Осы сабақ арқылы жүзеге асатын оқу мақсаттары

Содержание

Слайд 3

Бағалау критерийлері:

:
Мәтін үзінділеріне сүйене отырып, көтерілген мәселені анықтай алады және ойын пайымдайды.
Анықтауыштық

Бағалау критерийлері: : Мәтін үзінділеріне сүйене отырып, көтерілген мәселені анықтай алады және
қатынастың құрылымдық ерекшелігін біледі.
Бақыт туралы оқыған шығармаларын еске түсіріп, мәтін құрылымымен салыстырып айтады.
Мәтіндегі сөйлемдерге сатылай кешенді талдау жасайды.
Бақыт туралы ойларын жинақтайды, өз көзқарастарын білдіреді.
Мәтіндегі есімді сөз тіркестеріне талдау жасайды..

Слайд 5

Сабақтың басы. Раппорт (сенім орнату) 1мин.

Раппорт(сенім орнату)-1мин.
Шағын дәріс.

«Ым, ишара» тәсілі бойынша сергіту

Сабақтың басы. Раппорт (сенім орнату) 1мин. Раппорт(сенім орнату)-1мин. Шағын дәріс. «Ым, ишара»
жаттығуы.
Жаттығудың жүргізу алгоритмі:.
1.Оқушылар тек қана ыммен, ишарамен бір-бірімен амандасады.
2. Дене мүшелерінің қатысуымен сәлемдеседі. / Көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен..т.б/.

Үй тапсырмасын сұрау- 3-4 мин.

«Бұрыш» әдісі арқылы үй тапсырмасын тексерудің алгоритмі:
1. Мұғалім оқушыларға сұрақ ұсынады және төрт жауабын сыныптың төрт бұрышына орналастырады.
2.Оқушылар өзіне дұрыс деген жауаптың қасына барып тұрады.
4.Таңдаған жауабын топтық жұмыста тұжырымдайды, дәлелдейді.
Қалыптастырушы бағалау арқылы оқушыларға ынталандыру жүргізіледі.
Мысалы:
«Менің ойымдағыдай болды» , «жарайсыңдар!», «жауап мазмұнды», «ынтаңызға рахмет!»
Cұрақ/ықтимал жауап.
Сөздердің байланысу тәсілдері
Сөздердің байланысу түрлері
Матаса, қабыса байланысқан сөздер

Слайд 6

Өткірдің жүзі

Кестенің бізі

Жарық ай

Қалың елім

Өткірдің жүзі Кестенің бізі Жарық ай Қалың елім

Слайд 7

Топқа бөлу.

Ең бірінші бақытым...........................
Екінші бақытым.................................
Үшінші бақытым...............................

Топқа бөлу. Ең бірінші бақытым........................... Екінші бақытым................................. Үшінші бақытым...............................

Слайд 8

 

Негізгі бөлім:

Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен талқылау.

І. Оқылым тапсырмасы. Оқушыларға

Негізгі бөлім: Мақсат пен бағалау критерийлерін оқушылармен талқылау. І. Оқылым тапсырмасы. Оқушыларға
идеясы ұқсас прозалық және поэзиялық жанрдағы екі мәтін ұсынылады. « Ойлан, жұптас, бөліс» тәсілі
І топ
Мәтінде көтерілген мәселені талдап, негізгі ойды анықтаңыз.
ІІ топ
Мәтіндегі ойды оқыған шығармалармен салыстырыңыз.
ІІІ топ
Мәтіннен анықтауыштық қатынаста тұрған есімді сөз тіркестерін табыңыз.

Дескриптор

мәтінді мұқият, түсініп оқиды;
мәтіндердің ұқсастығы мен айырмашылығын табады;
мәтіндегі негізгі ойды анықтайды;
мәтіндегі ойды оқыған шығармаларымен салыстырады;
Тілдік бірліктерді талдау арқылы мәтіндердің мақсатты аудиториясын айқындайды.

Слайд 9


Бақыт сыры
Шынайы бақыттың бірінші сыры - көзқарас күші. Осы сәттен бастап өз

Бақыт сыры Шынайы бақыттың бірінші сыры - көзқарас күші. Осы сәттен бастап
өмірімнен тек жақсылық іздеймін. Мен өз пейілімді, ақыл-ойымды тек өзімді бақытты сезінуге бағыттаймын. Менің бақытты немесе бақытсыз болуым сыртқы жағдайларға емес, өз ойыма, көңіл күйіме байланысты. Ендеше мен өз ойымды, яғни өз бағытымды басқара аламын.Шынайы бақыттың екінші сыры - дене күші. Сергек көңіл, ширақ дене өзімді бақытты сезінуіме көмектеседі.Шынайы бақыттың үшінші сыры - бір сәттік өмір күші. Бақытты жылдар, айлар, апталар, тіпті күндер қалтарысынан емес, әрбір сәттен іздеу керек. Біз өткенімізге көз жіберсек, бір күнгідей болады. Егер тек жақсы және шаттықка толы сәттерімізді еске түсірсек, өміріміз тамаша көркем фильм сияқты көрінеді. Сондықтан да әр сәттің ең жақсысын есте сақтайтын болсақ, өміріміздің бақытты екендігіне көз жеткіземіз.Шынайы бақыттың төртінші сыры - өзін-өзі тану күші. Адамды қарт, сырқат және бақытсыз ететін оның жасы, ауруы және жағдайы емес, оның өзі туралы ойы. Біз өзімізді қалай бағаласақ, сондай боламыз. Өзімізге көңіліміз толмаса, өмірімізге де риза болмаймыз. Сондықтан да бақытқа қол жеткізу үшін өзіңе-өзің риза болуың керек.Шынайы бақыттың бесінші сыры - мақсат күші. Адам жанына ең қажеті - өмірінің мәнді болуы, мақсат бақытымыздың іргетасын қалайды. Егер сен бір нәрсеге құлшынатын болсаң, уайым-қайғың өзінен-өзі тарап кетеді. Өмірде кездесетін қиындықтар өз мақсатыңа жетер жолдағы шағын кедергілерге айналады. Мақсатыңның нәтижесін анық білсең, қиын кезеңдерден қиналмай өтесің.Шынайы бақыттың алтыншы сыры - шаттық күші. Егер сен ешқашанда күлмейтін болсаң, бақытты болу оңайға түспейді. Ғылыми зерттеулер біз күлген кезде қанымыздағы стресс гормандары: адреналин мен картизон деңгейі азайып, өзімізді жақсы сезінетінімізді дәлелдеген. Кез келген жағдайда "Мұнда қандай жамандық бар?" деп ойлаған дұрыс.Шынайы бақыттың жетінші сыры - кешірім күші. Кешіре білу - шынайы бақыттың есігін айқара ашар сиқырлы кілт. Егер жүрегіңнен және реніш сезімдері орын алса, бақытты болу қиын. Бұл сезімдерден өзіңнен басқа ешкім қиналмайды. Кешіре білу уақытқа емес, өзіңнің түсінігіңе байланысты. Адамды тек қателескені үшін ғана жек көруге бола ма? Өзің ешқашан да қателеспейсің бе? Егер жіберген қателігі үшін әр адамды жек көре берсең, соңында өзің де жек көріп кетесің. Шынайы бақыттың сегізінші сыры - сыйлық күші. Басқаларға қуаныш, бақыт сыйласаң, өзің де бақытқа кенелесің. Біреуге қарап жымисаң, ол да жымияды. Бұл - Табиғат ананың ғажайып заңдарының бірі. Неғұрлым көп берсең, жерге сепкен әр тұқымнан мың тұқым алатының сияқты соғұрлым қайтымы көп болады. Берсең, міндет етпе. Алғаны үшін ол бір рет қуанса, бергенің үшін сен бірнеше есе қуанышқа бөленесің. Шынайы бақыттың тоғызыншы сыры - қарым-қатынас күші. Бақыт ең алдымен сенің өзіңе деген көзқарасыңнан, сол сияқты достық және махаббат сезімдерінен, айналаңдағы адамдармен қарым-қатынасыңнан туындайды. Адамдармен қарым-қатынассыз өмір бос, өмір той-думан, шаттыққа толы болуы керек. Егер ешкім болмаса, туған күніңді қалай тойлар едің? Сен байқадың ба, біреуге өз қиыншылықтарың туралы айтсаң, жеңілдеп қаласың. Ішіңе сақтасаң, ол өршелене түседі. Шынайы бақыттың оныншы сыры - сенім күші. Сенім шынайы бақыттың күре тамыры болып табылады. Сенім адам жанын күдіктен, үрейден, қорқыныштан арылтады. Бәрімізде де сенім болуы керек - тек бақыт үшін ғана емес, өз өміріміз үшін. Мен бақыттымын, өйткені мен өзімді, өз мүмкіндіктерімді, бақытты болу жолдарын білемін. Өзіме, өз болашағыма сенемін.
.

Слайд 10

М. Шаханов « Бақыт геометриясы» өлеңі

Солай, солай... Енді, ақыным, мұнда бұрыл,-деп

М. Шаханов « Бақыт геометриясы» өлеңі Солай, солай... Енді, ақыным, мұнда бұрыл,-деп
мені
Шындықтағы ертіп барды жұпыны үйге шеткері:
-Терезеден қара, — деді, жақын тұрып қарадым,
Төрде отырған қос жұбайға түсті кенет жанарым.
Бөлме іші тым қарапайым, ортада ақ дастарқан,
Дастарқанда тек қара нан, қос түйір қант тасталған...
Күйеуі айтты: "Жалақы алдым, ертең базар баралық,
Саған, жаным, ерекше әсем көйлек іздеп табалық!
- Көйлегім бар,- деді әйелі(қабағына мұң қонды),
Бір бешпетпен жүрсің өзің, міне, қанша жыл болды...
Екеуі де менен бұрын оған шаттық қонса деп,
Алдыменен ол қуансын, оның көңілі толса деп,
Бір-біріне сый ұсынып, бірін-бірі жақтады,
Бірін-бірі ардақ тұта ортақ ойға тоқтады.
Көрші аулада баласы өлген жалғыз кемпір бар екен,
Шетсіз, шексіз кең дүние ол сорлыға тар екен.
Бұлар қатар шуақ төге ізетті іске өрісті
Сол кемпірге қыстық киім әперуге келісті.
"Бақыт деген немене бұл, немене екен, немене,
Мен шықпаған заңғар шың ба, мен мінбеген кеме ме?
Деп қиялдап әр биіктен көрсетіппіз бекер бой,
Қымбаттым-ау, сөйтсек бақыт қанағатта екен ғой.
Егер бүгін аласарса мекеніңнің шоқтығы,
Оған себеп - қанағатсыз адамдардың көптігі...
О, тәңірім,
Қанағатпен басар болса аптығын,
Мүмкіндік бер қадірлеуге жауымның да шаттығын!

Слайд 11

 

І. Тыңдалым тапсырмасы

Тыңдалым кезінде: «Бір тезис, үш дәлел» әдісі арқылы орындау.

І. Тыңдалым тапсырмасы Тыңдалым кезінде: «Бір тезис, үш дәлел» әдісі арқылы орындау.

«Бір тезис, үш дәлел» әдісінің алгоритмі:
Мұқағали Мақатаевтың «Бақыт деген не?» өлеңін тыңдаңыздар.
Тыңдалу барысында:
Өлеңді тыңдай отырып, «Бақыт деген не?» деген сауалға ойларын санамалап жазады .

Дескриптор

мәтіннен нақты үш делел іздейді;
кестеге ретімен жазады;
құндылығына тоқталады.

Слайд 12


Ықтимал жауап

Қалыптастырушы бағалауды «Сыншы дос» дос арқылы топтар бір-біріне береді.
«Сыншы дос» әдісінің

Ықтимал жауап Қалыптастырушы бағалауды «Сыншы дос» дос арқылы топтар бір-біріне береді. «Сыншы
жүргізілу алгоритмі:
«Сыншы дос» сайланады.
Әр топқа екі «сыншы дос» кері байланыс береді.

Слайд 13

 

І. Жазылым тапсырмасы

Жазылым алдында:
Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін қатыстырып, бақыт

І. Жазылым тапсырмасы Жазылым алдында: Анықтауыштық қатынастағы сөз тіркестерін қатыстырып, бақыт туралы
туралы ойларыңызды ( әңгіме, өлең, ойтолғау арқылы ) қорытындылаңыздар.
Жазылым кезінде:
Анықтауыштық қатынаста түрған сөздердің қолдануы мазмұнға қалай әсер етуі мүмкін? деген түрткі болу сұрағын қойып, оқылым, тыңдалымнан кейін өз ойларыңызды қорытындылап, әңгіме, өлең, ойтолғау жазыңыздар.

Дескриптор

тілдік бірліктерді пайдалану арқылы әңгіме, өлең, ойтолғау жазады;
матаса, қабыса байланысқан сөздердің маңызын анықтайды;
сөйлемге сатылай кешенді талдау жасайды.

Слайд 14

Рефлексия

«Бір минут» әдісі арқылы рефлексия жасау
Алгоритмі:
Оқушыларды кезек бойынша бір минут ішінде тақырып

Рефлексия «Бір минут» әдісі арқылы рефлексия жасау Алгоритмі: Оқушыларды кезек бойынша бір
төңірегінде тоқтаусыз, қайталаусыз және қатесіз сөйлейді.
Имя файла: Осы-сабақ-арқылы-жүзеге-асатын-оқу-мақсаттары.pptx
Количество просмотров: 52
Количество скачиваний: 0