Психологиялық эксперименттің ғылыми зерттеу жұмысындағы орны, оның қағидалары мен құрылымы
* Ғылыми нәтижелердің барлық түрлерін «эмпирикалық-теориялық білім» шкаласында шартты түрде орналастыруға болады: бірлік дәлел, эмпирикалық талдау, модель, заңдылық, заң, теория. Теория - ғылыми білімнің ең жоғарғы формасы ретінде қаралады. Әрбір теория мынадай негізгі компоненттерден тұрады: 1) бастапқы эмпирикалық негiз (айғақтар, эмпирикалық заңдылықтар); 2) негiз – теорияның дәріптелген нысанын сипаттайтын көптеген алғашқы шартты түрдегі жорамалдар (аксиомалар-дәлелдеуді керек етпейтін ғылыми айқын шындық), постулаттар- болжамдар); 3) теорияның логикасы – теория шеңберінде мүмкін болатын логикалық қорытындының көптеген ережелері; 4) негiзгi теориялық бiлiмді құрайтын теориядағы шығарылған көптеген бекітулер. «Пилотажды зерттеу» термині ең алғашқы эксперимент немесе бірнеше эксперименттерді өткізуді білдіреді. Мұнда негізгі гипотеза, зерттеу жұмысының өткізілу жолдары, жоспары т.с.с. алғаш рет өткізіледі. Негізінде мұндай пилотажды «үлкен», аумақты эксперименттік жұмыстың алдында ақша мен еңбекті босқа шығындамау үшін алдын ала жүргізіледі. Пилотажды зерттеу аз адамдармен жүргізіліп, қысқартылған жоспар бойынша және де сыртқы ауыспалыға қатаң бақылау орнатпай өткізіледі. Пилотаж кезіндегі мағлұматтардың шынайылығы онша маңызды болмағанымен, оны өткізу гипотезаны ұсынған кезде, зерттеу жұмысының жоспарын құрған кезде, ауспалыларды басқарған кездегі үлкен қателердің алдын алуға көмегін береді. Бұдан басқа пилотаж барысында «іздеу аумағын» қысқартып, гипотезаны нақтыландырып және «үлкен» зерттеу жұмысын жүргізу әдісін анықтауға мүмкіндік береді.