Аралык бакылау

Содержание

Слайд 2

ҚАРАЛАТЫН СҰРАҚТАР: І. Педагогикалық білім берудегі инновация ұғымы. Инновациялық технологиялар: Модульдік оқыту, проблемалық

ҚАРАЛАТЫН СҰРАҚТАР: І. Педагогикалық білім берудегі инновация ұғымы. Инновациялық технологиялар: Модульдік оқыту,
оқыту, деңгейлеп-саралап оқыту, мультимедиялық оқыту, сын тұрғысынан оқыту, дамыта оқыту, жобалап оқыту технологиялары ІІ. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің əдістері ІІІ. Жеке тұлғаның дамуы, тәрбиесі және қалыптасуының өзара байланысы және жас ерекшелік кезеңдері

Слайд 3

І. «Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген

І. «Инновация» деген сөз – латынның «novus» жаңалық және «in» енгізу деген
сөзінен шыққан, ал оның қазақша аудармасы «жаңалық, жаңару, өзгеру» деген мағынаны білдіреді. Т.И. Шамова, П.И.Третьякованың еңбегінде «Инновация дегеніміз – жаңа мазмұнды ұйымдастыру, ал жаңалық енгізу дегеніміз – тек қана жаңалық енгізу, ұйымдастыру, яғни инновация үрдісі мазмұнды дамытуды, жаңаны ұйымдастыруды, қалыптастыруды анықтайды, ал «жаңаша» деп жаңаның мазмұны, оны енгізудің әдіс – тәсіл мен технологиясын қамтитын құбылысты түсінеміз» делінген. Энциклопедиялық сөздіктерде «инновация» әр түрлі анықталады. Зерттеушілердің айтуынша: «инновация» – педагогикалық категорияларға жатады және ол мектептегі құбылысқа тың жаңалық: жаңа бағдарламаны, оқу жоспарын, әдіс – тәсілдерді оқу және тәрбие жұмыстарына енгізу болып табылады. Н.Нұрмағанбетов «Инновация» білімінің мазмұнында, әдістемеде, технологияда оқу – тәрбие жұмыстарының түрлерінде, тәсілдерінде, оқу – тәрбие жұмысын ұйымдастыруда, мектеп жүйесін басқаруда көрініс табады дейді.

Слайд 4

Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын,

Педагогикалық процесте инновация оқыту мен тәрбиенің тәсілдері, түрлері мақсаты мен мазмұнын, мұғалім
мұғалім мен оқушының бірлескен қызметін ұйымдастыруға жаңалық енгізуді білдіреді. Білім берудегі инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасы құрайды. Олар — озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық-психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу проблемасы.

Слайд 5

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар:

• Жобалау оқыту технологиясы;
• Проблемалық оқыту технологиясы;

Білім беру жүйесіндегі инновациялық технологиялар: • Жобалау оқыту технологиясы; • Проблемалық оқыту

• Дамыта оқыту технологиясы;
• Модульдік оқыту технологиясы;
• Сын тұрғысынан ойлау технологиясы;
• Мультимедиалық оқыту технологиясы;
• Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы;

Слайд 6

Жобалап оқыту технологиясы кезеңді, жемісті оқу қызметін түзету және қалыптастыру, нәтижесін көрсету үшін

Жобалап оқыту технологиясы кезеңді, жемісті оқу қызметін түзету және қалыптастыру, нәтижесін көрсету
қажетті ақпараттарды өз бетінше талдау негізінде студенттердің оқу мақсаттарын орындауға бағытталған оқыту үдерісінің ерекше ұйымдастырылуы деп қарастыруға болады. Жобалап оқыту технологиясы – бұл адамдардың қажеттілігін орындауды, аталған қажеттіліктерге сәйкес еңбек өнімін арттыратын, сонымен бірге жасалған зерттеудің нәтижесін қарастыратын, студенттердің танымдық қызметін ұйымдастырудың аранайы тәсілі [4]. Осы әдіс 1919 жылдарынан бастап, АҚШ-та анағұрлым жан-жақты зерттелді. Сонымен қатар, В.Х.Килпатриктің «Жобалау әдісі. Педагогикалық үдерісте мақсатты ұсынысты қолдану» (1925 ж) атты кітапшасы жарық көргеннен бастап кең тарай бастады. Бұл жүйенің негізінде америкалық Дьюи, Лая, Торндайка сияқты, т.б. ғалымдардың идеялары жатыр.
Проблемалық оқыту технологиясы - оқушылардың іс-әрекеттік белсендіру және күшейту негізіндегі педагогикалық технологиялардың бірі.
Проблемалы оқыту технологиясы – бұл проблемалы жағдайларды, оқушылардың белсенді танымдық қызметін ұйымдастыруға негізделген технология.
Проблемалық оқыту - проблемалық ситуация туғызу мен оқушылардың оқу проблемасын дербес шешулері бойынша іс-әрекеттерін басқару болып табылатын оқыту түрі. Проблема деп шешілуі оқушылардан білім алу үшін белгілі әрекеттерді талап ететін есептердің, тапсырмалардың, теориялық немесе тәжірибелік мәселелердің әр түрлілігін түсінуге болады. Бұл оқыту оқушы ойына, пікір қайшылықтарына дұрыс бағдар жасай отыра, жауап табу әдістерін үйретеді. Әдетте, оқытудың бұл түрі жаңа оқу материалын түсіндіру кезеңінде қолданылады. Проблемалық оқыту оқушының репродуктивті, продуктивті және шығармашылық қызметін жетілдіруді көздейді.
Проблемалық оқыту теориясын В.Т. Кудрявцев, И.Я.Лернер, М.И.Махмутов, А.М.Матюшкин, М.Н.Скаткин өз еңбектерінде жан-жақты зерттеген. Проблемалық оқыту теориясының негізін қалаушылар оқудағы ойлану қызметі тек қана жаңа білімді меңгеріп қана қоймай, сол мақсатқа жетудің жаңа тәсілдерін де үйрену деп есептейді.

Слайд 7

Сын тұрғысынан ойлау— бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты

Сын тұрғысынан ойлау— бұл ақпарат пен ойдың бірігіп алудың шынайы тәсілі. Ақпаратты
алу ғана емес, сонымен қатар алған ақпаратты сыни тұрғыдан бағалап, ой елегінен өткізу арқылы қолдану.
Сын тұрғысынан ойлау – бұл қиын тапсырманың шешімін табу үшін жасалатын дұрыс шешім. Сол шешімге сенудің бірден бір жолы.
Д. Клустердің ойынша сын тұрғысынан ойлаудың 5 қыры бар:
Бірінші-бұл өз бетімен ойлау;
Екінші-бұл ойын қорыту;
Үшінші-бұл проблемалық және сол ойын бағалай білуі;
Төртінші-бұл ойын дәлелдеуі;
Бесінші-сын тұрғысынан ойлаудың өзі әлеуметтік ойлау болып табылады (өмірмен байланысты).

Мультимедиа технологиясы - мәтін, гарфика және видеомульти-пликацияны пайдалануға мүмкіндік береді, оқу процесіндегі компьютердің қолданылу саласын кеңейтеді. Мультимедиа - бұл әртүрлі формада берілген ақпаратты біріктіруге мүмкіндік беретін және онымен интерактивті режимде жұмыс істеуге болатын компьютердің ақпараттық және программалық құралдар кешені.
Мультимедиа технологиялары оқушыны дайын оқу матреиалының тек қана меңгерушісі емес, сонымен қоса оны құрудың, қалыптасуының, жедел қолдануының қатысушысы ретінде шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі бар мультимедиалық курстар мен білім берудің бағдарламалық өнімдері бүгінгі күннің өзінде сабақты жаңаша түрде құруға мүмкіндік туғызуда.

Слайд 8

ДАМЫТА ОҚЫТУ ДЕП –оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды

ДАМЫТА ОҚЫТУ ДЕП –оқыту мақсаты, міндеттері, әдіс-тәсілдері баланың даму заңдылықтарына сәйкестендірілген оқытуды
атаймыз. Дамыта оқыту технологиясын енгізу идеясы баланың даму процесінің үш түрлі факторына тура қатысты: биологиялық фактор, әлеуметтік фактор бала өмір сүретін орта, ең алдымен адамдардың ортасы, баланың өз белсенділігі. Егер мұғалім баланың өз белсенділігін туғыза алмаса, оған ұсынған іс пен еңбекте баланың әрекетке қатысуы күткен нәтиже бермейді.Баланың дамуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Дамыта оқыту технологиясы - оқушының оқу, білім алу процесінде жан-жақты дамуын оқытудың басты мақсаты ретінде қабылдайды. Дамыта оқыту идеясын әдіскер-ғалым В. В. Давыдов ұсынған. Даму дегенде оқушының ойлауы, табандылығы, зейіні, оқу-дағдысы мен іскерлігі т.б. да қабілеттерін дамытуды айтамыз. Дамыта оқыту технологиясында оқушының барлық оқу әрекетіне мұғалім басшылық, бағыттау жасап отырады.
Модульдік оқыту технологиясы – білім мазмұны, білімді игеру қарқыны, өз бетінше жұмыс істей алу мүмкіндігі, оқудың әдістері мен тәсілдері бойынша оқытудың дербестігін қамтамасыз етеді.
Ал «модуль» дегеніміз – іс-әрекеттің мақсатты бағдарламасы белгілеген деңгейіне (жоспарланған алдағы нәтиже) жету үшін сұрыпталған, дидактикалық өңделген білім, білік, дағдының белгілі мазмұнының бірлігі және оның әдістемелік нұсқауы немесе аяқталған оқу ақпараты болып табылатын модульдік бағдарламаның негізгі құралы.
Модульдік оқыту технологиясының жеке тұлғаның өз-өзін дамытуға, шығармашылық қабілеттерін арттыруға қажетті іскерліктері мен дағдыларын қалыптастыратын бірден-бір технология.
Модульді оқыту технологиясының тұжырымдамасын американ зерттеушісі Дж. Рассель жасаған. азақстанның білім беру оқу орындарында модульді оқытудың технологиясын зерттеп, оның нәтижесін тәжірибеге ұсынған М.М.Жанпейсова болды.

Слайд 9

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын

Деңгейлеп саралап оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын
меңгергенін қамтамасыз етеді. Деңгейлеп оқытудың артықшылықтары: 1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді. 2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балараға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді. 3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің үш деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс. Деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы 1998 оқу жылынан бастап мектептің барлық сатысына, барлық пәндерге еніп, оқу үрдісін жандандыруға үлкен үлес қосып келеді. Деңгейлеп-саралап оқыту әрекеті – білім алуға бағыттаған әрекет. Ол өз бетінше әрі мұғалімнің жетекшілігімен жүзеге асады. Біз басшылыққа алып отырған саралай оқытудың жүйелік негізін Б. Ананьев, Л. Выготский, А. Леонтьев, С. Рубинштейн т.б. ғылымдар жасаған. Ал бастауыш мектеп кезендегі оқу әрекеті Ш. Аманатшвилли, В. Давыдов, Л. Занков т.б. зертеулерінде қарастырылады. Саралай оқытуды ұйымдастыру арқылы баланың ойы абстрактіден нақтыға қарай өрлейді, ілімдік ойлауы қалыптасады. Деңгейлік саралау негізіндегі педагогикалық технология мазмұнының ерекшілігі: - жеке құрылымдарға бағдар беру; - білім мазмұнының сипаты мен көлемі, оқу жоспарының, материалының, баяндау түрлерінің дидактикалық құрылымы. Оқушылар бір сыныпта, бір бағдарлама және бір оқулық бойынша оқи отырып, материалды әртүрлі деңгейде игере алуы деңгейлік саралау деп аталады.

Слайд 10

ІІ. Ғылыми педагогикалық зерттеулер- педагогикалық ғылымның жаңа даму процесі, дамудың бір түрі,

ІІ. Ғылыми педагогикалық зерттеулер- педагогикалық ғылымның жаңа даму процесі, дамудың бір түрі,
оқытудың заңнамалық обьективті ашылуларына бағытталған, тәрбие мен даму. Педагогикалық зерттеудің негізгі компонеттері болып табылады : - зерттеудің тақырыбын анықтау; - зерттеудің есебінің құрылысы; - қолда бар мағлұматтың алдын ала анализ, шарттары мен берілген түрдің әдісінің мәні және тапсырманы табу сатысы; - гипотездің шығу типтері; - теориялық және экспериментті тексеру; - анализ және алынған нәтижелерді қамту (ғылыми факті), олардың ғылыми интерпритациясы; - нәтиженің теориялық құрылуыжәне ғылыми зерттеу әдістемесі ұсынған оқытудың - тәрбиелік жоспары бойынша жұмысы.

Слайд 11

Педагогикада зерттеудің 3 сатысын ерекше атап өтеді: эмпирикалық, теориялық және әдістемелік. Бірінші

Педагогикада зерттеудің 3 сатысын ерекше атап өтеді: эмпирикалық, теориялық және әдістемелік. Бірінші
сатыда ғылымның жаңа фактісі және эмпирикалық заңнамасы олардың негізгісін қамтиды. Екінші орында - жылжу және негізгі орнығу, ортақ педагогикалық заңнама, ерте ашылған фактіні түсіндіруге рұқсат ету, сонымен қатар алдын ала болжау және құбылыс пен фактіні алдын ала көру. Үшінші сатысы, әдістемелік, эмпирикалық база сатысында және теорияның зерттеу ортақ принципте орнығады және педагогикалық құбылыстың зерттеу әдісі, теорияның құрылуы.

Слайд 12

Халық ағарту жүйесі тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау

Халық ағарту жүйесі тәрбие мен білім берудің барлық салаларына ғылыми болжам жасау
мақсатында және негізгі проблемаларды ғылыми – теориялық, практикалық жағынан терең талдау үшін педагогика ғылымында мынадай зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады: Педагогикалық байқау. Бұл педагогикалық зерттеулерді қолданып жүрген ең көп тараған әдісі. Байқау, ең алдымен, тәжірибе деректерін жинау мақсатын көздейді, байқалатын объектіліерді бөліп алып, әдетте фактілер мен белгілерді тіркеп отыратын күні бұрын жасалған жоспар бойынша жүргізіледі. Әңгімелесу әдісі. Педагогикалық зерттеу әдісі ретінде өз алдына дербес қолданылады және байқау әдісімен толықтырылып отырады. Әңгімелесу әдісі күні бұрын белгіленген жоспар бойынша анықталуға тиісті зерттеу мақсаттарына сай жүргізіледі. Әңгімелердің барысы, мазмұны толық баяндалады, қорытынды жасалады. Интервью алу әдісі. Бұл педагогикаға әңгімелесу әдісінің бір түрі ретінде социологиялық зерттеулерден ауысқан. Әдетте жүргізілген әңгімелеоден айырмашылығы интервью алған кезде алдын ала белгіленген сұрақтар, бір ізді дәйектілікпен әңгімелесушінің жауаптары жазылып алынады.

Слайд 13

Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және

Сауал-сұрақ (анкета) әдісін қолдануда зерттеліп отырған проблемаға байланысты көпшілік пікірін білу және
осы коллективтегі әр түрлі әрекеттердің, көңіл-күйлердің т.б. мәселелердің объективті деректері, субъективті салыстыру анықталады. Мектеп құжаттарын зерттеу. Бұл әдіс оқушының жеке іс-қағаздарын, медициналық карталарын, класс журналдарын, оқушы күнделіктерін, жиналыстар мен мәжілістердің протоколдарын оқып үйрену, талдау, жинақтау мақсатында қолданылады. Педагогикалық эксперимент әдісі. Зерттеу объектісінің педагогикалық тиімділігін анықтай түсу мақсатына сай жұмыстың қандай да болсын әдістері мен жолдарын зерттеу үшін арнаулы ұйымдастырылған әдіс. Педагогикалық эксмерименттің мынадай түрлері бар: табиғи, лабораториялық, іздеу мақсатын көздейтін эксперимент.

Слайд 14

Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу. Бұл әдістер түрлі педагогикалық құбылыстардың

Кибернетикалық және математикалық әдістерді педагогикалық әдістерге енгізу. Бұл әдістер түрлі педагогикалық құбылыстардың
өзара сандық байланыстарын, олардың өлшемін, сапалық ерекшеліктерін айқындау үшін қолданылады. Педагогикалық зерттеулерді математикалық әдістерді қолдану эксперименттік зерттеулердің сандық деректеріне статистикалық өңдеу үшін қажет. Педагогикалық үрдістерді модельдеу. Модельдеу педагогикада кибернетикалық идеялар мен әдістерді пайдаланумен байланысты, олар негізінен алғанда қарапайым деңгейде, яғни озат тәжірибені қорытуға, қарапайым материалды жинап сипаттауға жіне оны алғаш рет қңдеп, жүйеге келтіруге педагогикалық зеттеу дәрежесін көтеруге көмектеседі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу жолдары – педагогикалық зерттеудің ең басты қорытындысы болып есептеледі. Зерттеулердің нәтижесін тәжірибеге енгізу – бұл тұтас комплексті шаралар жиынтығы.

Слайд 15

ІІІ. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді,

ІІІ. Жеке адамның қалыптасуы - күрделі, ағзаның өсуі мен жетілуін, стихиялы әсерлерді,
мақсатты, ұйымдасқан тәрбиені қамтитын қарама-қайшылықты процесс. Жеке адамның қалыптасуы өмірге келген сәтінен басталады, жеткіншек және жасөспірім шақта жедел жүреді, ересек шақта өзінің біршама аяқталу кезеңіне жетеді.

Слайд 16

Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің

Жеке адамның әсіресе балалың және жасөспірім шақтарында дамып, жетілуі ең алдымен тәрбиенің
ықпалы арқылы жүріп отырады. Бірақ тәрбие әсерінің дәрежесі мен сипаты көп жағдайда тәрбиенің даму заңдылықтарын қаншалықты ескергеніне байланысты болады. Сөйтіп, тәрбие мен дамудық арасында екі жақты байланысы болады. Сондықтан жеке адамның даму заңдылықтарын тереңірек қарастырған жөн. Жеке тұлға мен қоғамдық ортаның қарым-қатынасы философия, психология, педагогика, т.б. қоғамдық ғылымдардық көптен айналысып жүрген көкейкесті мәселелері. Бұл жөнінде кейінгі жылдары жарық көрген философиялық, педагогикалық, психологиялық, этикалық, ұлтаралық қарым-қатынастарға арналған еңбектерден басқа П.И.Подласыйдық, М.Ф.Хар-ламовтың "Педагогика" (М.1996-1997), Б.С.Гершунскийдің "XXI ғасырда білім берудің философиясы" (1993), Г.К.Нұрғалиеваның "Тұлғаның құндылық бағытын қалыптастырудық методологиясы, практикасы" (АД995) секілді ондаған монографиялық еңбектері жарық көрді.

Слайд 17

Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен

Жеке тұлғаға тән қасиеті - ақыл, ес, яғни, өмірді өзінің сана-сезім өлшемімен
қарап бағалауға бейім тұруы. Сондықтан өмірді танып білу - миллиондаған жеке тұлғалардың сезім, түсінігінен тұрады. Жеке тұлғаның еске сақтауы өзге адамдардық тәжірибесін жинақтауға да негізделеді. Әрбір тұлға оларды оқып, көріп, оңығанын, естігенін, көргенін өз ойына тоңып, содан сабақ алу арқылы да өзінің іс-әрекетін, мінез-құлқын, сана-сезімін байытады. Адам өмірде өзі жіберген қателіктерден де, басқалардың қателіктерінен де сабақ алады. Оны қайталамауға тырысады. Мұны педагогикада адамның өзін-өзі тәрбиелеуі деп атайды. Басқалардың өнегелі іс-әрекетінен үйрену, оны өзінің жақсы қасиетіне айналдыру өмір заңы. Тұлға — жеке адамның мақсатының орындалуы, ерік-жігерінің іске асуы, өзі жөніндегі ойын, еркін іске асыруға дайындығы және оны іске асыруының нәтижесі.

Слайд 18

Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып,

Ең негізгі мәнді өзгеріс тұлғаның өзіндік дамуында болады. Оның айрықша ерекшелігі болып,
өзіндік рефлексиясының күштілігі табылады. Яғни, өзін — өзі тануға, бағалауға, өз мүмкіншіліктері мен қабілеттіліктерін білуге талпынысы жатады. Осыларды қорыта келе, әрбір адамның тұлғалық кәсіби қалыптасуы – түрліше болғанымен, олардың ортақ байланысы жасөспірім кезеңде алған тәрбие-тәлім, біліміне қатысты екенін көре аламыз. Келешекте тұлға болып қалыптасуы үшін қажетті базалық қорының бастауы әр адам осы кезеңде жинақтайды. Бұл процестер тұлғаның психологиялық және физикалық дамуымен қатар жүретіндіктен, жасөспірімдік жастың тұлғаның кәсіби қалыптасу барысында маңызы зор.
Имя файла: Аралык-бакылау.pptx
Количество просмотров: 42
Количество скачиваний: 0