Kenes Odaginin Kulaui

Содержание

Слайд 2

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, оныңсабақтары
Сексенінші жылдардың екінші жартысында Кеңес Одағында ұлт мәселесі

1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, оныңсабақтары Сексенінші жылдардың екінші жартысында Кеңес Одағында ұлт
ерекше шиеленісті.
Көп жыл жинақталып басылып келген ұлт мәселесі сыртқа шықты.
Бұған Кеңес Одағында өрбіген қайта құру, жариялылық, демократияның өрістеуі әсер етті.
Осының нәтижесінде ұлттардың ұлттық сана сезімі ояна бастады.
Ұлттық сана өзімнің оянуына тағы бір себеп Кеңес Одағында ұлт мәселесінің шешілмеуі еді.
Коммунистік көсемдер Кеңес Одағында ұлт мәселесінің толық шешілгені туралы көп рет мәлімдеме жасағанымен іс жүзінде олай болмады.

Слайд 3

Бұл республикалар мен Орталықтың арасында билік бөлісу, одақтас республикаларда өндірістік күштерді орналастыру,

Бұл республикалар мен Орталықтың арасында билік бөлісу, одақтас республикаларда өндірістік күштерді орналастыру,
ұлт мәдениеті, ұлт тілі, ұлт дәстүрі және т.б. мәселелерде көрініс тапты.
Ұлт мәселесінің шешілмегені, ұлттық сананың өсуі Кеңес Одағында ұлтаралық шиеленіске әкеп соқты.
Бұл Қарабахта, Ферганада болған оқиғалардан көрініс тапты.
Бұл мәселенің шешілмегенін 1986 жылы желтоқсанда Алматыда болған оқиға дәлелдей берді.
Қазақ жастары 1986 жылы желтоқсанда көшеге шықты.
Олар лениндік ұлт саясатын берік ұстауды талап етті.
Бүл қазақ жастарының қазақ халқының тәуелсіздік үшін күресінің бір көрінісі еді.

Слайд 4

Бұл оқиғаға республиканың бірінші басшысына басқа ұлт өкілінің келуі себепші болды.
Сонда

Бұл оқиғаға республиканың бірінші басшысына басқа ұлт өкілінің келуі себепші болды. Сонда
да жастар ел басшысына ұлты басқа болса да Қазақстанның жағдайымен таныс адам беруді талап етті.
Жастардың бұл талабын СОКП Орталық Комитеті қазақ ұлтшылдығының көрінісі деп бағалады.
Бейбіт шеруге шыққан жастарды әскер күшімен қанға бояды, көптеген жастар түрмеге қамалды, сотталды.
Желтоқсанда қазақ жастары текке қан төкпеді. Желтоқсандағы қазақ жастарының әрекеті бүкіл Кеңес Одағына қозғау салды.
Желтоқсан оқиғасының қазақ халқына әкелген тікелей нәтижесі Қазақстанның тәуелсіздігі еді.

Слайд 5

Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы
1990 жылы желтоқсанда Қазақстанның бастамасы негізінде төрт республика

Қазақстанның егемен мемлекет болып құрылуы 1990 жылы желтоқсанда Қазақстанның бастамасы негізінде төрт
/Ресей, Украйна, Белоруссия, Қазақстан/ бір бірінің тәуелсіздігін мойындап тәуелсіз мемлекеттердің одағын құру туралы бастама көтерді.
1991 жылы тамыз айында орталықта болған оқиға Кеңес Одағының құлауын, одақтық республикалардың тәуелсіздік алуын тездетті.
Саяси сахнадан СОКП кетті. Кеңес Одағының құлауының көп себептері бар.
Олардың негізгілері: экономика саласында бір орталықтан басқаратын жоспарлы экономиканың үстем болуы, саяси салада бір партия ұйытқы болған әкімдік-әміршілдік жүйенің қалыптасуы, рухани салада бір идеологияның үстем болуы.

Слайд 6

1990 жылы қазан айының 25-де ҚССР-ның Жоғарғы Кеңесі Қазақ ССР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі

1990 жылы қазан айының 25-де ҚССР-ның Жоғарғы Кеңесі Қазақ ССР-ның Мемлекеттік тәуелсіздігі
туралы декларация қабылдайды.
1991 жылы желтоқсанның бірінде республиканың тарихында тұңғыш президенттің сайлауы болып президент болып Н.Назарбаев сайланады.
Желтоқсанның 10-да республиканың Жоғары Кеңесі Қазақ ССР-ын Қазақстан республикасы деп атау туралы шешім қабылдайды.
16 желтоқсанда Жоғарғы Кеңес Қазақстанның мемлекеттік егемендігін жариялайды.
Егемен Қазақстан республикасы өз территориясында толық билік жүргізетін, өзінің ішкі-сыртқы саясатын жеке дара шешіп жүзеге асыратын болып Қазақстан республикасының тарихында жаңа дәуір ашылды.
1991 жылы 21 желтоқсанда Алматыда болған бұрынғы Кеңес Одағының құрамындағы 11 мемлекеттің ел басыларының мәжілісінен тәуелсіз мемлекеттер достығын құру туралы келісімге қол қойылады.

Слайд 7

Тәуелсіз, егемен Қазақстан Республикасының орнауы қазақ халқының тарихындағы аса зор маңызы бар

Тәуелсіз, егемен Қазақстан Республикасының орнауы қазақ халқының тарихындағы аса зор маңызы бар
саяси оқиға.
Қазақ тәуелсіздікке қол жеткізу үшін күресті, қан мен тер төкті.
Тәуелсіздік үшін күресте талай-талай құрбандықтар болды. Сол төгілген тер, құрбандық текке кетпеді, өз нәтижесін берді.
Қазақстан тәуелсіз, егемен, жүниежүзі халықтарының қауымдастығында терезесі тең мемлекет болып қалыптасып отыр.

Слайд 8

Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында
Кеңес Одағының қоғамдық өмірін түгелдей қамтыған тоқыраудан шығарудың

Қазақстан нарықтық экономикаға өту жолында Кеңес Одағының қоғамдық өмірін түгелдей қамтыған тоқыраудан
жолын КОКП қайта құру деп есептеді.
Қайта құру стратегиясын тұжырымдаушылар елдегі экономикалық кризистен жоспарлы экономика мен нарықтық экономиканың артықшылығын пайдалану арқылы шықпақшы болды.
Қайта құруды жүзеге асыра бастағаннан соңғы 5-6 жылдың тәжірибесі аталмыш жолмен экономикалық кризисті ауыздықтауға болмайтынын дәлелдеді.
Кризистен шығарудың ең сенімді жолы нарықтық қатнасқа өту екенін дүниежүзілік тәжрибе, қайта құрудың тәжірибесі делелдеп берді

Слайд 9

Қазақстан Республикасы 1990 жылдан нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түсті.
1990 жылы желтоқсанда

Қазақстан Республикасы 1990 жылдан нарықтық экономиканы қалыптастыру жолына түсті. 1990 жылы желтоқсанда
Қазақ ССР-ның Жоғарғы Кеңесі ″Қазақ ССР-ның экономкасын тұрақтандыру және нарыққа өту бағдарламасын″ бекітті.
Нарықтық экономика экономикалық ынтықтыққа жол ашады, еңбек өнімін арттыруға мүмкіндік береді, товар өндірушілердің еркіндігін қамтамасыз етеді., бәсекелестікті дамыту арқылы жеке өндірушілердің өктемдігін жояды, өндірісті тұтынушылардың сұранысына бағындырады.
Қазақстан Республикасы бүгінгі таңда нарықтық экономиканы қалыптастырудың соңғы сатысында отыр.
Өткен 10 жылдықтың ішінде нарықтық экономиканы қалыптастыруға байланысты ірі-ірі қадамдарды жүзеге асырды.

Слайд 10


Олардың негізгілері: бір меншіктің үстемдігін жойып көпменшіктілік жүйені қалыптастыру, меншіктің теңдігін, еркіндігін

Олардың негізгілері: бір меншіктің үстемдігін жойып көпменшіктілік жүйені қалыптастыру, меншіктің теңдігін, еркіндігін
қамтамасыз ету, мақсатын көтеріп бұл мақсатты мемлекеттік меншікті жекелендіру жолымен жүзеге асырып отыр.
Мемлекеттік бағадан еркін бағаға өту нарықтық экономиканы қалыптастырудың негізгі мәселесінің бірі. Нарықтық экономикаға үйлескен банк, кредит жүйесін құру тағы бір негізгі мәселе.
Экономиканы монополиясыздандыру, кәсіпкерлік пен бәсекелестікті дамыту негізгі мәселелердің бірі. Шет елдермен экономикалық қарым-қатнасты жолға қойып,
Халықаралық еңбек бөлісінің артықшылығын пайдалану және т.б. жолдармен халықаралық экономикалық қатнастарды дамыту нарықтық экономиканы қалыптастыруда маңызды роль атқарды.

Слайд 11

Қазақстанда меншікті жекешелендіру
Меншікті жекешелендіру дегеніміз бір меншікке (мемлекеттік меншікке) негізделген экономикалық жүйеден

Қазақстанда меншікті жекешелендіру Меншікті жекешелендіру дегеніміз бір меншікке (мемлекеттік меншікке) негізделген экономикалық
меншіктің көп түріне негізделген экономикалық жүйеге өтуді айтады.
Жекешелендіру нарықтық қатынасты қалыптастарудың негізгі жолы.
Қазақстанда 1991-1995 және 1993-1995 жылдарға арналған жекешелендіру бағдарламасы қабылданды.
Қазақстанда мемлекет меншігін жекешелендіру үш әдіспен: акцияландыру, жекеменшікке беру, жалға беру жолымен жүргізілді.
Меншікті жекешелендіру екі сатымен жүзеге асып отыр. Бірінші сатысы кіші жекешелендіру деп аталады, бұл саты 1993-1995 жылдары жүргізілді.

Слайд 12

1995 жылдан басталған екінші сатысы үлкен жекешелендіру деп аталады. Кіші жекешелендіру кезінде

1995 жылдан басталған екінші сатысы үлкен жекешелендіру деп аталады. Кіші жекешелендіру кезінде
мемлекеттік меншіктің ұсақ обьектілері: бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру, тұрмыстық қызмет көрсету,
Жүк тасымалдау, тұрғын ұй-коммуналдық сектор сыяқты жұмысшылары 200 ден аспайтын кәсіп орындары қамтылды.
Кіші жекешелендірудің нәтижесінде 1млн. адам жұмыс істейтін 2,7 мың кәсіп орын жекешелендірілді.
1995 жылдан үлкен жекешелендіру басталды. Бұл жолы орта және ірі өнер кәсіп орындарын жекешелендірілді.
Үлкен жекешелендіру кәсіпорындарының акциясын сату, мемлекеттік меншікті ваучер және сертификат түрінде халыққа тегін беру, акцияландыру, меншікті аукционда сату және т.б. әдістермен жүргізілді.

Слайд 13

Акцияландырудың нәтижесінде жаупкершілігі шектелген акционерлік қоғам, жекеменшік және аралас акционерлік қоғам және

Акцияландырудың нәтижесінде жаупкершілігі шектелген акционерлік қоғам, жекеменшік және аралас акционерлік қоғам және
т.б. қоғамдар орнады.
Қазір Қазақстанда кіші жекешелендіру аяқталып, үлкен жекешелендіру жүргізілуде.
Жекешелендірудің нәтижесінде бір меншіктің үстемдігі жойылып, меншіктің әр түрлілігі пайда болды.
Кәсіпкерлік дамыды, меншіктің әр түрлілігіне негізделген әр түрлі кәсіпорныдар құрылды.

Слайд 14

Қазақстандағы демократия және жариялылық
Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң саяси өмірдің тұрақтылығы артты.

Қазақстандағы демократия және жариялылық Қазақстан тәуелсіздігін жариялаған соң саяси өмірдің тұрақтылығы артты.
Саяси өмірде демократия, жариялылық принциптері жүзеге асып халықтың саяси белсенділігі арта түсті.
Демократия және жариялылық принциптері Қазақстанның 1993, 1995 жылғы Конституцияларынан көрініс тапты.
Кеңес дәуірінде қалыптасқан социалистік демократияның орнына дүниежүзінің өркениетті елдерінің озық тәжірибесіне негізделген толық қанды демократиялық принциптер қалыптасып отыр.
Қазақстан халқы ел өмірінің маңызды мәселелерін референдумда дауыс беру арқылы шешіп отырды. Бұл ел билеу ісіне халық бұқараның тікелей қатысып отырғанына дәлел.
Ел басы, парламент баламалы түрде сайланады.

Слайд 15

Қазақстанда үкімет билігін бөлісу конституцияда демократиялық жолмен шешілген. Заң, ереже қабылдау функциясын

Қазақстанда үкімет билігін бөлісу конституцияда демократиялық жолмен шешілген. Заң, ереже қабылдау функциясын
парламент, атқарушы билікті үкімет, сот билігін барлық дәрежедегі соттар жүзеге асырады.
Қазақстанда көп партиялық жүйенің қалыптасуы демократияның негізгі көріністерінің бірі. Партиялар ел басының, парламенттің сайлауына еркін қатысады. Мәжілісте партиялардың фракциясы бар.
Конституцияда азаматтарға толық құқық және бостандық беріліп, оларды жүзеге асыру мүмкіндігін үкімет өз мойынына алып отыр.
Конституцияда көрсетілген сөз, баспаға жазу бостандығын жүзеге асыруда Кеңес дәуірінде енгізілген цензураның жойылуы, еркін бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы маңызды роль атқарады.

Слайд 16

Қазақстанда саяси және идеологиялық әртүрлілік қалыптасты.
Саяси әртүрлілік әр түрлі

Қазақстанда саяси және идеологиялық әртүрлілік қалыптасты. Саяси әртүрлілік әр түрлі саяси партиялардың
саяси партиялардың өмір сүруі, идеологиялық әртүрлілік әртүрлі идеологиялық пікір ағымдардың болуына жол беру арқылы қамтамасыз етіліп отыр.
Тәуелсіз, еркін бұқаралық ақпарат құралдарының қалыптасуы жариялылық принципін жүзеге асырудың негізгі құралы.
Имя файла: Kenes-Odaginin-Kulaui.pptx
Количество просмотров: 35
Количество скачиваний: 0