Гомогенизация, гомератор құрылысы
Терминдер Буфер - деп оған қышқыл немесе негізді қосқан кезде сутегі иондарының концентрациясының өзгеруіне жол бермейтін ерітінідіні айтамыз. Ерітіндінің осындай әсерін буферлік деп атайды. Буферлік әсердің деңгейі буферлік сиымдылықпен (β) сипатталады. Гомогенизация дегеніміз - буфердің ішіндегі клеткалар мен ұлпаларды талқандап, біртекті қоймалжың сұйыққа айналдыру. Ауыр металдар – тығыздығы темірдің тығыздығынан (7,874 г/см3) артық болатын түсті металдар тобы. Оларға мырыш, қорғасын, қалайы, марганец, висмут, мыс, сынап, сүрме, никель, кадмий жатады. Индикатор деген – қышқылдар мен сілтілерде түсін өзгертетін зат. Химияның ерте кезеңдерінде лакмус секілді өсімдік түстері (қынаның бір түрінен жасалады) индикатор ретінде қолданылған. Лакмус қышқылдарда қызыл, ал сілтілерде көк түсті. Суспензия (лат. suspensum, лат. suspendere-өлшеу, ілу) — сұйық суда, глицеринде, сұйық майда және т. б. суспендирленген бір немесе бірнеше қатты дәрілік заттар бар дисперсиялық жүйе болып табылатын сұйық дәрілік түрі. Фарфор (тур. farfur, fağfur, перс. faghfur) - су және газ өткізбейтін керамика түрі. Жұқа қабатта жарық болады. Ағаш таяқшамен жеңіл соққы кезінде тән жоғары таза дыбыс шығарады. Бұйымның пішіні мен қалыңдығына байланысты, түсі әртүрлі болуы мүмкін. Гомогенизация түсінік Гомогенизация (homogenization) homogenes-біртекті]-қандай да бір затты өз пішінін жоғалтқанша ұсақтау, мысалы. оны ұнтақтау және араластыру жолымен. Г. ағзалар мен тіндердің құрамында әртүрлі заттардың болуын анықтау, оларда қандай да бір ферментті немесе қосылысты немесе оларды кейіннен оқшаулауды анықтау үшін жүзеге асырылады. Гомогенизация дегеніміз - буфердің ішіндегі клеткалар мен ұлпаларды талқандап, біртекті қоймалжың сұйыққа айналдыру. - гомогенизацияның нәтижесінде берілген ұлпаға тән морфологиялық және биохимиялық қасиеттер жоғалады. -егер гомогенизация белгілі бір химиялық қосылысты бөліп алу үшін алдын-ала жасалған әрекет болса – ұлпаның жоғарыда айтылған қасиеттерінің жоғалуы соншалықты маңызды емес. Гомогенизацияның мақсаты – ұлпаларды, клетка қабықшасын, немесе мембранасын талқандап, оның ішіндегі сұйығын шығару болып табылады.