Слайд 2ЖОСПАР:
Кіріспе
Негізгі бөлім
1. Екі пәннің мақсаты
2. Екі пәннің өзара ықпалдасуы және мысалдар
Қорытынды
Слайд 3 ӨЗЕКТІЛІГІ
Өзін-өзі тану пәні адамның жеке басын қарастырып зерттейтін болса, химия адамды
қоршайтын заттарды, олардың қасиеттерін, басқа заттарға айналып түрленуін қарастырады.
Жалпы екеунің міндеті бір: ол – білім беру болып табылады.
Слайд 4 Химия пәні мен өзін-өзі тану пәнін ықпалдастыруда металдардың қасиеттерін атай отырып, оның
адамның мінез-құлқымен байланысы жайлы, мысалы, "сабыр түбі сары алтын - сабырлының бәрі алтын" дей отырып жақсы мінезді адам болуға оқушыларды баулу, судың қасиетін, адам өміріндегі маңызын, ғалымдардың судың ақпаратты тасымалдағыш қасиеті, яғни, жағымды ойдың, сөздің судың құрамына қалай әсер ететіні, оның адамға әсері туралы ғылыми деректерді ұсынуға болады. Жаһандық мәселелерді шешеудің жолын қарастыру, жүзеге асыруда оқушыларға қажетті білім, тұлғалық даярлық, оның ішінде алған білімді өмірде пайдалану туралы ой бөлісуге болады.
Слайд 5Химия пәннің оқытудың мақсаты: қоршаған әлем туралы химиялық білім мен жаратылыстану ғылыми
түсініктердің біртұтас жүйесін қалыптастыру, талдау қабілеті бар, сауатты және шығармашыл оқушы тұлғасын дамыту, өз денсаулығына, туған өлкеге және қоршаған ортаға экологиялық-гуманистік қарым-қатынасты тәрбиелеу болып табылады.
«Өзін-өзі тану» пәнінің мақсаты– балалар мен жеткіншектердің бойына жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарды дарыту. Балалар жеткіншектерді жалпы адамзаттық адамгершілік қағидаттармен таныстыру, олардың бойында азаматтық мәдениет қалыптастыру және дамыту.
Слайд 6Алтын, күміс химиялық реактивтерге төзімділігіне байланысты асыл металдар, сол секілді адамның жақсы қасиеттерін алтын мен
күміске теңеген дана халқымыз. Оны мақал мәтелдерден аңғаруға болады:
Өнерлінің қолы – алтын,
Өлеңшінің сөзі алтын.
Сабыр түбі – сары алтын.
Тауып сөйлесең — күміссің,
Таппай сөйлесең — мыссың.
«Ақыл арымас, алтын шірімес»
Жылтырағанның бәрі алтын емес.
Слайд 7Су — сутегі мен оттегінің қалыпты жағдайларда тұрақтылығын сақтайтын қарапайым химиялық қосылысы.
Жер бетінде ең көп таралған
зат – су. Тірі ағзалардың 60-70%-ы, ал өсімдіктердің 90 %-ы судан тұрады.
Жер шарының 4/1 бөлігі көгілдір түске боялған. Ол - су яғни мұхиттар, теңіздер, өзендер, көлдер. «Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су» . Халқымыз ежелден - ақ суды қастерлеген. «Судың да сұрауы бар» деп бағалай білген. Адам денесі де судан тұрады. Адам су ішпей 6 - 7күн ғана жүре алады. Су адамға сұлулық береді. Судың адам өміріндегі маңызына баға жетпейді.
Слайд 8Адам және табиғи қоршаған орта химиялық тепе-теңдікте болады.
Слайд 9ҚОРЫТЫНДЫ:
Қорыта келе айтқым келетіні жалпы Химия пәнін оқыту адам өмірінде үлкен маңызға
ие. Себебі біздің күнделікті тұрмыста қолданып жүрген заттарымыздың бәрі химия мен байланысты. Ал оның өзін өзі тану пәні мен ықпалдастыра отырып біз адамдардың әр түрлі мінез құлқын ажырата аламыз, одан бөлек су және де тағы да басқа сол сияқты заттардың адам өмірінде алатын маңызын, олардың қасиетін, бізге берерін түсіне аламыз.
Слайд 10 ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Демеген А.А. , Мусаев К.М., Сүлейменова Б.С., Нұрбаева Ф.К.
“Қоршаған ортаны ластайтын улы заттар мен өндіріс
қалдықтары” – Ақтау: КМТжИУ, 2010 ж
Бозшатаева Г. Т.,Оспанова Г. С. «Экология». Алматы – 2002
https://kk.wikipedia.org/wiki
http://oqu-zaman.kz/?p=7607
rector.kz
www.xumuk.ru/encyklopedia