ОБЖ Тілейхан Салтанат СМҚ 111

Содержание

Слайд 2

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі

Жүрек аурулары, әр түрлі аурулардың асқынуынан немесе жүрек және қантамыр жүйесі қызметі
бұзылуы мен зақымдануынан пайда болатын аурулар. Жүрек ауруларының жиі кездесетін түрлері: ревматизм, гипертония, жүрек ақауы, жүрек демікпесі, жүрек және қан тамыр неврозы, миокард инфарктысы, гипотония, т.б. Жүрек ақауы – жүрек қарыншалары мен жүрекшелерінің арасындағы қан өтетін саңылау тарылып, жүрек қызметінің бұзылуы. Мұның туа және жүре пайда болатын түрлері бар.

Слайд 3

Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен

Туа пайда болған жүрек ақауы көбіне ұрықтың дамуы кезінде, жүректің қалыпты жетілмеуінен
болады. Жүре пайда болатын жүрек ақауы, негізінен, баспа, мерез, т.б. аурулардың асқынуынан болады. Бұл жағдайда жүректің ішкі қабаты қабынып, қақпақшалар беріштеніп, кішірейіп, жүрекше арасындағы саңылауды толық жаба алмайды. Сондықтан қарынша жиырылғанда қан жүрекшеге қайта құйылып, оны кернеп әлсіретеді. Қан айналысы бұзылып, жүрек қызметі нашарлайды. Адам алғашқы кезде ауруын сезбейді. Ауру асқынған кезде науқас ентігеді, жүрегі қағып, шаншып, қан айналысы төмендейді, қол-аяғы ісінеді. Жүрек және қан тамыр неврозы – жүрек және қантамыр жүйесі қызметінің бұзылуы мен зақымдануы. Бұлар үш топқа бөлінеді.

Слайд 4

Жүрек қан-тамыр неврозы:

Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл кезде

Жүрек қан-тамыр неврозы: Бірінші тобы – жалпы невроз (неврастения, истерия, т.б.). Бұл
жүректің соғуы бұзылады. Клиникалық белгісі: адамның беті қызарады, сұрланады, басы ауырады.

Екінші тобы – гипертония, гипотония аурулары. Бұл аурулар мидың жүрек пен қан тамырының жұмысын реттейтін жүйке орталығы қызметінің бұзылуынан, сондай-ақ, ми қыртысының ауруға шалдығуынан пайда болады.

Үшінші тобына вегетативтік жүйке жүйесін зақымдап, кейін ми қыртысына таралатын жүйке аурулары жатады. Ауру көбіне адамның жеке органдарында дамып, кейін жұлын және симпатикалық жүйке жүйесінің басты бөлімдеріне таралады. Бұған Меньер, Рейно аурулары, Вольфра – Паркинсон – Уайт синдромы, бас сақинасы, стенокардия, жүрек аритмиясы,, т.б. жатады.

Слайд 5

Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты.

Бұлшықеттерге ауыр күш түсіретін

Жүрек пен қантамырлар жүйесінің аурулары әр түрлі жағдайларға байланысты. Бұлшықеттерге ауыр күш
жұмыстар - жүрек бұлшықеттеріне зақым келтіріп, жиырылу әрекетін төмендетеді. Жүрек бұлшықетін қанмен жабдықтайтын қантамырларды қанқатпа бітеліп, оттегі мен қоректік заттарды тасуға кедергі жасайды.

Өте қауіпті жұқпалы ауруды қоздырушылардың бөлетін уы қанмен жүрекке жетіп, жүрек бұлшықеттерін зақымдайды.

Қалқанша без гормонының не аз, не көп бөлінуі ырғақты жиырылуды бұзады.

Жүрек қақпақшалары бактериялармен зақымданғанда жабылмай, жүрек жиырылғанда қанның кері ағуына әсер етеді.

Слайд 6

Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты

Қан қысымының өзгеруі. Адам қартайған

Жүрек - қантамырлары аурулары жүйке жүйесіне де байланысты Қан қысымының өзгеруі. Адам
сайын артерия қантамырлары қабырғаларының серпінділігі төмендеп, қатайып, тығыздалып, қуысы тарылады. Мүшелерге қан аз келеді, артерия қантамырларында қан қысымы жоғарылайды. Қан қысымының көтерілуі бүйрек ауруына, жүйке жүйесінің күйзелісіне, дененің аз қозғалуына байланысты. Қан қысымы қатты көтерілсе, қантамырлардың жарылуы мүмкін. Миға қан қүйылу өте қауіпті. Себебі ми жасушалары зақымданып, бұлшықеттер жансызданады. Қол-аяқ әлсізденіп сал болады. Бұл кезде артерия қантамырларындағы қан қысымы сынап бағанасымен 200 мм-ден асады. Егер қан қысымы төмендесе, сынап бағанасының көрсеткіші 70-80 мм төмен болады. Мұндай аурулардың белгілері: бас ауырады, жүрегі айниды, құлағынан шу кетпейді, тамаққа тәбеті тартпайды, жүректің жиырылуы бірде жиілеп, бірде бәсендейді.Адамда қан қысымы көтерілсе не төмендесе, нәруызы бар тағамды аз пайдалану керек. Күніне 8-9 сағат ұйықтау, ашуланбау, таза ауада көбірек жүру жүрек-қантамырлар жүйесіне өте қолайлы.

Жүрек кемістігі.Жүрек кемістігі жүрек қақпакшаларының зақымдануынан болады. Жүрек кемістігі туа пайда болған және жүре пайда болған деп 2-ге бөлінеді. Туа пайда болған кемістік іште жатқанда ұрық жүрегінің дұрыс қалыптаспауынан туындайды. Ондай ақаулық жүректің жүрекшелерінде байқалады. Жүре пайда болған кемістік жұқпалы аурулардың әсерінен де болады. Жүрек қақпақшаларының жармаларының жиегі тегіс болмай кедір-бұдырлы тыртық болып қалады. Қақпақшалар жабық тұрса да, қанға тосқауыл бола алмай жүректе қан іркіліп тоқтап қалады.

Слайд 7


Вена қантамырларының кеңеюі.Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена

Вена қантамырларының кеңеюі.Ұзақ уақыт аяғынан тік тұрып жұмыс істеген адамдарда вена қантамырлары
қантамырлары кеңейеді. Кеңейген жерлерінде қанқатпа пайда болады. Сыртынан түйін-түйін болып көзге айқын білінеді. Вена қантамырларында қан қысымын жоғарылатады. Аяқ көп қимылдамаған соң оның бұлшықеттері де жиырыла алмайды. Қанқатпа ауруы асқынбау үшін көбірек қозғалу керек.

Қаназдық (анемия) - қанда эритроциттердің азайып, гемоглобиннің кемуінен болатын ауру. Қаназдықтың болу себептері: денеден көп қан кету; химиялық заттардың, удың, безгек ауруының әсерінен эритроциттердің тіршілігін жоюы; кемік майы, бауыр, көкбауырдың зақымдануы; эритроциттердің түзілуіне қатысатын заттардың (темір, В12 витамині) жетіспеуі және т. б. Қан оттегіне қанықпағандықтан, мүшелер мен ұлпаларға оттек жетіспейді. Зат алмасу бұзылады. Эритроциттердің мөлшері азайғанда қанның тұтқырлығы төмендеп, жүрек соғуы жиілейді. Қаназдықтан жүрекке көп күш түседі. Оны қан құю арқылы емдейді.

Ақ қандылық (лейкемия) лейкоциттердің тез көбейіп, қан ағынын толтырып жіберуден пайда болады (гр. leukas - ақ, гр. haima - қан). Лейкоциттер кеміктегі жілік майын ығыстырып, эритроциттердің түзілуіне кедергі жасайды. Бұл ауруды рентген сәулесі, радиоактивті элементтермен емдейді.

Слайд 8

Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем.Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен ағзадан қан

Қан кету кезінде көрсетілетін алғашқы жәрдем.Әр түрлі қолайсыз жағдайлардың әсерінен ағзадан қан
кетуі мүмкін.Артерия қантамырларынан қан кету өте қауіпті, аз уақыттың ішінде көп қан жоғалтады. Себебі артерия қантамырларында қысым жоғары болғандықтан, қанның ағуы да тез болады. Мұндайда жарақаттанған жердің жоғарғы жағын саусақпен қысады. Жарақаттың бетін таза шүберекпен жауып, үстінен бұрау жіппен қатты қысып байлайды. Артерия қантамырларынан аққан қан алқызыл түсті болады.Вена қантамырларынан аққан қан күңгірт-қызыл түсті. Вена қантамырлары жарақаттанса, қан аққан жердің төменгі жағынан саусақпен басып тұрып қатты таңады.Мұрыннан қан кеткен кезде - басты сәл көтеріп жатқызып немесе отырғызып, көз аралығының қырына суық шүберек басады. Мақтаны сутектің асқын тотығымен (перекись водорода) дымқылдап танауға тығады. Басты тым шалқайтуға болмайды, қан тамаққа кетіп, қақалып қалуы мүмкін. Ең абзалы дәрігерге көрсету керек.Ішкі қуыстарға қан кету (кеуде, құрсақ, бассүйектің ішіне және т. б.) адам ағзасы үшін өте кауіпті. Бұл кезде жедел операция жасау қажет. Ішкі қуыстарға қан кеткенде тері бозарады, суық тер шығады, тынысалу баяулайды, тамырдың соғуы өзгереді. Бұл кезде басты көтеріп жатқызып, қан кетті деген жерлерге суық су басады.

Слайд 9

Жүрек мүлде тоқтал қалғанда және оның жиырылып-cозылу қызметі бұзылғанда жүрек сыртына

Жүрек мүлде тоқтал қалғанда және оның жиырылып-cозылу қызметі бұзылғанда жүрек сыртына массаж
массаж жасалады. Алайда жүрек ырғағы әдеттегідей естілмесе де, уақытты өткізбей, дереу жүрек тұсына массаж жасау қажет. Өкпені қолдан желдету қанның оттегімен қанығуына мүмкіндік береді, сондықтан да жүрекке массаж жасаудың ең басты міндеті — организмде қанның жүруін қамтамасыз етіп, адамның ең маңызды тіршілік органдарына оттегін жеткізу, соның нәтижесінде дербес жүрек қызметі мен тыныс жолдарын қалпына келтіру.

Слайд 10

Жүрек тұсына массаж былай жасалады. Жәрдем етуші адам сырқаттың жүрек тұсындағы төс

Жүрек тұсына массаж былай жасалады. Жәрдем етуші адам сырқаттың жүрек тұсындағы төс
сүйекті алақанымен күрт басады, сонда тоқтаған жүрек төс сүйек пен омыртқа аралығына қысылып, оның көлемі кішірейеді де, қолқа мен өкпе артериясындағы қан сығылып шығады. Алақанды босатқанда төс сүйек жазылып, жүрек өз көлемін қалпына келтіреді, тамырдан келген қан оған қайтадан құйылады. Жүректің жиырылып-созылуы осылайша қамтамасыз етіледі де, мұның өзі оның кәдімгі насос секілді жұмыс істеуіне және қанның айналуына мүмкіндік береді Жәрдем көрсетілуші адам қатты орынға (еденге, жерге, жауырын, тұсына дейін орындық қойылған кереуетке т. б.) жатқызылады. Төс сүйекті қос қолдан салмақ сала (егер адам еденде жатса тізерлеп отырады; ал биік төсекте жатса — аяғының астына биіктеу нәрсе қояды) нығыздап басады.

Слайд 11

Төс сүйекті секунд сайын басып-босату және 4—5 секунд сайын 1 рет ауызға-ауызды

Төс сүйекті секунд сайын басып-босату және 4—5 секунд сайын 1 рет ауызға-ауызды
тақап ауа үрлеу (яғни төс сүйекті 5 рет сыққан сайын 1 рет немесе 10—12 сығудан кейін 2 рет) тиімді нәтиже береді, соның нәтижесінде сырқаттың көз шарасы кішірейт, күре тамыры соғуы байқалып, терінің көгергені тарай бастайды. Адамды тірілту шараларын ол өз бетінше тыныс алып, жүрегі соға бастағанға дейін жасайды, мұның өзі қан айналысын жақсарта түседі (күре тамырлық соғуы біліне бастайды). Жүрекке массаж жасау мен қолдан тыныс алдыру едәуір күш-жұмсауды қажет ететіндіктен, оны 3 адам кезектесіп атқаруы тиіс. Кеудені басып, жүректі сығумен бір мезетте өкпеге ауа үрле уге болмайды, ондайда өкпе жыртылып кетуі мүмкін. Жас адамға қарағанда ересек адамның сүйегі морт сынғыш келетіндіктен, массаж жасаған кезде кеудені тым қатты баспаған жөн.Ауру адамның қан айналысын қалпына келтіріп, тыныс алуын қолдан қамтамасыз ету оның жүрегінің өз бетінше соғуы мен тыныс алуын қалпына келтірмегеннің өзінде де, клиникалық өлім күйін ұзартыл, биологиялық өлім күйіне жібермеуге, сөйтіп жедел жәрдем бригадаларының дер кезінде тиімді әрекет жасауына мүмкіндік береді.

Слайд 12

Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері
Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің жиырылуын

Жүрек қантамырларына зиянды заттардың әсері Никотинде (темекіде) у болатындықтан, ең алдымен жүректің
жиілетіп, қантамырларын тарылтады. Жүректің бұлшықеттері тез шаршайды. Темекі тартатындардың басы ауырып, ұмытшақ болады. Темекі мүшелерді қанмен жабдықтауды әлсіретеді.
Еліктеткіш ішімдіктің (алкоголь) зияны темекіден де күшті. Арақтың уы қанға тез сіңіп, ағзаға тез таралады. Жүрек пен қантамырлар жұмысын бұзады. Қантамырлар қабырғасының серпінділігі азайып, осал болады. Адам ентігеді, жүрек қабы майланып, жүрек жұмысына кедергі жасайды.
Жүрек-қантамырлар ауруларының алдын алу үшін ең қажеттісі - көбірек қозғалу. Қозғалыстың негізі - бұлшықеттердің жиырылуы. Дене еңбегімен шұғылданғанда бұлшықеттер қанмен қамтамасыз етіледі. Қан бұлшықеттерді оттегімен және қоректі заттармен байытады. Дұрыс қалыптаскан ағза ауруларға көп шалдықпайды.
Шынығу-шынықтырудың да мәні зор. Шыныққан адамның жүрегі қандай жұмыс істесе де көпке дейін шаршамайды. Денесі де ширак, көңілі көтеріңкі болады. Жүректің бұлшықеттері қалыңдап, ырғақты жиырылады. Шынықпаған адам өлсіз, тез шаршайтын болады.
Имя файла: ОБЖ-Тілейхан-Салтанат-СМҚ-111.pptx
Количество просмотров: 37
Количество скачиваний: 0