Терінің жұқпалы аурулары

Содержание

Слайд 2

Жоспар І. Кіріспе 1.1 Тері жұқпалы аурулары ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Тері жұқпалы ауруларының анатомиясы 2.2.

Жоспар І. Кіріспе 1.1 Тері жұқпалы аурулары ІІ. Негізгі бөлім 2.1. Тері
Терінің қызметі 2.3. Терінің – ісік аурулары 2.4. Ісік ауруларының клиникасы, диагностикасы, емі және алдын алу шаралары. ІІІ. Қорытынды IV. Пайдаланылған әдебиеттер: 1. Вирусология, иммунология, генетика, молекулалық биология. Орысша-қазақша сөздік. – Алматы, «Ана тілі» баспасы, 1993 жыл. 231-323 бет 2. Вернер, Дэвид. Халыққа медициналық жәрдем көрсету жөніндегі (Анықтамалық). Қазақ тіліне аударғандар: Айымбетов М, Бермаханов А.—Алматы: "Демалыс", "Қазақстан", 1999 жыл. 506 бет. 3. О.Д.Дайырбеков, Б.Е.Алтынбеков, Б.К.Торғауытов, У.И.Кенесариев, Т.С.Хайдарова Аурудың алдын алу және сақтандыру бойынша орысша-қазақша терминологиялық сөздік. Шымкент. “Ғасыр-Ш”, 2005 жыл. 434 бет. 4. А.Қ.Дүйсенова. Жұқпалы аурулар. Алматы – 2009 жыл. 145 б. 5. Ә. Нысанбаев «Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия.Алматы 1999 жыл. X том, 467 бет.

Слайд 3

Анатомиясы

Тері ағзаны сырттай қорғап тұрады, онда сезімталдық жүйке талшықтары, тер және май

Анатомиясы Тері ағзаны сырттай қорғап тұрады, онда сезімталдық жүйке талшықтары, тер және
бездері, бұлшық еттер, шаш, тырнақтар бар. Тері үш қабаттан тұрады-эпидермистен, дермадан және тері асты майдан .

Слайд 4

Терінің ең негізгі қызметінің бірі - қорғаныс, екіншісі - тер шығару, үшіншісі

Терінің ең негізгі қызметінің бірі - қорғаныс, екіншісі - тер шығару, үшіншісі
- дем алуға қатнасуы, бұған қоса онда қан тамырлары өте кең мөлшерде дамыған, олар тері артериясынан және бұлшық еттерден басталып, бір-бірімен қосылады, сөйтіп, тереңнен орналасқан тері артериялық торларын негіздейді. Олардың үстінде беткей жатқан артериялық торлары бар, кейінгілер шаш түбірлерін, тер мен май бездерін қоректендіреді
Лимфа тамырлары терінің дерма қабатынан басталады да бір-бірімен қосылысып, тор құрайды, ал олардың барлығы тері астындағы май қабатынды жиналады.

Слайд 5

Терінің ісік алды аурулары нақты (облигатты), нақты емес (факультативты) болып, екіге бөлінеді:
нақты

Терінің ісік алды аурулары нақты (облигатты), нақты емес (факультативты) болып, екіге бөлінеді:
ісік алды ауруларға:
Пигментті ксеродерма,
Боуэн ауруы,
Педжет ауруы,
Кайр эритроплазиясы жатады.

Слайд 6

Пигментті ксеродерма- жас балаларда, жазда, немесе көктемде басталады, алдымен терінің ашық жерлерінде

Пигментті ксеродерма- жас балаларда, жазда, немесе көктемде басталады, алдымен терінің ашық жерлерінде
кішкене қызыл таңбалар пайда болады, олар түлегіш келеді. Кейіннен сол жерлерде жұқа тыртықтар орналасады және бұған қосымша гиперкератоздар, телеангиоэктазиялар, сүйелдер шығады.

Слайд 7

Боуэн ауруына көптеген қабығы бар қызыл таңбалар тән, олар майда түйіндер тастап,

Боуэн ауруына көптеген қабығы бар қызыл таңбалар тән, олар майда түйіндер тастап,
әр түйін жұқа жылтыр қабықпен қапталады, егер қабық алынса, онда қотыр сияқты суланады, қышыма пайда болады. Дерт көбінесе кеуде терісінен көрінеді.
Педжет ауруы емшекте (емізікте), емшекұшы айналасында, шапта және шап аралықта кездеседі. Бұл - жұқа қабығы бар жара, бірақ ол өз бетінше жазылып тыртықтанатын жара емес, созылмалы, қанды-су шығарып тұратын, өмір-бақи бітпейтін жара, әсіресе, қабығы түсіп қалса.
Кайра эритроплазиясы - жалпақ келген, 1-2 см-дей көлемдегі, суланып тұратын тері бөртпесімен сипатталынады. Ол, көбінде, сыртқы жыныс мүшелерінде орналасады.

Слайд 8

Факульт ативты ісік алды аурулардың өзі екі топ құрайды;
1 топқа кәрілік кератоздар

Факульт ативты ісік алды аурулардың өзі екі топ құрайды; 1 топқа кәрілік
(терінің жұқарып, құрғақтануы, жарылуы), терінің мүйізденуі – қалыңдануы және кератоакантомалар кіреді;
2 топты терідегі бірнеше өзгерістердің салдарынан болатын аурулар құрастырады, олар көбінесе сыртқы ортаның, соның ішінде рентген, радий сәулелерінің, мышьяктың, өндіріс қалдықтарының зиянды әсерінен пайда болатын өзгерістер, күйік, туберкулез, мерезден соң пайда болатын келлоидты тыртықтар , туа біткен кемістіктер, ахаулар, қызыл жегі, эпидермальды және дермоидты жылауықтар жатады.

Слайд 9

кәрілік кератоздар

келлоидты тыртықтар

кәрілік кератоздар келлоидты тыртықтар

Слайд 10

ХАЖ-10- бойынша таңбалануы:
C44 – Терінің басқа қатерлі ісігі
44.0 - ерің терісі
C44.1- қабақ

ХАЖ-10- бойынша таңбалануы: C44 – Терінің басқа қатерлі ісігі 44.0 - ерің
терісі, оның қосылған жерімен
C44.2 – құлақ терісі және есту тесігімен
C44.3 – басқа бет терісі және анықталмаған бөлігімен
C44.4 – бас терісі және мойын
C44.5 – дене терісі
C44.6 – қолдың терісі,иық буынды қоса
C44.7 – аяқтың терісі , жабас буынды қоса
C44.8 – жоғарыда көрсетілгендерден басқа терінің зақымдануы
C44.9 – терінің анықталмаған бөліктері

Слайд 11

Тері рагының эпидемиологиясы
Тері рагы жер шарының барлық аумағында кең тараған. Өте жиі

Тері рагының эпидемиологиясы Тері рагы жер шарының барлық аумағында кең тараған. Өте
кездесетіні - Австралия, Бразилия, Аргентина және АҚШ; ал ең сирегі – Африка мен Азия елдерінде. Тері рагының меншікті үлесі Жер шарының солтүстігінен экваторға қарай өседі. Теңізбен қоршалған құрылықта тері рагы өте жиі кездеседі, оның себебі күн сәулесінің тікелей түсуі мен бірге, оның су бетінен шағылысуынан, ультракүлгін бөлігінің мөлшері өсіп, адамға екі жақты әсер етеді. Жалпы күн сәулесінің тері рагын қоздыратынын ең алғаш Аргентина ғалымы Рофо (1930), ал оның ультракүлгін бөлігінің әсерін Н.Н. Петровтың оқушысы Вадова, Сухуми питомнигінде (1948) дәлдеген.

Слайд 12

Қазақстанда тері рагы өте жиі кездесіп, ол өкпе рагынан кейін екінші орын

Қазақстанда тері рагы өте жиі кездесіп, ол өкпе рагынан кейін екінші орын
алып, соңғы жылдары аурушаңдық көрсеткіші төмендеуде.

Слайд 13

Тері рагының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның әрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған , ең

Тері рагының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстанның әрбір облыстарында бір қалыпты тарамаған , ең
жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (40,3%ооо), Қарағанды (30,0%ооо), Қостанай (22,3%ооо), Павлодар (25,8%ооо) және Ақмола (17,7%ооо) облыстарында тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш Жамбыл (9,3%ооо), Оңтүстік Қазақстан (Қызылорда (6,8%ооо) Атырау (4,0%ооо) және Маңғыстау (3,8%о7,6%ооо), ) облыстарында анықталған

Слайд 14

Тері рагының эпидемиологиялық ерекшеліктері:
Тері рагы оңтүстік аймақтарда, экваторға жақындаған сайын жиі кездеседі.

Тері рагының эпидемиологиялық ерекшеліктері: Тері рагы оңтүстік аймақтарда, экваторға жақындаған сайын жиі

Терісінде пигменті клеткалары аз адамдар (еуропалықтар), қара нәсілді, не оған тектес елдерге (афро-азиялық) қарағанда жиі зақымданады.
Ашық далада (экрандалмаған топ) жұмыс істейтіндердің арасында тері рагы, экрандалған адамдарға (кеңсе қызметкерлері) қарағанда жиі кездеседі, әсіресе балықшылар мен теңізшілерде, ауыл шаруашылығымен жиі байланыста болатын адамдарда.

Слайд 15

Қоздырғыш факторлары:
ультракүлгін және рентген, радий сәулелері,
күйіктен пайда болатын келлоидты тыртықтар,
кәсіптік зиянды

Қоздырғыш факторлары: ультракүлгін және рентген, радий сәулелері, күйіктен пайда болатын келлоидты тыртықтар,
заттар (жанармай қалдықтары),
Осылардың ішіндегі ең маңыздысы - ол ұзақ уақытқа созылған ультракүлгін сәуленің зиянды әсері.

Слайд 16

Клиника Базальды клеткалы рак- көбінесе бетте кездеседі және ол кішкене ғана,

Клиника Базальды клеткалы рак- көбінесе бетте кездеседі және ол кішкене ғана, тері
тері деңгейінен шығып тұрған, ортасы шұңқырланған жылтырланған ісік болып көрінеді. Кейіннен ортасы ойық жара болып, беті қабықтанады, қабығын алсаң жара бетінен қан шығады. Жараның жағалары тегіс емес және білеуленіп, тері деңгейінен қөтеріліп тұрады. Кейде жара қабықсыз келіп, үнемі қан кетеді, айналасындағы, не астындағы тіндерге өтеді, ол кезде жараның қозғалысы нашарлайды. Базальды клеткалы рак емнен кейін жиі-жиі қайталанып, басқа жерінде пайда болады.

Слайд 17

Жайылма клеткалы рак. Ол көбінесе бастың, кеуденің, аяқтардың, құлақ қалқаншасының, сыртқы жыныс

Жайылма клеткалы рак. Ол көбінесе бастың, кеуденің, аяқтардың, құлақ қалқаншасының, сыртқы жыныс
мүшелерінің терілерінде орналасады. Беткей және жайылмалы түрде кездеседі. Ісік еш уақытта ауыртпайды, тері деңгейінен көтеріліп, тез арада ойық жара пайда болып, одан қанды-су ағады, кейде мұның алдында теріде қышыма пайда болады. Кейіннен барып, ісік айналысындағы, немесе астындағы тіндерге көшеді, лимфа бездерге тарайды. Фунгозды ракта ісік қырыққабат сияқты сыртқа қарай өсіп, үлкен көлемге жетеді, беті жараланып, үнемі қан кетуі байқалады. Мұндай рак аймақтық лимфа бездеріне тез арада бөгелме ісік береді.

Слайд 18

Жайылма клеткалы рак

Базальды клеткалы рак

Жайылма клеткалы рак Базальды клеткалы рак

Слайд 19

Меланоманың пайда болуы
Тері меланомасы қалдардан (пигментті невус) пайда болады, қалдар неше түрлі

Меланоманың пайда болуы Тері меланомасы қалдардан (пигментті невус) пайда болады, қалдар неше
болып келеді:
жалпақ тәріздес,
бөртпеге ұқсас,
түйінді,
сүйелді,
шашақты.

Слайд 20

Морфологиялық тұрғыдан қалдардың бірнеше түрлері бар:
Шекаралы невус . Өте жиі ұмада,

Морфологиялық тұрғыдан қалдардың бірнеше түрлері бар: Шекаралы невус . Өте жиі ұмада,
алақанда, табанда кездеседі. Оның түсі қою-қоңыр, көлемі 1 см-ден аспайтын жалпақ, тері деңгейінен көтерілмейтін және шашсыз келетін таңба. Меланомаға ауысу мсүмкіншілігі тым жоғары келеді.
Тері ішіндегі невус. Басқаларға қарағанда жиірек анықталынады.Эпидермис жұқа келіп, нәзіктеу болады және кейде онда гиперкератоз және папилламатоз байқалады. Ол тері деңгейінен көтерілмейді, әрі қатерлі ісікке сирек жағдайда ауысады.
Көкшіл невус . Теріде терең жерде орналасқан, сондықтан көкшіл түстес боп келеді, эпидермис оның үстінде жұқарып көрінеді. Сирек жағдайда меланомаға көшеді.

Слайд 21

№1- сурет. Шекаралы невус
№2- сурет.Тері ішіндегі невус

Көкшіл невус

№1- сурет. Шекаралы невус №2- сурет.Тері ішіндегі невус Көкшіл невус

Слайд 22

Аралас невус. Екі қабатты, эпидермис және дерманы алып жатады. Сондықтан бұл невуста

Аралас невус. Екі қабатты, эпидермис және дерманы алып жатады. Сондықтан бұл невуста
эпидермальды, не шекаралы түрі басым болып кездеседі. Тері деңгейінен қөтеріліп тұрады және қатерлі ісікке тез айналады.
Ювенильді (жасөспірімдік) невус . Жалпақ тәріздес түйін, сұрғылт қызыл, немесе, сирек жағдайда, қоңыр түстес келеді. Эпидермис жұқалау болып, 6,0% жағдайда меланомаға ауысады

Слайд 23

Дюбрейл меланозы . Жалпақ тәріздес түйін, сұрғылт қызыл, немесе, сирек жағдайда, қоңыр

Дюбрейл меланозы . Жалпақ тәріздес түйін, сұрғылт қызыл, немесе, сирек жағдайда, қоңыр
түстес келеді. Эпидермис жұқалау болып, 6,0% жағдайда меланомаға ауысады. Көбінде - әйелдердің кеудесінде, бетте, қолда және т.б. жерлерде кездеседі көбінесе егде жастағы адамдарда. Бірнешеу болып қою-қоңыр түсті таңбалармен белгіленеді, олардың шекарасы көмескіл келіп, сандары көп болады және боялу қасиеттері саналуан жүреді.
Әртүрлі әдеби мәліметтеріне сүйенсек, Дюбрейл меланозынан пайда болатын меланома, жалпы меланомамен салыстырғанда 10 - 33,0% құрайды, ал кейбіреулері – 75,0%-ға жететіндігін көрсетеді.

Слайд 24

Дюбрейл меланозы

Дюбрейл меланозы

Слайд 25

Ота невусы – туа біткен қал, көбінесе үштік жүйкенің I- және II-

Ота невусы – туа біткен қал, көбінесе үштік жүйкенің I- және II-
бағаналары жүйкеленетін аймақтың бір жағында ғана кездеседі. Сирек жағдайда туа пайда болады, әсіресе жас балалар мен жас өспірімдер арасында жынысты ересейу кезеңінде пайда болады. Бұл невус пигментті дақ көкшіл не қара-көкшіл түсті болып, бет аймақтың бір жағын жиі зақымдайды. Клиникалық көрістері қара-қошқыл пигментті көздің шырышты қабатында, ақ қабығында, нұрлы қабықта орналасады Сонымен бірге, бір-біріне сіңісіп өскен, не алып көлемді ұрт аймағында, жоғарғы жақ пен самай сүйектерінің үстінде көкшіл-қара түсті зақымдалған жағында орналасып, көрген кезде түсіне қарай беті «ыластанған тері» тәрізді болып көрінеді.

Слайд 26

Ота невусы

Ота невусы

Слайд 27

Моңңол дағы - көкшіл түсті сегізкөз, бөксе мен сан аймақтарындағы терісінде,ал

Моңңол дағы - көкшіл түсті сегізкөз, бөксе мен сан аймақтарындағы терісінде,ал меланиен
меланиен пигменттері терінің дәнекер қабатында орналасады. Бұл дақ алғаш рет моңғолдардың баласында кездесетіндігі туралы белгілі болған. Алайда бұл дақ моңғолдарда, қазақтарда, қырғыздарда, якуттарда, айндарда, кәрістерде, буряттарда, тувалықтарда, Солтүстік Америка индейцтерінде және басқа ұлттарда да кездеседі. Монғол дағы жаңа туған балаларда екінші не үшінші күндері белгілі болып, 12-24 айдан соң өз бетінше кетіп қалады, ал кейбір кезде ересектерде қалдық түрінде сақталып қалады

Слайд 28

Моңңол дағы

Моңңол дағы

Слайд 29

Осы аталған қалдардың меланомаға айналудың 15 белгісі бар, олар болжамдық үлесінің

Осы аталған қалдардың меланомаға айналудың 15 белгісі бар, олар болжамдық үлесінің «салмағына»
«салмағына» қарай көрсетілген:
Қал бетіндегі тері түсінің (суретінің) өзгеруі
Қал бетінің жылтырап, тегіс болуы
Кал шеттерінің ассиметриясы, көрінісінің бірқалыпты болмай (фестон тәріздес болып) өзгеруі, Қалдың өзгеруі
Қалдың жайыла көлденең өсуі ,
Қал айналасында қышу мен күйдіргі тәрізді сезінуі,
Қалдың беті түлеп, құрғақ қабықтануы,
Қал бетіндегі түгінің біртіндеп түсуі, не оның болмауы

Слайд 30

Қал-меланома түсінің жартылай (бірқалыпты емес), не толық өзгеруі, яғни пигменттің жоғалуы (депигментациялануы)

Қал-меланома түсінің жартылай (бірқалыпты емес), не толық өзгеруі, яғни пигменттің жоғалуы (депигментациялануы)
,
Қал-меланома бетінде майда түйідердің пайда болуы,
Қал-меланоманың айналасындағы тіндерден оқшауланып, тік өсуі,
Қал-меланоманы сипап қарағанда тығыздығының өзгеруі ( жұмсаруы),
Қал-меланома бетіндегі эпидермистің ойық жараға айналуы,
Қал-меланома мен айналасының қабынуы,
Қал-меланома бетінің ылғалданып, одан кан кетуі,
Қал-меланома аналасындағы теріде пигменттелген, не қызылдау тәжі тәріздес өспелердің (саттелиттер) пайда болуы,

Слайд 31

Меланоманың гистологиялық құрылысы саналуан, бірақта, оларды клинико-гистологиялық түріне қарай төртке бөледі (11-

Меланоманың гистологиялық құрылысы саналуан, бірақта, оларды клинико-гистологиялық түріне қарай төртке бөледі (11-
сурет).
Соның ішінде ең көп кездесетін түрі беткей орналасқан жайылмалы (lentigo) түрі (70,0%), оның ерекше бір нұсқасы – веррукозды меланомасы – ол эпидермистің кератозы мен гиперплазиясы ретінде сипатталады. Екінші бір түріне – түйін тәрізді (nodular) меланома (15,0%) жатады. Үшіншісі – акрально-лентигозды (алақан- табанды және тырнақ асты), ал төртіншісі – қатерлі лентиго текті меланома (5,0%), соңғы түрі тағды екіге бөлінеді – десмопластикалы және нейротрофикалы болып.

Слайд 32

Меланоманың tnm жүйесі бойынша жіктелуі.
Т- бірінші ісік көлемі. Ол тек ісік тұтас

Меланоманың tnm жүйесі бойынша жіктелуі. Т- бірінші ісік көлемі. Ол тек ісік
сылынғаннан кейін анықталынады.
N-- аймақтық лимфа бездері.
Nх - аймақтық лимфа бездері анықталмаған, белгісіз.
No - аймақтық лимфа бездері білінбейді.
N1 - зақымданған жағында қозғалмалы лимфа бездері бар,
N2 - зақымданбаған, немесе екі жағында, қозғалмалы лимфа бездері бар,
N2а - лимфа бездеріндегі бөгелме ісік көлемі 3см- ден асса,
N2б - сателлиттер көп болса,
N2с - соңғы екі жағдайдың екеуі де қабаттасып келсе,
М- - алыстағы бөгелме ісік.
Мо-- алыстағы бөгелме ісік жоқ.
М1 - алыстағы бөгелме ісік бар.
М1а- бөгелме ісік теріде, немесе тері асты май қабатында бар болса және ол аймақтық емес лимфа бездерінде орналасса,
М1б- ішкі мүшелер бөгелме ісікпен зақымданса. жарақаттанса.

Слайд 33

1965 жылы Кларк деген ғалым меланоманың тері астына өсуін 5-деңгейге бөлген:
1- деңгейі

1965 жылы Кларк деген ғалым меланоманың тері астына өсуін 5-деңгейге бөлген: 1-
- ісік, терінің негізгі қабатындағы мембранасына дейін өсуі. Яғни ісіктің терідегі эпидермистің: 1-түлегіш, 2- мөлдір, 3- дәнді, 4- тегіс емес қабаттан өтуін айтады. Ендігі бесінші қабат базальды клеткасындағы мембраналық сызық болып саналады. Осымен эпидермис бітіп, одан соң негізгі тері қабаты (дерма) басталады.
2- деңгейі – ісік, эпидермистен өтіп, базальды мембранадан (сызықтан) асып, негізгі тері басталған жеріне жетуі,
3- деңгейі – ісік, негізгі терінің бірінші емізікті және екінші торлы қабаттары зақымданғанда,
4- деңгейі - ісік негізгі терінің ең соңғы қабатына шейін жетуі,
5- деңгейі - ісік, тері астындағы май қабатын зақымдауы.

Слайд 34

Инвазия деген ұғым, ол ісіктің терідегі өсу деңгейін, меланоманың көлемімен (қалыңдығымен) анықталатын

Инвазия деген ұғым, ол ісіктің терідегі өсу деңгейін, меланоманың көлемімен (қалыңдығымен) анықталатын
болды, себебі бұл ұғым дәл болжам айтуға мүмкіндік береді.
Терідегі инвазия деңгейінің өзгеруі:
Т1 - инвазия -1мм-ден кем,
Т2 - инвазия 1мм-ден үлкен, бірақ 2 мм-ден кем,
Т3 - инвазия 2 мм-ден үлкен, бірақ 4 мм-ден кем,
Т4 - инвазия 4 мм-ден асса.

Слайд 35

Тері меланомасының эпидемиологиясы
Тері меланомасының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстан бойынша орташа есеппен 1,7%ооо тең,

Тері меланомасының эпидемиологиясы Тері меланомасының аурушаңдық көрсеткіші Қазақстан бойынша орташа есеппен 1,7%ооо
ал оның әрбір облыстарында бірыңғай емес (№12- сурет), ең жоғарғы аурушаңдық көрсеткіші Шығыс-Қазақстан (3,0%ооо), Қарағанды (2,8%ооо), Қостанай (2,7%ооо), Павлодар (3,0%ооо) облыстарында және Алматы қаласында (2,8%ооо) тіркелген, сонымен қатар ең төменгі көрсеткіш - Қызылорда (0,3%ооо) Оңтүстік Қазақстан (0,6%ооо), Ақтөбе (0,7%ооо), Атырау (0,7%ооо) және Жамбыл (1,0%ооо) облыстарында анықталған.
Жас пен жыныстық ерекшеліктері. Әйелдер ер азаматтарына қарағанда жиірек ауырады және неғұрлым жас ұлғайған сайын ауруға шалдығу мүмкіншілігі ұлғая түседі (70-тен асқандарда). Тері рагындағы жасқа байланыстылық, меланомада сезілмейді

Слайд 36

Эпидемиологиялық заңдылықтары:
Ультракүлгін сәулесіне көбірек қақталған сайын соғұрлым қауіпті, әсіресе, 12 мен 16

Эпидемиологиялық заңдылықтары: Ультракүлгін сәулесіне көбірек қақталған сайын соғұрлым қауіпті, әсіресе, 12 мен
сағат аралығында, себебі бұл мезгілде ультракүлгін сәулесінің мөлшері (дозасы) өсіп, оның тікелей зианды әсері басым келеді.
Меланомамен еуропалық ақ нәсілді этностар жиі шалдығады. Әсіресе, олардың шаштары және көздерінің қаралығы аз болса.
Қазақстан және Қырғызстанға қоныс аударғандарда (еуропалықтар), жергілікті тұрғындарға қарағанда науқастардың саны мен аурушаңдық көрсеткіштері жоғары екендігі анықталған.
Орта теңіз аймағында тұратындарда, еуропалықтарға қарағанда, тері меланомасы аз кездеседі, себебі олардың терісі пигментке бай, ол күнге қақталған кезде қорғаныс рөлін атқарады.
Меланомада, өлім саны тері рагына қарағанда 5-6 есе жоғары, бұл меланоманың адам өміріне өте қауіпті ісік екенін білдіреді.

Слайд 37

Кликалық түрлерімен белгілері
Меланома теріде өте жиі орналасады, ал көздің қарашығында, әйелдердің сыртқы

Кликалық түрлерімен белгілері Меланома теріде өте жиі орналасады, ал көздің қарашығында, әйелдердің
жыныс мүшелерінде, қынапта және тік ішекте сирек кездеседі. Көбінесе меланома аяқта, кеудеде және қолда пайда болып, тек 10-20,0% жағдайда бас пен мойынды зақымдайды.
Меланома негізінде үш бағытта өседі: 1-тері үстімен, 2- терінің жан-жағына, 3- аралас тері ішімен және тері астымен. Тері үстімен өскен кезде көлемі жайылып ұлғаяды, мұны көлденең бағыттағы өсу дейді. Бұл кезде терінің зақымдануы негізгі теріге дейін жетеді. Ал енді өсудің екінші деңгейінде ісік тік бағытта өсіп, негізгі теріні зақымдап, одан соң бөгелме ісікті береді, және аралас түрде де кездеседі.

Слайд 38

Меланоманың неше түрлі бағытта өсуі оның клиникалық белгілерін дер кезінде анықтауды қиындатады,

Меланоманың неше түрлі бағытта өсуі оның клиникалық белгілерін дер кезінде анықтауды қиындатады,
сондықтан жоғарыда көрсетілген пигментті, пигментсіз қалдардың меланомаға айналуының 15 белгісін дер кезінде байқау маңызды іс.
Ісіктің асқынуы мынадай белгімен айқындалады - қалдың айналасында қара-қошқыл белгілер пайда болады, олар тері ішінде орналасады, мұны сателлит деп атайды, бұл меланоманың лимфа тамырлары арқылы таралғанын білдіретін белгі.

Слайд 39

Меланоманың тік (экзофитті) бағыта өсу түрі

Меланоманың жайылмалы түрі

Меланоманың аралас бағытта өсу түрі

Меланоманың тік (экзофитті) бағыта өсу түрі Меланоманың жайылмалы түрі Меланоманың аралас бағытта өсу түрі

Слайд 40

Меланоманы анықтау жолдары
Күнделікті дәрігерлік тәжірибеде тері рагын және меланоманы дәлелдеу қиын

Меланоманы анықтау жолдары Күнделікті дәрігерлік тәжірибеде тері рагын және меланоманы дәлелдеу қиын
емес. Ол көзге көрінетін, қолмен сипауға келетін ісік, сондықтан олардың клиникалық белгілерін және оларды терінің басқа аурулардан ажырата білу керек. Диагнозды нақты дәлелдеу үшін цитологиялық, гистологиялық зерттеулер керек. Өкіншке орай меланомада, тері рагындағыдай - пунция, не биопсия жасауға болмайды. Меланомаға күдік туған жағдайда тек ойық жара бетінен жақпа алуға болады. Қосымша диагностикалық әдіске зәрден меланоманың қалдықтарын (меланурия) іздеу жатады. Тері рагында да, меланомада да радиоактивты фосфорды қолдануға болады. Кейінгі кездерде лазерлы флуоресцентті тәсіл тәжірибеде енді-енді еніп жатыр. Соңғы кездерде тері рагынан қалай биопсия алу техникасы

Слайд 41

Басқа аурулардан ажырату жолдары
Тері рагын көптеген созылмалы тері ауруларынан ажырату оңайға

Басқа аурулардан ажырату жолдары Тері рагын көптеген созылмалы тері ауруларынан ажырату оңайға
соқпайды, солардың ішінде ең негізгілері: туберкулез, мерез, микоз, жалған сірнелі емес гиперпалазиялар, эпителийден пайда болмаған қатерлі, қатерсіз ісіктер. Өте жиі және қосарланып келетін қызыл жегі (волчанка) ауруын тері рагынан ажырату, өте қиын, себебі олар көптеген жағдайда бірігіп, көбінде бетте жиі кездеседі.

Слайд 42

Меланоманы пигментті қалдардан, әсіресе, меланоздардан ажырату керек. Пигментті базалиоманы меланомадан ажырату қиынға

Меланоманы пигментті қалдардан, әсіресе, меланоздардан ажырату керек. Пигментті базалиоманы меланомадан ажырату қиынға
соғады. Дегенмен базалиоманың баяу өсуі, пигменттің біркелкі орналасуы, қабыну үрдісінің болмауы, әруақытта, меланома емес екенін көрсетеді. Қантамырларынан, жүйке талшықтарынан шыққан ісіктерді және Боуэн ауруларын тері рагынан ажырату өте қиын бұл жерде тек морфологиялық зерттеу керек.

Слайд 43

Сақтандыру
Тері рагы мен меланомадан сақтану үшін дер кезінде ісік алды және

Сақтандыру Тері рагы мен меланомадан сақтану үшін дер кезінде ісік алды және
қатерсіз ісіктерді анықтап, толық емдеген жөн. Бұл жерде жалпы мына шараларды орындау керек:
зиянды және қоздырғыш себептерді жойу,
зақымданған жерді консервативты емдеу,
егер ем нәтиже бермесе, онда криогенді, лазерлы, оперативты емдер қолданып, алынған затты мұқият гистологиялық зерттеу.

Слайд 44

Емдеу шаралары

Тері рагының тиімді емі ісіктің өсу сатысына, морфологиялық құрылысына, орналасқан жеріне,

Емдеу шаралары Тері рагының тиімді емі ісіктің өсу сатысына, морфологиялық құрылысына, орналасқан
ісік көзінің санына ауру адамның жасына тығыз байланысты келеді. Егер ісік алғашқы өсу сатысында болса, ем екі деңгейде қарастырылады – біріншісінде, ісік көзі радикальды хирургиялық жолмен сылып алынады, екіншісінде – аймақтық лимфа бездеріне операция жасау, бір мезгілде орындалады.

Слайд 45

Сәуле әдісі меланомада тиімсіз, сондықтан хирургиялық әдіс жиі қолданылады, ол кезде оны

Сәуле әдісі меланомада тиімсіз, сондықтан хирургиялық әдіс жиі қолданылады, ол кезде оны
кең көлемде ісікті сылып алу, ал кейбір жағдайда тері шеттері тігіс салғанда бір-біріне жетпей жатады, онда пластикалық операциялар қолданылады. Егер меланомада бөгелме ісік байқалса, онда химиотерапия әдісі (дакарбазин, нитрозомочевина, платина), иммунды дәрілермен (интерферон, левамизол) қосарланып қолданылады.
Имя файла: Терінің-жұқпалы-аурулары.pptx
Количество просмотров: 60
Количество скачиваний: 2