Слайд 2Ұйқысына қарап таны
Тұрақты оқырмандарымызға бұдан алдын адамды, әсіресе, жігіттер қауымын отырысына, күлкісіне,
шалбарына, беттегі әжіміне, жұлдыз жорамалына қарап мінезін тануды, ойын оқуды, сезімін білуді айтқан болсақ, бүгін тағы бір сыр сандықты алдарыңызда ақтарғалы отырмыз. Яғни, адамды ұйқысына қарап тану жолдарын назарларыңызға ұсынамыз. Мамандарымыз адам баласының төрт бірдей қалыпта жиі ұйықтайтындықтарын анықтаған екен. Олардың сөздеріне нанар болсақ, осы төрт көрініс арқылы адамның құпиясын оп-оңай біліп алуға әбден болады.
Слайд 3Құрсақтағы бала секілді жату
Слайд 4Құрсақтағы бала секілді жату
Анасының құрсағында жатқандай ұйқы құшатын адамдар өмір шындығын
сол қалпында қабылдаудан жүрексінетін жандар екен. Нақтырақ айтсақ, олар айналасында болып жатқан күрделі әрі кенеттен болған өзгерістерге өздіктерінен еріп кете алмайды. Мұндайлар әрқашан да өзіне жол көрсетететін, өзі үшін жауапкершілікті мойнына алатын «нұсқаушыларға» зәру екендігін біліп жүріңіз.
Слайд 6Етпетінен жату
Етпетінен жатып тәтті түс көруді жөн көретін адамдар өз өмірлеріне
өздері қожа. Олар қаншалықты ауыр болса да, кез келген қиындықты өзгенің көмегінсіз шешуге құштар болып келеді. Осы мінездерінің арқасында талай қиын-қыстау күндерді артқа тастап келе жатқан мұндай жандар өз шешімдерін ғана дұрыс деп табады. Сондай-ақ, айтқан сөзінде тұратын жақсы қасиеттерден де ада емес.
Слайд 7Шалқасынан түсіп жату
Ханның мұрагерлеріне тән дәл осындай жатыспен ұйықтайтындар өздеріне сенімді,
психологиялық жағынан қиындықтарға душар емес, рухы биік жандар қатарына жатады. Олар өмір өзеніндегі кез келген кедергіге төтеп беріп, әрбір аяқтан шалушымен тайсалмастан күресе алады және қашанда «жеңімпаз» деген атаққа өзі ие болады. Қайтпас қайсар болған әрине жақсы, алайда, олардың бойынан өзімшілдік, тәкаппарлық сынды жағымсыз қасиеттерді кездестіріп жатсаңыз, таң қалудың еш қажеті жоқ.
Слайд 9Бір бүйірлеп жату
Өзіңіз құпиясын ақтарғыңыз келіп жүрген жан бір бүйірлеп жатып ұйықтайтын
болса, қуана беруіңізге әбден болады. Себебі, мұндай қалыпта ұйықтайтындар салиқалы ақыл-ойдың иелері екен. Сіздің тарапыңыздағы үкілеген үмітті ақтауға толық шамалары жетеді. Олар басқа түскен кез келген тауқыметті ақылмен шешіп, жолын оп-оңай тауып кете алатындығымен көпшілікке сыйлы болып та жүр.