Слайд 2
Жоспары :
І. Кіріспе
ІІ.Негізгі бөлім
А) Шындыққа келмейтіндерді жариялаудың проблемалары
ІІІ.Қорытынды
ІУ.Пайдаланылған әдебиеттер
Слайд 3Медициналық тұрғыда негізделген айғақтар – бұл клиникалық зерттеулердегі, сарапталатын және қорытындылайтын методологиялық
тіл табысудың құралы болып табылады. Қазіргі кезде клиникалық зерттеулер жасауда сараптама қорытындысы үшін негізделген айғақтардың қажеттігі анық. Яғни, бұл «дәлелді медицина» ұғымына терең көзқарасты меңзейді. «Дәлелді медицинаның» негізгі мағынасы – бұл дәрiгерлiк тәжiрибенiң тек қана пайдалы, сапалы, ғылыми зерттеулерде дәлелдейтiн кiрiсулерiн жеке емделушiнiң емдеуiне қолдану айырмашылығы болатын медициналық практикадағы әдіс. Медицинадағы мәселенің бір түйіні - ол жай алынған ақпараттан гөрі, өңдеу мен ақпараттық жинақтаудың терең айғақтарына негізделген деректер деуге болады.
Слайд 4 Ең мықты деген газет-журналдарға суйенудің қажеті жоқ! Арнайы мамандар зерттеу жүргізгенде
кейбір мақалалардың шындыққа қаншалықты жанасатындығын аңғарудың қыйындығын көрсетті, өйткені кей авторлар өз ойындағысын мінсіз дұрыс деп ойлағандықтан, әр түрлі дәлелдемелерді енгізу арқылы қате ақпарат беруіде мүмкін.Қазіргі кезде көптеген ғалымдардың жалған ақпарат немесе дәлелді негізі жоқ ақпарат берулері біріншіден-қаражатқа байланысты, себебі зерттеу жұмыстарының дәлдігі бірнеше тәжірбие негізінде қаланады, ал бұл қаражатқа келіп тіреледі; екіншіден- уақытқа байланысты дәлелдік негізі жоғарғы РБЗ, когорттытық зертеуледің өзі бірнеше жылдарды қамтиды; үшіншіден квалификацияны ,ғылыми жұмыстардың профессионалдығы, жасалған мақалалардың саны мен бағаланады.
Слайд 5 Бұл мақалаларды «сұр мақалалар» деп та атайды.Сұр мақалалар –жарнама берушілер қаражатына
бастырылған,ақысыз таратылатын немесе өте арзан бағамен таратылатын журналдар болады.Бұндай журналдарда ақпарат жарнама берушілер пайдасына қарай өзгертіледі.Дәрігерлерге ондай ақпарат қажет емес,кейбір кезде өтірікті шындықтан айыру қиын.
Мақаланың стандартты компоненті :
-Атауы
-Авторлар тізімі
-Реферат
-кіріспе
-Негізгі зерттеу
-методикасы
-Деректердің статистикалық анализі
-Зерттеу нәтижесі
-талқылау
-Әдебиеттер.
Слайд 6 Клиникалық дерек - бұл зерттеліп жатқан препараттардың және диагностиканың басқада әдістерінің
профилактикалық сипатталуының адамдарға жүргізілетін, клиникалық, фармакологиялық және фармакодинамикалық нәтижесіндегі анықтау мен нақтылау барысына жасалған және зерттеудегі препараттардың кері әсерін анықтауда, организмнің қабылдауы мен сіңіруі байқауларында, таратылуында, метаболизм мен ағзадан препараттардың шығарылуында, қауіпсіздігі мен тиімділігін анықтау мақсатында ұйымдастырылған баяндама.
Слайд 7 Мақаланы тексеріп және оған қарсы пікір білдіру оңай жұмыс емес, сондықтан
кей ғалымдар жалған ақпаратқа сеніп оған жугінеді. Дәстүрлі тәжірбиеде қателерге көз жұма қарау әдетке айналған. Өз әріптестеріңнің қателерін тауып, жариялау мәдениеттікке жатпайды. Сондықтан да жалған ақпараттар әлі күнге дейін жойылмақ емес.
Слайд 8 Атауы ретімен жақсы жазылған атау мақаланың негізгі мазмұнын көрсетеді. Егер мақала
атауы сізді қызықтырса, әрі қарай авторлвр тізімін қараңыз. Кейбір жағдайда сіз таныс атты көресіз соның өзі ақпаратты оқудың қажет-жоқтығын көрсетеді.
Слайд 9Қорытынды:
Сонымен,қорыта айтқанда, дәлелдемелі медицинаның негізгі принципінің бірі ақпаратқа критикалық анализ жүргізу. Әр
ақпараттың сапасы оның қатаң зерттеу методикасымен жүзеге асырылады. Мысалы эксперименталды жануарларға істелінген зерттеуді адамдарға қолдануға болмайды, немесе кіші топта жақсы нәтиже берген зерттеуді, жасында айырмашылығы бар, аурудың басқа ауыртпалығымен көрінетін өзге науқасқа қолдануға болмайды