Фурманов көшесі: өткені мен бүгіні
Жоспары:
І. Кіріспе ІІ. Негізгі бөлімі: 2.1.Фурманов көшесінің тарихнамасы және қысқаша мәлімет. 2.2. Фурманов деген кім? ІІІ. Қорытынды. Фурманов көшесінің тарихнамасы және қысқаша мәлімет. Көшеге орыс жазушысы, Чапаевтың 25-атқыштар дивизиясының комиссары . Дмитрий Андреевич Фурмановтың есімі 1956 жылы берілген. Фурманов Дмитрий Андреевич (1891-1926) Ресейдің Кострома губерниясының Середа селосында (қазіргі Иваново облысындағы Фурманов қаласы) дүниеге келген. Ол - «Бүлік», «Чапаев» романдарының авторы. Көше Жетісу, Алмалы, Бостандық аудандарында орналасқан. Райымбек даңғылынан басталып, Таулы қыраттағы Қажымұқан көшесіне дейін созылып жатыр. Төле би, Тимирязев Мәметов, Молдағұлов, Мақатаев, Қазыбек би, Бөгенбай батыр, Жамбыл, Шевченко, Қүрманғазы, Сәтбаев атындағы көшелермен қиылысады. Бұрынғы атауы - Лепсі (Лепсинская) көшесі. Көшенің ұзындығы - 6050 метр. Көше бойында Қазақ ұлттық аграрлық университетінің ғимараты, Алматы қаласы Әкімдігі, «Универсам», «Алтын» «Гаухар», «Мұхит», «Рамстор» сауда орталықтары орналасқан.