Оңтүстік Қазақстанда қалалардың
Қалалар саны жағынан ғана емес, көлемі, экономикалық жағынан да өсіп отырған. Оны негізінен үш топқа бөліп қарауға болады
Мұнадай қалалар 1 және 2- топқа қарағанда өте көп кездеседі. Қалалар көлеміндерінің үлкен-кіші болуының өзі, олардың тұрғындарының санына ғана емес, ішкі құрұлыс жүйелеріне, қоғамдық сауда , діни орындардың орналасуына да байланысты. Бірінші топқа көлемі 30 гектардан асатын қала жұрттары жатады. Ондай қалалар Испиджаб, Отырар, Сауран, тағы басқалар. Екінші топқа 10 гектардан 30 гектарға дейінгі қалалар жатады. Мұндай қалалар Бурух, Хурлуг, тағы басқалар. . Ал үшінші топқа көлемі 10 гектарға жетпейтін қалалар - Алмалық , Лавар , Қапал , Ақтам , Арасан , тағы басқалар жатқызылған. Оңтүстік Қазақстанда қалалардың топтаса орналасқан жерлері – Арыс өзенінің Сырдариядағы қосылатын тұсындағы сағалары. Арыстың орта ағысында орталығы Осбаникент қаласы болған Кенже аймағы құрылса, ал өөзеннің сырдарияға құяр жерінде орталығы Отырар қаласы болған Фараб аймағы орын тепкен. Ал Шауғар аймағында
Қарнақ, Шур , Шағылжан қалалары болған. Сырдың орта ағысында – Сүткент, төменгі ағысында Сығанақ , Жанкент, Асынас Жент, Баршынкент қалалары өмір сүрген.
Қалаллық отырықшылық мәдениеттің тағы бір қанат жайған жері – Жетісу аймағы. Әсірісе оңтүстүк-батыс Жетісудың орталығы Таразда да қала мәдениеті өркендеген. Бұл аймақта 36 қала жұрты табылды. Солтүстік-шығыс Жетісудан (орталығы – Лабан, Алматы, Талхир қалалары) 70 қала жұрты ашылған.