Геронтология – адамның және жануарлар организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым

Содержание

Слайд 2

Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар

Геронтология (грекше geron және logos – ілім) – адамның және жануарлар организмінің
организмінің қартаю заңдылықтарын зерттейтін ғылым. Егде тартқан және қартайған адамдардың ауруларын клиникалық медицинаның гериатрия (грекше geron және іatreіа – емдеу) деп аталатын бөлімі зерттейді.

Қарттық – заңды түрде болатын соңғы жас кезеңі.

Слайд 3


Клиникалық көрінісі
Сананың күңгірттенуі;
Көп шаршағыштық;
Галлюцинация;
Сандырық;
Ұйқының бұзылуы;
Тәбеттің бұзылуы;
Қимылдың қозуы;

Клиникалық көрінісі Сананың күңгірттенуі; Көп шаршағыштық; Галлюцинация; Сандырық; Ұйқының бұзылуы; Тәбеттің бұзылуы; Қимылдың қозуы;

Слайд 4


Күтімнің басты принципі – сырқаттың жеке басын сыйлау оның дене және

Күтімнің басты принципі – сырқаттың жеке басын сыйлау оның дене және психикалық
психикалық кемшіліктеріне (ашуланшақтық, сөзшеңдік,
кейде ақылы аздық) шыдамдылық білдіру.

Күтімнің нәтижелі болуы көбіне қарт сырқаттардың медициналық қызметкерлермен психологиялық қатынасына байланысты,
оның сырқатқа зор көңіл аударуы және сенімі аса күшті фактор болып саналады.

Слайд 6

Ұйқысыздық мәселесі
Егде жастағы науқастар жиі ұйқысыздыққа шағымданады, оларда ұйықтау режимі

Ұйқысыздық мәселесі Егде жастағы науқастар жиі ұйқысыздыққа шағымданады, оларда ұйықтау режимі өзгереді
өзгереді – олар көбінесе күндіз ұйықтап, түнде белсенділік көрсетеді (кіріп-шығады, палатаның ішінде жүреді, кітап оқиды). Осы жағдайда ұйқы тудыратын дәрілерді жиі қолдану тез үйренушілікке әкеледі. Сонымен қатар ұйқы тудыратын дәрілерді қолданған кезде әлсіздік, басының ауруы, таңертеңгі уақытта басының «сынуы», іш қату байқалуы мүмкін. Ұйқы тудыратын дәрілерді дәрігер қажет болған жағдайда тағайындайды. Мейірбике науқасқа дәрілік шөптерді ұсына алады (мысалы, сасық шөп тұнбасы 10-15 мл-ден ұйықтар алдында 40 мин бұрын), 10-20 тамшы «Валокордин», бал араласқан жылы сүт (1 ас қасық) және т.б.

Түнгі ұйқының жақсы болуының маңызды факторы – палатада таза ауа (18-22 С),жылы да жеңіл жамылған,жайлы жағдай болуы, арқасын сипау, ал кейде жылы сусын беру.

Слайд 7

Жасқа байланысты өзгерістердің пайда болу салдарынан сырқаттың сүйек буындары жүйесінің ауралары түнде

Жасқа байланысты өзгерістердің пайда болу салдарынан сырқаттың сүйек буындары жүйесінің ауралары түнде
жиі мазалайды.
Омыртқаның ауруын жеңілдету үшін төсекті неғұрлым ыңғайлы төсеп, кереует дененің салмағымен майыспауы үшін матрац астына тақтай төсейді.
Буындар ауырған кезде төсекте аяқ-қолдың дұрыс қалыпта болуын, қажет болған жағдайда жастыққа салуды қадағалау қажет.
Сырқаттың төсек режимін сақтап дәрігер белгілеген дәрі-дәрмектерді дер кезінде қабылдап массаж жасауын қадағалаудың маңызы зор.

Слайд 8

Жарақаттанудың алдын-алу
Жарақаттанудың пайда болуын алдын-алуға ерекше назар аудару керек. Соғылу және

Жарақаттанудың алдын-алу Жарақаттанудың пайда болуын алдын-алуға ерекше назар аудару керек. Соғылу және
сынықтар (әсіресе, сан сүйегінің мойны) науқастардың қозғалысын шектеп, өлімге әкеп соқтыратын пневмония, өкпе артериясының тромбоэмболиясы сияқты асқыныстардың пайда болуы мүмкін. Қауызда науқасты жуындырғанда науқасқа тірек болу, қауызға енуге және шығуына көмектесіп, науқастың аяғы тайып кетпеу үшін еденге резеңкелі алаша төсейді. Мейірбике ауруханадағы бөлмелердің жағдайын, жарықтың жеткілік-ті болуын бақылайды. Еденде бөтен заттар болмау керек, сұйықтық төгілуін болдырмау керек, себебі науқас байқамай, аяғы тайып, құлап кетуі мүмкін. Гериатриялық бөлімшенің дәлізі кең, жиhаздармен толмау керек, дәліздегі қабырға бойына науқастар жүргенде сүйену үшін сүйеніш орнатылу керек.

Слайд 9


Дәрі қабылдауды бақылау
Мейірбике науқастың тағайындалған дәріні қабылдауын бақылау керек.

Дәрі қабылдауды бақылау Мейірбике науқастың тағайындалған дәріні қабылдауын бақылау керек. Есте сақтау
Есте сақтау қабілеті төмендегенде және деменция дамығанда (лат. dementia –ақылы кем) пациенттер дәрісін ішуді ұмытады немесе қайталап ішуі мүмкін. Сондықтан егде жастағы және қарт науқастар дәрігер ұсынысын тек ауызша ғана емес, сонымен қатар жазбаша түрдегі нақты нұсқаулармен қамтамасыз етілуі қажет. Науқас бойындағы судың тепе-теңдігін бақылаған дұрыс, себебі сұйықтықты аз мөлшерде қабылдау организмде тағайындалған препарат-тардың концентрациясының жоғарлауына, кері әсерлерінің пайда болуына дәрілік интоксикацияның пайда болуына әкеп соқтырады.

Слайд 12

Егде жастағы адамдардың ішек жолының жұмысы жиі бұзылады, перистальтиканың нашарлауынан үнемі іші

Егде жастағы адамдардың ішек жолының жұмысы жиі бұзылады, перистальтиканың нашарлауынан үнемі іші
қатады. Мұндай жағдайда күнделікті тазалау клизмасын қоюға болмайды, өйткені ішектің шырышты қабатын тітіркендіреді әрі оған үйреніп алады.
Іш қатумен күресу үшін рационға клетчаткасы мол тағамдарды: алма, қара өріктің 16 талын ыстық қайнаған су құйып түні бойы тұндырады да жылы күйінде ішеді, түнге қарай бір ас қасық күнбағыс майы қосылған айран, қара нан енгізу қажет. Ашқарынға күнделікті бір стакан салқын су ішу керек.
Кейде нәжіс қатып ішекті кернеп онда ойықтар жасауы да мүмкін.Мұндай жағдайда нәжісті қолмен шығарып тастау керек. Ол үшін сырқаттың астына дәрет ыдыс қойып мейіркеш резеңке қолқап киіп вазелинмен майлап екінші саусағын тікішекке енгізеді қатқан нәжісті бөліп шығарады. Содан соң сабынды тазалау клизмасын қояды.

Слайд 13

Қарт жастағы адамдардың терісіндегі өзгерістер
Алдын-ала жүргізілген өзгерістер тері ауруларының басқа адамдарға

Қарт жастағы адамдардың терісіндегі өзгерістер Алдын-ала жүргізілген өзгерістер тері ауруларының басқа адамдарға
қарағанда егде жастағы адамдарды жиі кездесетінің көрсетті. Американдықтардың 40%-да 65 және 74 жас аралығындағы науқастарда дәрігердің көмегін қажет ететін қауіпті тері аурулары кездесетіні анықталды. Ал 74 жастан асқан қарт адамдарда қатерлі тері ауруларының даму қаупі байқалады.Терінің қартаюын кәдімгі ішкі қартаю және экзогенді қартаю деп екіге бөлуге болады. Кәдімгі қартаю дегеніміз барлық адамдарға тән қалыпты кәріліктің белгілері. Классикалық тұрғыдан қарағанда қартаюдың алдын-алу мүмкін емес, дегенмен табиғи қартаюдың алдын-алатын антиоксидантты С және Е дәрумендерінің рөліне деген қызығушылық артты. Көптеген әлемге танымалы баспалардан шыққан мақалаларға қарамастан осы дәрумендерді қолданудың оң нәтижесі туралы айғақтар жоқ.
Имя файла: Геронтология-–-адамның-және-жануарлар-организмінің-қартаю-заңдылықтарын-зерттейтін-ғылым.pptx
Количество просмотров: 50
Количество скачиваний: 0