Өт жолдары дискенизациясы мен өт тас ауруы
Өт-тас ауруы Өт қабындағы тастар - өт қабындағы өттің құрамында холестерин, билирубин немесе өт тұзы қалыптыдан көп болу салдарынан, түзілетін қатты конкременттер. Өт қабындағы тастардың өлшемі құм тәрізді ұсақ немесе гольфтың кішкентай добына дейінгі көлемде болады. Өт тастарының екі түрі болады: холестериндік және пигменттік: Холестеринді тастар, сарғыш-жасыл түсті, ал салмағы жеңіл болады, сондықтан суға батпайды. Бұндай тастардың рентген сәулесіне деген контрастығы өте төмен. Осы себептен оларды анықтау үшін контрасты рентгенологиялық зерттеу қажет. Рентген суретінде бұндай тастар, көбінесе, өт қуығында қалқып жүреді. (“қалқымалы тастар”). Пигменттік тастар тастардың құрамында билирубиннің көлемі басымырақ болады, ал олардың түстері қоңыр-қара, құрылысы аморфты болып келеді.