Ересек пациенттің қайтыс болуы туралы туысқандарына (жедел жәрдем жағдайында) және баланың өлім жағдайында ата-аналарына
Дәрігердің, медицина қызметкерлерінің науқастың өлім жағдайы туралы туыстарына хабарлауы үлкен жауапкершілікті, адамгершілік пен психологиялық дайындықты талап етеді.
Бұрыс мысал Жас жұбайлар көлік апатына ұшырайды. Жігіттің денсаулығы бірқалыпты. Әйел жағдайы әлі белгісіз. Дәрігер тысқа шығып, шылым шегіп тұрып жігітке: - Сен бас ми жарақатын алған, омыртқасы екі жерден сынған көлік апатына ұшыраған әйелдің күйеуісің бе? Енді оны мүгедек арбада таситын боласың, өзің тамақтандырып, өзің жуындырасың. Бұны естіген жігіт басы айналып, көзі қарауытып, түрі бозарып, маңдайынан суық тер шығып кетті. -Неге терлеп тұрсың, уайымдама, ол өліп қалған!- деді дәрігер өзімсініп жігітке.