Бала дамуындағы жас ерекшеліктердің көрсеткіштері
Екінші сәбилік кезең 4жас
Бала дамуының төртінші жылы екінші сәбилік кезең деп аталады. Бұл шақтағы баланың, дамуына ерекше мән беріледі. 4 жастағы ұл баланың бойы – 100-109 см, салмағы – 15-19,5 кг, қыз баланың бойы – 98-109 см, салмағы - 14,8-19,8 кг, көкірек қуысы аумағы аумағы 51-56 см. Миының құрылымы мен сезімталдық қабілеті әрі қарай дамиды, белсенділігі артып, қимыл қозғалысы үйлесімді бола түседі. Көрнекі бейнелі ойлау қабілеті дамиды. Осының өзі баланың нақты бейнелі қабылдауынан шығып, ойлауына, есте сақтау қабілетіартуына мүмкіндік жасайды. Бұл кезде бала есте сақтау мен есіне түсіруді басқару мүмкіндігіне жетеді, бірақ есте сақтау қабілеті шектеулі. Баланың мінез құлқы да айтарлықтай өзгереді. Сәбилер түрлі себептерге, сол сәттегі жағдайларға байланысты туатын сезім мен тілектің ықпалынан пайда болатын әрекеттер жасайды. Олардың іс әрекеті күрделенуіне байланысты танымдық құштарлығы пайда болады. Оның өмірінде мазмұнды ойындар үлкен орын алады, Ойнау ұзақтығы 10-15 мин болады. Бұл жастағы баланың ең маңызды ерекшелігі - өзіндік тілегі бар жеке адам екенін сезіне бастауы. Бала үлкендердің көмегі арқылы айнадан, сүреттен өзін тани (2,5 жастан) бастайды. Өзінің басқалардан бөлек екенін сезінеді. Кейбір оңай іс әрекеттерді үлкендердің көмегінсіз ақ істей алады. Бұл үлкен адамдарға жаңаша қарауына, өзін үлкендермен салыстыруына , еркін, дербес болуына жетелейді. «Үлкен болуды армандайды». Оған тілегі мүмкіндігі сай келмейді. Сондықтан сәби өзінің талап тілегін үлкендерге қарсы қояды. Міне, үш-төрт жастағы дағдарыс (өтпелі құбылыс) осылай басталады. Үлкендер рұқсат етпеген нәрсені әдейі жасап өзінің үлкендігін, тәуелсіздігін, күштілігін көрсеткісі келеді. Осылайша баланың үлкен болуға ұмтылуынан тәрбиеде қиындықтар туады. Осы кезде үлкендер бала дербестігіне жол беріп, әдепті мінез құлық көрсету, тілегін ойын түріне айналдыру, орындау арқылы дағдарыс кезеңінен оңай өтеді.