Кейінгі рулық қауымдағы әлеуметтік экономикалық қатынастар
Қоғамның экономикалық негізін бұрынғысынша жерге рулық меншік құрады. Егістік жер мен бау-бақша, аңшылық, балықшылық және жинап-теретін жерлер, бір жағдайларда тура руға тиісті болды, екіншісінде, тайпаға тиісті деп саналды, бірақ бұған кіретін жеке руларға бекітіліп берілді. Өндірістің басқа құрал-жабдықтары ұжымның да, жеке меншіктің де иелігінде болды, алайда соңғы жағдайда оның иесі өлгеннен кейін, иелік рудың ішінде қалуға тиіс болды. Меншіктік қатынастар мен бұларға негізделген қоғамдық қатынастар, негізінен алғанда өндірістік ұжымды нығайта түскен табиғи қандас-туыстық байланыстармен сай келе берді Өндіргіш күштерің өрлеуі мен тіршілік ету жағдайларының жақсаруы халықтың өсуіне жағдай жасады.Бұл өз кезегінде аң аулаудың неғұрлым жетілдірілген құралдары мен мекен жайларға жақын территорияларда жабайы жануарларды атып құртуға немесе оларды азайтуға әкеп соқты.