Слайд 2Ағза - біртұтас тіршілік иесі. Әр түрлі ұлпалар бірімен-бірі қосылып, мүше түзеді. Әрбір мүше

белгілі қызмет атқарады.
Слайд 3Мүше дегеніміз - белгілі пішіні, құрылысы, орны бар бір немесе бірнеше қызмет

атқаратын дене бөлігі. Ағзаның ішкі қуыстарында (мысалы, кеуде, құрсақ, жамбас) орналасқан мүшелерді - ішкі мүшелер деп атайды.
Слайд 4Әрбір мүшеде барлық ұлпалар кездеседі, бірақ олардың біреуі ғана басым болады. Мысалы,

дәнекер ұлпасы ағзаның ішкі ортасын, эпителий ұлпасы — асқорыту, тынысалу мүшелерінің сілемейлі қабықшасын түзеді. Бұлшықет ұлпасы - өңеш, ішектер, қуықтың қабырғаларын құрайды. Жүйке ұлпасы - ми мен жұлынды және жүйкелер мен жүйке түйіндерін түзеді.
Слайд 6Мүшелердің пішіндері, мөлшері және орналасу орны жағынан бірінен-бірінің айырмашылығы бар. Шығу тегі,

құрылысы және атқаратын қызметі ұқсас мүшелерді мүшелер жуйесі дейді.
Адам денесіндегі атқаратын қызметі біріне-бірі байланысты мүшелер бірігіп мүшелер жүйесін түзеді. Мысалы, тірек-қимыл, зәр-жыныстық, эндокриндік мүшелер жүйесі бар.
Слайд 7Эндокриндік жүйе – арнайы заттардың (гормондар) көмегімен ағзадағы барлық процестерді реттейді. Мүшелер қызметінің

гормондар арқылы реттелуін гуморальдық реттелу дейді.
Жүйке жүйесі – барлық мүшелер мен мүшелер жүйесін біртұтас етіп біріктіріп, олардың жұмысын реттейді.
Слайд 8Сезім мүшелері (сенсорлық жүйе) – сыртқы ортадан тітіркендіруді қабылдайды әрі оған жауап қайтарады.
Тірек-қимыл

жүйесіне (аппараты) бұлшықеттер мен қаңқа жатады. Олар тіректік, қозғалыстық және қорғаныштық қызмет атқарады.
Жүрек-қантамырлар жүйесі – жүрек пен қантамырлар ағзада қанайналымды қамтамасыз етеді.
Слайд 9Тынысалу жүйесі тынысалу мүшелері (мұрын қуысы, жұтқыншақ, көмей, кеңірдек, бронхылар, өкпе) қан мен

қоршаған орта арасындағы газалмасуға қатысады.
Зәр шығару жүйесі – зат алмасудың нәтижесінде ағзада түзілген (тұз, несеп) өнімдерді ағзадан сыртқа шығарады.
Жыныс жүйесі – ағзаның артына ұрпақ қалдырып, тіршілігін жалғастыруды қамтамасыз етеді.