2017-2019 жылдары Сарысу ауданында орындалған бағдарламалар
Сарысу ауданы Сарысу ауданы – Жамбыл облысының батысындағы әкімшілік бөлік. 1928 ж. құрылған. Жер аумағы — 31,3 мың км², тұрғыны 41 761 адам (2010). Аудандағы 26 елді мекен 9 ауылдық округке және 1 қалалық әкімшілікке біріктірілген. Аудан орталығы – Жаңатас қаласы. Экономикасы Ауыл шаруашылығы бойынша өндірілген өнім бағалармен есептегенде мал шаруашылығында 192 м.л.н. 600 мың теңгені құрап, өткен жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 9,9 пайызға артты. Бүгінгі таңда ауданда 6 өндірістік кооператив, 1 акционерлік қоғам, 4 жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер, 714 шаруа қожалықтары, ауыл шаруашылық өнімдерін өндірумен айналысуда, осы аталған жұмыс орындарында 5121 адам жұмыспен қамтылған. Төрт түлік мал басы жылдан-жылға өсуде. Бүгінгі күні ауданда мүйізді ірі қара – 16040 бас, қой-ешкі – 217175 бас, жылқы – 4082 бас, түйе – 1415 басқа жетті. Мал тұқымын асылдандыру қолға алынуда.