Ара және құмырсқа. Олардың табиғаттағы маңызы
АРА,ҮЙ АРАСЫ, БАЛ АРАСЫ (APІS MELLІFERA) –ЖАРҒАҚҚАНАТТЫЛАР ОТРЯДЫНЫҢ ӨКІЛІ. ҚАЗАҚСТАННЫҢ БАРЛЫҚ ОБЛЫСТАРЫНДА КЕЗДЕСЕДІ. АРА ТОПТАЛЫП, ҮЛКЕН ҰЯ БОЛЫП ТІРШІЛІК ЕТЕДІ. БІР ҰЯДА БІР ҰРҒАШЫ АРА. (АНАЛЫҚ АРА), БІРНЕШЕ ЖҮЗ ЕРКЕК АРА ЖӘНЕ ОНДАҒАН МЫҢ (100 МЫҢҒА ДЕЙІН) «ЖҰМЫСШЫ» АРА БОЛАДЫ. ҰРҒАШЫ АРА ҰЯДА ҰРПАҚ ӨСІРЕДІ. ОЛ АРАЛАРДЫҢ ІШІНДЕГІ ЕҢ ІРІСІ, ЖЫЛ МАУСЫМЫНА ҚАРАЙ ДЕНЕСІНІҢ ҰЗЫНДЫҒЫ 20 – 25 ММ, АЛ САЛМ. 150 – 300 МГ-ГЕ ЖЕТЕДІ. ТӘУЛІГІНЕ 2 – 3 МЫҢ, МАУСЫМЫНА 200 МЫҢ ҰРЫҚТАНДЫРЫЛҒАН ЖҰМЫРТҚАҒА ДЕЙІН (КЕЙДЕ ҰРЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ЖҰМЫРТҚА ДА) САЛАДЫ. ҰРЫҚТАНҒАН ЖҰМЫРТҚАДАН ҰРҒАШЫ, ЖҰМЫСШЫ ЖӘНЕ АНАЛЫҚ АРАЛАР, АЛ ҰРЫҚТАНДЫРЫЛМАҒАН ЖҰМЫРТҚАДАН ТЕК ЕРКЕК АРАЛАР ҒАНА ШЫҒАДЫ. Аралардың ең соңғы технология саналатын компьютерден де жылдам жұмыс істейтіні анықталды. Аралардың жұмыс істеуін компьютермен салыстырған зоологтар ғажайып мәліметтерге қол жеткізді. Ең соңғы технологиямен жасалған компьютер секундта 16 миллиард арифметикалық амал жасаса, күніміздегі аралардың осы мерзім ішінде аз ғана энергия жұмсап 10 тириллиондық амал жасайды. Бір гүлден екінші гүлге қонып өсімдіктердегі ұрықтануда маңызды рөл атқаратын араларға байланысты ғажайып мәліметтерге қол жеткізген мамандардың зерттеу нәтижесінде, 1 кг бал өндіру үшін жер шарын 6 рет айналатындай ұзақтыққа ұшатын аралардың 7 миллион 500 мың рет гүлге қонатындығы белгілі. Аралардың 28гр бал үшін ара ұясымен гүл арасында 1600 рет барып келетінін тіркеген зоологтар араның гүлдер үшін керек болса, ұясынан 6 километрге дейін ұзап кететіндігін және бір күнде 225мың гүлге қонады. Жұмыртқалау кезеңінде ара сүтімен қоректенетін аналық араның өз салмағынан 80 есе ауыр ара сүтін тұтынатындығы және күніне 2 мың жұмыртқа тастайтыны анықталды. Өз салмағынан 330 есе ауыр жүк арту қабілетіне ие болған аралардың салған алты бұрышты ұясы ең аз балауыз жұмсап максимум мөлшерде бал жинауға ең қолайлы пішін екендігі белгілі болды.