педагогикалық процесті сауатты ұйымдастырумен бірге, оқушылардың жан-жақты қызмет әрекетін тиімді ұйымдастыру, жеке тұлға дамуының шарты болып табылады.
Адамның жеке тұлға болып қалыптасуына сөйлеу, ойлау, тік жүру секілді адамға тән бейімділіктердің дамуы үшін қоғам мен орта қажет. Адамның мейілінше дамуына әсер ететін әлеуметтік орта, әсіресе, қазіргі уақыттағы экономиканың өзгеруі, қала мен ауылдағы өмір жағдайлары, миграциялық және демографиялық процестер, сәбилердің дүниеге келуіндегі, өмірінің ұзақтығындағы өзгерістер жатады.
Тәрбие көп факторлы, екi жақты және белсендi үрдiс
Тәрбие - жеке тұлғаның қалыптасуының ең басты факторы. Тұқым қуалаушылық, орта және тәрбие жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуының негізгі обьективті факторлары болып табылады. Биологиялық фактор, тұқымқуалаушылық пен адамға тән қасиеттер: іс-әрекеттің кез келген түріне бейімділігі жатады. Адамның биологиялық жетілуі мен өзгеру процесі оның мінез-құлқына әсер етеді.
.