Химиялық қауіп қатер.Зиянды заттардың жіктелуі.Адамағзасына әсері.Алғашқы көмек
Химиялық қауіп Химиялық қауіпті объектілер (ХҚО) – өзінің өндірісінде күшті әсер ететін улы заттарды (КӘУЗ) (хлор және аммиак) сақтап және қолданатын объектілер, оларда болатын авариялар адамдардың (улануына), жануарлар және өсімдіктердің жаппай зақымдануына әкелуі мүмкін (Техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар (ТЖ)). Химиялық өндірістерде пайдаланылатын заттар, өндірісті және еңбекті дұрыс ұйымдастырмағанннан, профилактикалық шаралардың бұзылғанынан жұмысшыларға зиянды әсер етеді. Оларды өткір немесе созылмалы улануға және кәсіби ауруларға соқтырады. Өткір уланулар зиянды заттың тезарада жоғары концентратциясының организмге әсерінен шығады. Олардың белгілері тез арада көрінеді, сондықтан уланғандарға 1-ші медециналық көмек беріп, уланудың себебін жоюға мүмкіншілік береді. Уланудың созылмалы түрі-зиянды заттардың аз концентратциясымен ұзақ уақыт бойы алатын әсері, оның организмде жинақталу қабілеті бар. Химиялық қауіп жіктелуі І. Химиялық заттардың жіктелуі:
1. Кейбір заттардың рөліне қарай (хлорофос, мышьяк, дихлорэтан, т.б)
2. Заттың топтарына қарай (барбитураттар, қышқылдар, сілтілер)
3. Арналуына қарай заттарды біріктіретін класс бойынша (улы химикаттар, дәрілік өсімдіктер, т.б)
4. Шығу тегіне қарай (өсімдік текті, жануар текті, синтетикалық улар.)
ІІ. Ағзаға түсу жолдарына қарай жіктеу:
1. Ингаляциялы (таралу жолдары арқылы)
2. Пероральді (ауыз қуысы арқылы)
3. Перкутанды (тері арқылы)
4. Инъекциялы (парентеральді енгізгенде
Химиялық қосылыстардың практикада пайдалануына қарай жіктелуі:
— Өнеркәсіп улары
— Ауыл шаруашылығында қолданылатын улы химикаттар.
— Дәрілік заттар
— Тұрмыстық химикаттар (тағам қоспалары, тазартқыш заттар, косметика, т.б.)
— Биологиялық жануар текті және өсімдіктекті улар (өсімдіктер, саңырауқұлақтар, жануарлар, насикомдардағы)
— Әскери улағыш заттар.