майлина,Т.Рысқұловтың әйелі Әзиза Рысқұлова,С.Меңдешовтың әйелі Рәзия,Т.Жүргеновтың әйелі Дәмеш Жүргенова,С.Асфендияровтың әйелі Рабиға және т.б көптеген қазақ азаматтарының әйелдері,аяулы аналар “жазасын өтеді”.Алжир 1950 жылдың басынан бастап таратылып,оның тұтқындары басқа лагерьлерге ауыстырылды,мерзімін өтегендер босатылды.