Презентации, доклады, проекты по биологии

Арыстан
Арыстан
Дене Бітімі және Сипаты Арыстан – барлық мысық тұқымдастар ішінде иығының биіктігімен ең үлкені болып саналады. Ал салмағы жағынан арыстан мен жолбарыстың түршелері салыстырмалы келеді. Арыстандардың аяқтары мықты, жақтары күшті, ал азу тістерінің ұзындығы 8 см, сондықтан да бұл жыртқыштар әжептәуір үлкен жануарларды өлтіре алады . Арыстанның бас қаңқасы жолбарыстікіне өте ұқсайды, әдеттегідей маңдай ауданы жалпақ және төмендеу. Мұрын тесіктері жолбарыстыкіне қарағанда кеңдеу. Осыған қарамастан, бұл екі түрдің бас қаңқа пішіндері өте ұқсас, айырмашылықтар тек төменгі жақтың құрылысында . Ал түстері болса енеке (сиыр тұқымдас күйіс қайыратын жануар) терісінің түсінен бастап, сарғыш, қызғылт немесе қою қоңыр түстері арасында ауыса береді. Арыстанның денесінің төменгі жағы жоғарғы жағына қарағанда ашықтау, ал құйрығының ұшы қара болып келеді. Арыстанның күшіктері туылғанында денелерінде барыстікіне ұқсас қоңыр дақтары болады. Уақыт өте жыныстық жетілістерге байланысты бұл дақтар жоқ болады, бірақ кейбір ересектерде, әсіресе аналықтарда, олар қарын мен аяқтарында сақталуы мүмкін. Аң аулауы және қоректенуі Арыстандар – өз құрбанын үйлескен топ болып аулайтын мықты жырқыштар. Арыстандар қысқа қашықтаққа тез жүгіреді және сол себепті өзінің құрбанына қысқа арақашықтықтан шабуылдайды . Өз құрбанына жақындау үшін көптеген айла-тәсілдер қолданады, мысалыға түнгі уақытта шабуылдайды . Арыстандар құрбанына 30 метр арақашық қалғанға дейін білдірмей жақындап, топты жан-жағынан қоршайды. Құрбандар қоршауға түскен кезде ең жақын жануарға тап береді. Арыстандар бар күшін салып, өз құрбанына шапшаң секіріп ұстауға тырысады. Қолға түскен жануар көп жағдайда тұншығып жан тапсырады .
Продолжить чтение