Содержание

Слайд 2

Жоспар:

Кіріспе.
Негізгі бөлім:
1. Лимфа айналымының бұзылуы.
А) Классификация.
В)

Жоспар: Кіріспе. Негізгі бөлім: 1. Лимфа айналымының бұзылуы. А) Классификация. В) Морфологиялық
Морфологиялық көріністері.
С) Бастапқы көріністері.
3. Лимфедема.
4. Лимфостаз.
5. Лимфоррея.
Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Слайд 3

Кіріспе.

Лимфа жүйесі – қан мен ұлпа аралығында метоболизімнің тепе – теңдігін қамтамасыз

Кіріспе. Лимфа жүйесі – қан мен ұлпа аралығында метоболизімнің тепе – теңдігін
ететін жасушааралық сұйықтық құрамындағы су, тұз, белок, липид алмасуы кезінде пайда болған әр түрлі заттардың, микроб т.б. заттардың қан арнасына, дәлірек айтсақ, вена жүйесіне өтуін қамтамасыз етеді, яғни қосымша дренаждық қызмет атқарады.

Слайд 4

Лимфа айналымының бұзылуы.

Лимфа жүйесінің қызметінің бұзылуы қан айналым бұзылуымен тығыз байланысты. Лимфа

Лимфа айналымының бұзылуы. Лимфа жүйесінің қызметінің бұзылуы қан айналым бұзылуымен тығыз байланысты.
айналымының бұзылуында негізгі себептері лимфа жеткіліксіздігі және лимфостаз.
Лимфа айналымының жеткіліксіздігі:
Механикалық
Динамикалық
Резорбциялық түрлерге бөлінеді

Слайд 5

Лимфа айналымының бұзылуы оның жеткіліксіздігімен бейнеленіп , бірнеше формада көрініс бере алады.

Лимфа айналымының бұзылуы оның жеткіліксіздігімен бейнеленіп , бірнеше формада көрініс бере алады.
Лимфа жүйесінің жетінің жеткіліксіздігі
І. Механикалық жеткіліксіздігі лимфа ағысына кедергі жасап , оны іркілтетін факторлардың әсерінен дамиды. Оларға лимфа тамырларының қысылуы мен бітелуі,лимфа түйіндерінің мысалы: рак клеткалары мен блокадасы,көкірек өзегі мен лимфа түйіндерін экстирпациялау,лимфа тамырлары қақпақшаларының жеткіліксіздігі жатады.
II. Динамикалық жеткіліксіздік капиллярдағы фильтрацияның үдеуінен пайда болады. Бұның салдарынан лимфа тамырлары сусіңділік сұйықтарын интерстицийден шығарып үлгере алмайды.
III. Лимфа жүйесінің резорбциялық жеткіліксіздігі тканьдер белоктарының биохимиялық дисперсиялық қасиеттері өзгеріп немесе лимфа капиллярларының өткізгіштігі бәсеңдеп, тканьдердегі сұйықтықтың іркілуінен өрістейді. Көбінесе лимфа айналымы жеткіліксіздігінің аралас түрі байқалады.

Слайд 6

Лимфаайналымы жеткіліксіздігінің өзіне тән марфологиялық көріністері.
Лимфаның іркілуі мен лимфа тамырларынің кеңеюі лимфа

Лимфаайналымы жеткіліксіздігінің өзіне тән марфологиялық көріністері. Лимфаның іркілуі мен лимфа тамырларынің кеңеюі
ағысы бұзылуының бастапқы көріністері болып табылады.Олар лимфаны алып кететін тамырлардың басым көпшілігінде кедергі пайда болғанда дамиды.Дегенмен лимфаның іркілуі өрши берсе,лимфа жүйесінің бейімделуі мен компенсациялық мүмкіндіктері жеткіліксіз болып қалады.Онда капилляр мен тамырларды лимфа кернеп,олар жұқарып,кеңейген қуыстарға айналады.Лимфаны алып кететін тамырлардың біразы шодырая кеңейеді ( лимфа тамырларының варикозды кеңеюі ) .Лимфа айналымы декомпенсацияланып,лимфагендік сусіңділену,яғни лимфедема байқалады.

Слайд 7

Лимфедема (грекше: оіdao-ісінемін ) біраз жағдайда жедел дамыса да (жедел лимфедема), көбінесе

Лимфедема (грекше: оіdao-ісінемін ) біраз жағдайда жедел дамыса да (жедел лимфедема), көбінесе
созылмалы ағымды болады (созылмалы лимфедема). Оның жедел түрінің де, созылмалы түрінің де жалпы және жергілікті (региональдық) түрлері бар.

Слайд 8

Жедел ағымды жалпы лимфедема сирек ,мысалы,бұғана асты веналарының екеуін де тромб

Жедел ағымды жалпы лимфедема сирек ,мысалы,бұғана асты веналарының екеуін де тромб бітеген
бітеген де байқалады. Бұл жағдайда көктамырларда қысым өсіп,көкрек өзегінде ретроградтық лимфа іркілуі дамиды.Ол кейін тіпті лимфа капиллярына дейін өршиді.

Слайд 9

Созылмалы ағымды жалпы лимфедема -созылмалы ағымды веналық іркілуіге (генерализацияланған флебогипертонияға),яғни қан

Созылмалы ағымды жалпы лимфедема -созылмалы ағымды веналық іркілуіге (генерализацияланған флебогипертонияға),яғни қан айналымының
айналымының созылмалы түрде бұзылуына тән,сондықтан оның клиникалық мәні зор.Ол жүрек –тамыр жүйесін созылмалы ағымды декомпенсациялайтын сырқаттарда (декомпенсацияланған ақаулары ишемиялық ауруында,пневмосклероз бен өкпенің обструкциялық эмфиземасында т.б.)байқалады.
Жедел ағымды жергілікті (регионарьлық) лимфедема- лимфаны алып кететін тамырлар бітелген де (мысалы,рак клеткаларымен) немесе қысылғанда (операция кезінде байлау),жедел ағымды лимфадениеттен,лимфа тамырлары мен түйіндерін экстирпациялағанда (алып тастағанда) және басқа себептерден дамиды.Оның біразы қайтымды;коллатеральдық лимфа айналымы қалыптасысымен лимфа ағысы қалпына келеді.
Созылмалы ағымды жергілікті (регионарлық) лимфедеманың ерекше клиникалық маңызы бар.Оның тума және жүре пайда болған түрлері болады.Тума түрі аяқтың лимфа тамырларының гипоплазиясынан немесе аплазиясынан.

Слайд 10

Жүре пайда болатын түрі лимфа тамырларының қысылуынан (істік,липоматоз) немесе босап қалуынан (мысалы,филяриидоздан

Жүре пайда болатын түрі лимфа тамырларының қысылуынан (істік,липоматоз) немесе босап қалуынан (мысалы,филяриидоздан
созылмады қабынғанда,склероздан),созылмалы ағымды қабынудан,лимфа түйіндерінің склерозынан немесе оларды алып тастағанда (мысалы,емшек резіне радикальды операция жасағанда),венелардың тромбозынан тромбофлебиттен, артерия-веналық жыланкөз қалыптасуынан және басқа әсерлерден дамиды.

Слайд 12

Лимфедемадан дамыған лимфаның стазының (лимфастаздың)
салдарынан лимфа тамырларында белок коагулянттар (тромбтары)
түзіліп ,

Лимфедемадан дамыған лимфаның стазының (лимфастаздың) салдарынан лимфа тамырларында белок коагулянттар (тромбтары) түзіліп
сонымен қатар лимфа капилярлары мен тамырларының откізгіштігі артып, тіпті олар жыртылып, лимфаррея (лимфаррагия) байқалуы мүмкін.

Слайд 13

Лимфаррея лимфа қоршаган ортаға ағатын- сыртқы лимфарреяға және лимфа ткандер мен іш

Лимфаррея лимфа қоршаган ортаға ағатын- сыртқы лимфарреяға және лимфа ткандер мен іш
қуыстарына құйылатын –ішкі лимфарреяға жіктеледі. Лимфорея - бұл лимфа тамырларының тұтастығын бұзу нәтижесінде пайда болатын патологиялық жағдай. Нәтижесінде лимфоидты сұйықтық ашық жарадан сыртқа немесе белгілі бір мүшенің қуысына еркін ағып кетеді. Ағынның жылдамдығы өте әртүрлі болуы мүмкін, бұл зақымның сипатына және көлеміне байланысты

Слайд 14

Хилездық асцит

Хилездік асцит –іш қуысының орргандарында лимфаның асқынған веналық іркілуінен немесе ішек

Хилездық асцит Хилездік асцит –іш қуысының орргандарында лимфаның асқынған веналық іркілуінен немесе
пен шажыркайдың лимфа тамырларының зақымдалуынан іш қуысына хилездік сұйықтық (құрамында май көп лимфа) жиналуы. Хилездік сұйықтық сүт тәрізді, ақ түсті.

Слайд 15

Хилоторакс

Хилоторакс – көкірек лимфа өзегінің тромбпен бітелуінен немесе ісікпен қысылуынан хилездік сұйықтықтың

Хилоторакс Хилоторакс – көкірек лимфа өзегінің тромбпен бітелуінен немесе ісікпен қысылуынан хилездік сұйықтықтың кеуде қуысында жиылуы.
кеуде қуысында жиылуы.

Слайд 16

Даму механизмдеріне байланысты түрлері.
Жүректік ісінулер жүрек қызметі нашарлағанда дамитын қан және

Даму механизмдеріне байланысты түрлері. Жүректік ісінулер жүрек қызметі нашарлағанда дамитын қан және
лимфа айналымының жалпы бұзылуының көрінісі.Жүректік ісінүлер тек қанның іркіліп қалуына,осыған байланысты гидростатикалық қысымның көтеілуіне ғана емес,жергілікті тіннің гипоксиясына,соның нәтижесінде капиллярлар өткізгіштігінің асып кетуіне,тіндерде натридің жиналып қалуына да тәуелді.
Гипоксия жағдайында гипофизден антидиурездік гормонның бөлінуі көбейіп,бұйректік дисталды өзектерінен судың реабсорбциясы күшейеді,бауырдың альдостеронды ыдырату қабілеті төмендейді,бұл организмде натрийдің кідіріп қалуына соқтырады,сойтіп ісіну урдісі әрі қарай дамиды.
Бұйректік ісіну протеинурия нәтижесінде дамитын гипопротенемияға, соған байланысты онкотикалық қысымның төмендеуіне (бұл тубулопатияларға тән құбылыс) және натридің тіндерде кідіріп қалуына (гломерулопатияларда) байланысты. Бұйректік ісінулер қабақтарда,көздің астында таңертең айқын көрінеді.
Алиментарлық ісіну.Қоректік заттардың организмге аз тусуі (аштық кезінде) немесе дұрыс сіңбеуі (зат алмасу үрдісінің бұзылуы,асқарыту жұесінің сырқаттары ) нәтижесінде кездеседі.Даму механизмі гипопротеинемияға,осы жағдайда қанның онкотикалық қысымының төмендеуіне,және тіндік сұйықтық резорбциясының азаюына байланысты.

Слайд 17

Аллергиялық ісінуге есекжем,Квинке және т.б. жатып,ол тіндерде гистаминнің организмнің сезімталдығы өте жоғары

Аллергиялық ісінуге есекжем,Квинке және т.б. жатып,ол тіндерде гистаминнің организмнің сезімталдығы өте жоғары
болғанда,аллергияға байланысты бөлініп шығұымен түсіндіріледі. Гистамин қан тамырларының өткізгіштігін ерекше асыратыны белгілі.
Қабыну ошағындағы өзгерістер (альтерация,ацидоз) экссудация үрдісін күшейтіп осы аймақтың ісінуіне соқтырады.
Токсиндік ісінулер,мысалы өкпенің токсиндік ісінуі улы заттардың өкпе капиллярларына тікелей немесе жанама түрде әсер етуіне байланысты.Негізгі даму механизмі-капиллярдың өткізгіштігінің кушеюі .
Нервтік –рефлекторлық ісінулердің де даму механизмі осындай.
Органзмнің сусыздануы (дегидратация ,эксикоз) бұл ісінуге кері құбылыс болып организмнің суды мөлшерден тыс жоғалтуымен сипатталады.Бұл жағдайлар үздіксіз құсу немесе іш кету (диарея),электролиттердің бүйректер арқылы, теріден молшерден тыс шығару,қатты шөлдеу және т.б. себептерге байланысты дамуы мүмкін.Алғашында тіндік судың молшері азайса,бірте-бірте қан (плазма) құрамындағы су да азая бастайды (ангидремия).
Холера,ауыр диспепсия кезінде организм көп мөлшерде сұйықтық жоғалтады.Сондықтан бұл аурулардың сыртқы көрінісі ерекше: коздері шүңірейген,бет сүйектері,мұрны қырланған, жағы етсіз, терлері әжімденіп,өз киімі өзіне кең болып қалады.

Слайд 18

Тіндік сұйықтар мөлшерінің бұзылыстары
Ересек кісілер организмінің 60%-ны судан түрады.Егер оның

Тіндік сұйықтар мөлшерінің бұзылыстары Ересек кісілер организмінің 60%-ны судан түрады.Егер оның орташа
орташа массасы 70 кг деп алатын болсақ,судың массасы 42 литр.42литр судың 30 литрі жазуша ішінде,3 литрі плазма құрамында 9 литрі тіндік сұйықтықта болады.Су организмнің ішкі ортасын құрап, адам өмірінде аса маңызды қызметтерді (еріту,тасымалдау,өткізгіштік және де т.б. ) атқарады.
Тіндік сұйықтық мөлшерінің әр түрлі себептерге байланысты көбеюі (гипергидротация) немесе азаюы (гипогидротация) мүмкін.Тіндік сұйықтықтың көбеюі жергілікті яки жалпы ісіну немесе судың дене қуыстарына жийналып қалуы (шемен) түрінде көрініс табады.
Ісінудің негізгі себептеріне: гидростатикалық қысымның жоғарлауы,плазмалың онкотикалық қысымының томендеуі, натрий мен судың организмінде іркіліп,қалып,лимфаның тасылып кетуіне бұзылуы кіреді.
Гидростатикалық қысымның жоғарылауы веналық қанның ағып кетуінің қиындауына байланысты,оның жергілікті (веналардың басылып қалуы) немесе жалпы (жүрек қызметінің нашарлауы) себептері болуы мүмкін.
И.В.Давыдовский ісінудің жергіліктік аймақтық және жалпы түрлерін ажратады.

Слайд 19

Жергілікті ісінуге терідегі әр түрлі жәндіктер шаққанда,аллергиялық реакциялардың көрінісі есебінде дамитын ісінулердің

Жергілікті ісінуге терідегі әр түрлі жәндіктер шаққанда,аллергиялық реакциялардың көрінісі есебінде дамитын ісінулердің
кіргізуге болады.
Аймақтық ісінулерге пілаяқ құбылысын ,бауыр циррозында пайда болатын асцитті,вена тамырларының,лимфа жолдарының тромбозы нәтижесінде дамитын ісінуді жатқызады.
Жалпы ісінулер қан және лимфа айналымының түрлі себептерге байланысты бұзылуында дамиды.Жүректің (гипертония ауруы,атеросклероз,жүректің ишемиялық ауруы),өкпенің (созылмалы бронхиттер,бронхоэктазиялық ауру) созылмалы ауруларының соңғы, декомпенсация кезеңіне тән құбылыстардың бірі осы жалпы ісіну.
Оның сыртқы көріністеріне сұйықтықтың (трансудаттың) теріасты шелінде (анасарка),плевра қуысында (гидроторакс),құрсақ қуысында (асцит),жүрек қабында (гидроперикардиум) жиналып қалуы кіреді.

Слайд 20

Қорытынды
Лимфа жүйесі жеткіліксіздігінің зардаптары мен әсері ең алдымен лимфа жүйесінің

Қорытынды Лимфа жүйесі жеткіліксіздігінің зардаптары мен әсері ең алдымен лимфа жүйесінің ғана
ғана емес, вена жүйесінің де жеткіліксіз қызметінен дамитын тіндік метаболизмнің бұзылуымен байланысты. Осы өзгерістерден өрістейтін тіндік гипоксия, жедел ағымды лимфедемада – дистрофиялық пен некробиоздық өзгерістерге, ал лимфаның созылмалы ағымды іркілуінде – атрофия мен склерозға себеп болады.
Имя файла: 114317.pptx
Количество просмотров: 35
Количество скачиваний: 0