орналасқан компьютерлерді біріктіреді. Жергілікті желі құрудың негізгі мақсаты – өндірістік процестерді автоматтандыру, қажетті құжат-тарды жедел өңдеу мен ақпарат алмасуды жылдамдату. Жергілікті желіге қосылған әрбір компьютер кабельдер арқылы желілік бейімдеуіш (адаптер) көмегімен байланысқа түседі.
Корпоративтік немесе аймақтық желі – бір қала немесе аймақ көлемінде компьютерлердің бір жүйеге бірігуінен пайда болатын желі. Корпоративтік желі ірі компаниялар мен банктер сияқты құрылымдардың пайдалануы үшін өте ыңғайлы. Белгілі бір ұйым немесе мекеме де өзара электрондық құжат алмасулар үшін аймақтық желіні қолданады. Аталған желі арқылы олар өзара байланысқа түсе алады.
Дүниежүзілік желі – дүниежүзі бойынша компьютерлерді ортақ бір арнаға біріктіру арқылы байланыс жасау желісі. Қазіргі кезде мұндай желінің қызметін интернет атқарады. Интернет желісі арқылы бір уақытта, бір мезетте миллиондаған пайдаланушы байланыса алады. Желідегі компьютерлер жұмысын арнайы программа басқарады. Олар бір-бірімен ақпарат алмасу кезінде бәріне ортақ ережемен байланыс жасауы керек. Осы ортақ ережені «желілік хаттама» деп атайды.
Компьютерлік желілер мен олардың жіктелуі