Слайд 3Ұлттық Банк мұражайының қорында 5 мыңнан астам жәдігер бар. Ал экспозицияға мыңнан астам әр түрлі

жәдігерлер қойылған. Олар: алтын адамның макеті, банкноттар, монеталар, тарихи құжаттар, кәдесыйлар, алыс және жақын шетелдерден келген қонақтардың сыйлықтары, Мемлекеттік банктің Қазақ Республикалық кеңсесі басқарушыларының портреттік галереясы, Ұлттық Банк Төрағаларының портреттері, антиквариат жиһаздар және альбомдар.
Слайд 4Ұлы Жібек жолы — біздің мыңжылдықтың бірінші ғасырынан бастап Х ғасырға дейінгі аралықта

әйгілі ұлы сауда керуен жолы болған. Бұл кезең Отырар, Тараз, Испиджаб, Сарайшық қалашықтарында жүргізілген қазба жұмыстары кезінде табылған монеталармен әйгілі
Слайд 7Орта ғасырда монеталарды тек беделді ру-тайпа өкілдері ғана шығарған. Олардағы белгілер мен

таңбалар осы биліктің нышанын көрсетіп тұрған. Яғни бұл кезеңнің монеталарында таңба ретінде жер, су, аспан және әр түрлі хайуанаттардың сұлбасы, балық қаңқасы, құстардың бейнесі өрнектелген.
Слайд 8Ал бұл ортасында төрт бұрышты ойығы бар монеталар Ұлы Қытай қорғаны арқылы өтуге

рұқсатнама ретінде қолданылған.
Слайд 9Ресейдің бірінші қағаз ақша белгілері ІІ Екатеринаның кезінде 1769 жылы, ал монеталар 1534 жылы пайда

болған.
Слайд 111725 жылы шведтің мыс плиталарының үлгілері бойынша төрт бұрышты пластиналар түрінде соғылған

мыс рубль. Металл ақшаның бұрыштарына елтаңбаның бейнесі, ортасына құны және шығарылған жылы бейнеленген. Салмағы 1,6 киллограмм, мөлшері 18-19 сантиметр.
Слайд 121919 жылғы наурызда РКФСР ХКК-нің 1919 ж. 4 ақпандағы декретке сәйкес пайда болған ақшалар

Слайд 131920 жылы Хорезм республикасында ақша жібектен жасалынып, ол «шелковкалар» деп аталды. Кейінінен бұл

ақша күшін жойғаннан кейін оларды әйелдер құрақ көрпелерге пайдаланған.
Слайд 15Қазақстанның тұңғыш Ұлттық валютасы Англиядағы «Харрисон және оның ұлдары» деп аталатын ағылшын

компанияларының бірінде дүниеге келген.
Слайд 17Қазақстан Тәуелсіздігінің 10 жылдығына арнайы шығарылған тұңғыш күмістен жасалған 1 киллограмдық тиын. Бұл тиын

екі нұсқада шыққан. Сол жақтағы еуропаның, ал оң жақтағысы шығыстың безендіру үлгісі бойынша жасалынған.
Слайд 18Астана қаласының 10 жылдығына арнайы шығарылған ескерткіш күміс монета.

Слайд 19Тәуелсіздіктің 20 жылдығына арналған ескерткіш алтын монета.

Слайд 22Қазақ жерінде тұңғыш рет өткен VII Қысқы Азиада ойындарына арнап Қазақстанның Теңге

сарайы шығарған 1 килограммдық күміс монета.
Слайд 23Қазақстандағы барлық монеталар Өскеменде орналасқан Теңге сарайында дайындалып шығады. Олардың дизайнын Ұлттық

банктің банкноттар мен монеталар дизайны бөлімінің дизайнерлер тобы жасайды.