Шымкент қаласы балаларының ,тіс зақымдануында жалаң мия тамырының фитопрепараттарын қолдануды негіздеу
Тақырыптың Өзектілігі: Қоршаған ортаның техногенді, радиобелсенді заттармен және тұрмыстық қалдықтармен ластануының әсеріне байланысты адам денсаулығының өзгерістеріне алып келеді, оның ішінде адамдардың, соның ішінде балалардың тіс зақымдануының жиілеуімен , тіс-жақ жүйесінің қабынуы қөрсеткіштерінің жоғарлауына әсерін тигізеді. [Алдашева М.А, 2002]. Экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты балалардың арасында тіс зақымдануының таралуы мен қарқындылығы арта түскені анықталды.[ Ушаков И.Б. и др., 2006,Орманов Е.К,2010]. Бұл мәселе Қазақстанның оңтүстік аймағы үшін маңызды болып табылады.Мұнда қорғасын, қоршаған ортаны ластаушы және антропогенотоксиндер ретінде жіктелген,химиялық заттардың басымдықтарының бірі болып табылады.[ИзмероваН.Ф., 2000,Орманов Е.К,2010]. Шымкент қаласында қорғасынмен атмосфераның, топырақтың және өсімдіктердің ластануы бірнеше рет, ШРЕД бойынша жоғары болып келеді.[Хандиллаева Б.М.,2000,БектургановР.С. и соавт., 2010]. Қазақстан Республикасында, балалар стоматологиясы бойынша алдын-алу іс шаралары дұрыс деңгейде орын алмағандықтан ,одонтогенді іріңді қабыну үрдістері балалардың арасында өсіп, тіс зақымдануының асқынуларына алып келіп жатыр.[Шалабаева К.З.,1999; Орынбаева Б.Ш. 2004,Орманов Е.К,2010]. Тіс зақымдануының алдын алу үшін және дұрыс бағытталған іс шараларды оңтайлы ұйымдастыру үшін гигиенист- стоматологтың жұмысы дұрыс атқарылу керек.[Кузьмина Э.М., 2005,Орманов Е.К,2010].