Слайд 2Жаһанша Досмұхамедов (1886-1938)
1886 жылы Орал облысы, Орал уезі, Жымпиты болысының, №
1 ауылында дүниеге келген.
Алаш қозғалысының аса көрнекті қайраткері, Алашорда үкіметінің мүшесі, Алашорданың Батыс бөлімшесінің төрағасы, заңгер.
Слайд 3Білім алған орны:
1899 жылы тамыз айында Орал әскери реалдық училищесіне түсіп, онда
1905 жылы 31 мамырға дейін толық курсын оқып бітіріп, сол жылғы 27 қарашада № 991 аттестатпен 1906 жылы тамыз айында, Орал облысының стипендиаты ретінде Мәскеу университетінің заң факультетіне түсіп, оны № 175 бітіру куәлігімен 1910 жылы 4 наурызда бітіріп шыққан.
Слайд 4Атқарған қызметтері:
1917 жылғы Ақпан төңкерісіне дейін округтық соттың прокурорының жолдасы (орынбасары) міндетін
атқарған.
1917 жылы 1-11 мамыр аралығында Мәскеуде өткен Бүкілресейлік мұсылман сиезіне басқа да қазақ делегаттарымен бірге қатысып, мұсылман істерін басқаратын «Шуро-и-Ислам» комитеті төрағасының орынбасарлығына сайланады. «Шуро-и-Исламның» ісімен Мәскеуде біраз болады. Сол жылы 21-26 шілдеде Орынборда өткен Жалпықазақтық сиезде Орал облысынан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына депутаттыққа ұсынылады.
Слайд 51917 жылы желтоқсан айында өткен Жалпықазақтық съезде Ж.Досмұхамедов Алашорда үкіметінің мүшелігіне облыстардан
тысқары делегат ретінде кіреді. Съезде автономия жариялау туралы екі пікір болғанын: оның бір жағында Ә.Бөкейханов бастаған топ «кейінірек», ол Халел және Жанша Досмұхамедовтер бастаған топ «дереу» жариялансын деген ұстаным қалыптасқан.
1918 жылдың наурыз айында Жанша және Халел Досмұхамедовтер Мәскеуге келіп, Ленин және Сталинмен келіссөз жүргізіп, Кеңес үкіметін Алашорданың желтоқсандағы съезінің қаулыларымен таныстырып, сондағы 11 шартты қояды. Кеңес үкіметінің жанынан Қазақ комиссариатының ашылуына қол жеткізеді.
Слайд 61918 жылы 6 мамырда Жымпитыда өткен Орал облысының 4-қазақ съезінде, құрамына Сырым
батырдың ұрпағы Салық және Сейіт ишан кірген 7 адамнан тұратын «Ойыл уәлаяты» құрылып, Жанша оның Уақытша үкіметінің төрағасы болып сайланады. Уәлаятта атты милиция жасақталып, оларды соғыс өнеріне үйрететін курс ашылады. Әр түрлі шаруашылық құрылымдар ашылады.
Мәскеудегі келіссөзден кейін Ж.Досмұхамедовтің Кеңес өкіметіне деген көзқарасында біраз өзгерістер туады. «…бізді жылы шыраймен қабылдаған бірден-бір өкімет, ол Кеңес өкіметі. …біз көптен бері автономияны талап етіп келіп едік, Кеңес өкіметінен басқа еш өкімет бізді қош көрмеді» және «Кеңес өкіметін саяси күш ретінде қырғыз (қазақ) халқы да мойындау керек» деп мәлімдеді. Аталған мәлімдемелер жөнінде Жанша мен оның серіктестерінің арасында біраз келіспеушілік туындайды.
Слайд 7Батыс Алашорда бөлімшесі таратылып, оның жетекшілері біраз уақыт қазақ даласынан аластатылғанда, Жанша
1920 жылы жаз айларын Мәскеуде Бас тоқыма өнеркәсібі басқармасында инспектор болып, қыркүйек айында аталған мекеменің жолдамасымен Ташкентке жіберіліп, Түркістан Республикасы Халық шаруашылығы Орталық кеңесінің жүн-жұрқа бөлімінің меңгерушісі болады және ТР ОАК қазақ бөлімінің хатшысы қызметін қоса атқарады.
Ташкентте қазақ зиялылары құрған мәдени-ағарту «Талап» қауымдастығына мүше болып, оның тапсыруымен қазақ тілінде алғашқы қылмыстық кодекс жобасын әзірледі. Онан кейін ол қазақ астаналары Қызылорда, Алматы қалаларында әр түрлі қызметтер атқарып, 1930 жылы Мәскеуге қызметке ауысады. Сол жылы қазан айында тұтқындалып, 1932 жылы Воронежге 5 жыл мерзімге жер аударылады. 1938 жылы қайта тұтқындалып, үштіктің шешімімен ату жазасына кесіледі.
Слайд 8Жаһанша Досмұхамедов туралы деректер
XX ғасыр басында қазақ қоғамында өз халқының егеменді ел
болуын көксеген Батыс Алаш Орда хүкіметін құрушы азаматтың бірі – Жаһанша Досмұхамедов.
Ол 1886 ж. Жымпиты (қазіргі Сырым) ауданының Бұлдырты елді мекенінде дүнияға келген. Жаһаншаның туған жылы хақында мұрағат құжаттары мен ғылыми әдәбияттарда әр түрлі мерзім көрсетіліп жүр. Мәселен, Мемлекеттік Қауіпсіздік комитетінің мұрағатынан алынған құжатта «Досмұхамедов Жаһанша – Қазақ. Партияда жоқ (айыпталған уақытта 44 жаста).
Слайд 91930 ж. 31 қазанда Мәскеудегі «Мал шаруашылығы» басқармасында аға экономист қызметін атқарып
жүрген кезінде, бұрынғы Қазақ КСР ППОГПУ ұйымдары арқылы “Алаш” партиясының ұйымдастырушыларының бірі және Алаш Орда хүкіметінің бұрынғы мүшесі болды деген айыппен қамауға алынды» деп келтірілсе, ал Ресей Федерациясы Әділет министрлігі Мәскеу қалалық сотынан алынған анықтамада «1887 ж. бұрынғы Орал облысы, Жамитай ауданында туып өскен» деген мәліметтер келтіріледі.
Слайд 10 Досмұхамедов 1896 ж. Орал қаласындағы реалдық әскери мектебіне түсіп, оны 1904
ж. үздік бітірді. 1906 ж. белгілі қоғам қайраткері, заңгер Бақытжан Қаратаевтың (1860-1934) ақылымен Петербор университетінің заң факултетіне түсіп, бұл оқу орнында орыс және батыс ғалым-заңгерлерінің озық ойлы еңбектерімен танысып, қазақ тәрізді кереге биліктен азаматтық-заңдық билік түріне көшудің аса қажет екендігін ұғынды. 1911 ж. Жаһанша университетті үздік бітіргеннен кейін Оралға келіп, заңгерлік қызметке орналасады. Алайда, «Уральский листок» газетіне қазақ халқының бұрыннан шешімін таппай келе жатқан жер мәселесі жөнінде мақала жариялап, жерге қатысты ойын ашық айтқанынан сескенген Орал генерал-губернаторы оның қызметін ауыстырып, Том қаласына жібереді. Сөйтіп, Жаһанша 1911 жылдан 1917 жылдың ақпанына дейін Томда әуелі адвокаттық қызмет, кейіннен Том округтік сот прокурорының орынбасары қызметін атқарады.
Слайд 12Жаһанша Досмұхамедұлы Алаш Ордаға келуі және қызметі:
Патша үкіметі тұсында білім алып, империяның
құқық қорғау органдарында жемісті қызмет істеген қазақ заңгерлерінің бірі Жанша (Жаhанша, Жаhаншаh) Досмұхамедұлы Досмұхамедов болатын. Ол 1917 жылы жария болған Алаш автономиясының да аса ірі қайраткерлерінің бірі әрі бірегейі болған еді.
Слайд 13“Менің қоғамдық-саяси қызметім тұңғыш рет 1910 жылы көрініс тапты, — деп жазыпты
Жаhаншаh Досмұхамедұлы 1930 жылы ОГПУ тергеушісіне берген көрсетілімінде өз қолымен, — мен университет бітіргеннен соң Орал болысына келіп, Орал қаласында орыс тілінде жарық көріп тұрған “Уральский листок” (“Орал парақшасы”) газетіне қазіргі Қазақстан аумағына ішкі Ресейден шаруаларды жүйесіз көшіріп әкеліп қоныстандыруға қарсы бірнеше мақала шығарған болатынмын. Осы мақалаларым үшін мені Орал губернаторы облыстық басқармада [оқыған уақытымда алып тұрған] стипендиялар өтеуіне қызмет ету құқымнан айырды”. Бұл кезде Жанша Досмұхамедұлы саяси көзқарасын империя астанасындағы қоғамдық белсенділігі зор мазасыз да білімқұмар студенттік шақ қалыптастырған, туған еліне қызмет етуге құлшынған жиырма үш жасар жас заңгер-маман еді.
Слайд 14Орал облысының барлық болыстарынан сайланып келген 800 делегаттың қатысуымен 1917 жылғы 19
сәуірде Орал қаласының цирк үйінде қазақ құрылтайы ашылды. Халық өкілдері, қолайлы саяси ахуал шабыттандырған ерекше көтеріңкі көңіл-күймен, төрт күн бойы мәжіліс құрды. Сол бірінші облыстық қазақ съезінің төрағалығына бір ауыздан Жаhанша Досмұхамедұлы сайланған-ды.
Құрылтай Төрағасы ретінде ол халық өкілдері жиналысының мазмұнды өтуіне тікелей әсерін тигізді.Жанша Досмұхамедұлының ұсынуымен съезд алғашқы күні мемлекеттік басқарудың түрі туралы және уақытша үкімет пен соғысқа көзқарасты айқындау жайында мәселелер қарады.
Слайд 151919 жылдың соңына қарай Жанша Досмұхамедұлы басқарған Батыс Алаш-Орда мен кеңес өкіметі
құрған Қазақ революциялық комитеті арасында келіссөздер жүргізіледі. Ақыры, Батыс Алаш-Орда әскерлері желтоқсан айында ақтардың Елек корпусын талқандайды да, батыс-қазақ үкіметі ашықтан ашық күллі билік құрылымы, әскери жасағымен бірге кеңес өкіметі жағына шығады. 1920 жылғы 11 қаңтарда Қазревком мен І-армия ревәскеркеңесінің өкілдері қатысқан Алашорда Батыс бөлімшесінің мәжілісінде Алашорда мен Қазақ өлкесін басқару жөніндегі әскери-революциялық комитеттің бірігіп-қосылатыны туралы шешім қабылданады. Бірақ ол, большевизмнің негізгі қаруларының бірі — өтірік уәдемен алдауы салдарынан, іс жүзінде орындалмайды.“1920 жылдың ақпан айының соңында Алашорда Батыс бөлімшесінің мүшелерімен бірге, Кирревкомның жазбаша ұсынысы бойынша Орынборға келдім, — деп жазды Жанша 1930 жылы.