Мыс алмасуының бұзылуы. Гепато-церебральдық дистрофия.(Вильсон-Коновалов ауруы)
Жоспар: Кіріспе: Негізгі бөлім: І.Мыстың адам ағзасы үшін биологиялық маңызы. ІІ.Мыс алмасуының бұзылыстары. Мыстың жетіспеушілігі мен қалыптан тыс көп болуының себептері, негізгі көріністері. Ағзада мыстың жетіспеуі мен көбейіп кетуін реттеу. Вильсон-Коновалов ауруы. ІІІ.Вильсон-Коновалов ауруының емделу жолдары. ІV.Қорытынды. V.Қолданылған әдебиеттер Мыс алмасуының бұзылыстары. Вильсон-Коновалов ауруы. Мыс- адамның барлық ағзалары мен тіндерінде кездеді: бауырда, мида, жүректе, бүйректерде, бұлшықет және сүйек тіндерінде жиналады. Көбінесе ішектің жоғарғы бөлімдерінде сіңеді, мыс темірдің жұлынға ауысуына, тамақпен және сумен бірге түсетін органикалық емес темірдің органикалық байланысқан қан түзуге қатысатын формаларға айналуына жағдай жасайды. Организмге күніне тамақпен бірге 2-5 мг түседі. Ал күніне 200 мг-дан асып кетсе адамға улы әсер етеді. Ол ішекте сіңіріледі, бауырға түседі, онда бауыр синтездейтін йерулоплазминмен байланысады, қан сарысуының айналымын реттейді, оны қажет ететін ағзаларда таңдамалы түрде ұсталып қалады, ал өтпен экскрецияланады. Мыстың аз ғана мөлшері қанда иондалған формада альбуминмен лабильді комплекс түрінде кездеседі және зәрмен бірге сыртқа бөлініп шығарылады.