Пластмассалар, пластикалық материалдар
Полимерлерден басқа Пластмассалардың құрамына пластификаторлар, толықтырғыштар, стабилизаторлар, бояғыш заттар енеді. Макромолекуласы сызықтық, тармақталған немесе торланған құрылымды болады. Пластмассалар гомогенді (бір фазалы) немесе гетерогенді (көп фазалы) материалдар болуы мүмкін. Гомогенді Пластмассаларда полимер материалдың қасиетін анықтаса, гетерогенді Пластмассаларда полимер байланыстырғыш қызметін атқарады, қалған құрам бөліктері өз бетінше жеке фазалар түзеді. Пласмасса – шикі мұнайдан алынатын қосынды болып табылады.
v Полиэтилен – қаптама, шелек, сөмке жасау үшін қолданылады.
v Перпекс (акрил спиртінің ерекше түрі) – көру линзасы, иллюминатор әйнегі, қауіпсіздік белдігін жасау үшін қолданылады.
v Полиэстр – мата пен шыны талшық өндіру үшін,
v Полистирол – бір рет қолданылатын ыдыстарды жасау үшін,
v Эпоксидті смола – берік желім жасау үшін,
v Акрилдер – бояғыштар мен кейбір киім түрлерін өндіру үшін,
v Полихлорвинил – құбыр, шланг, көліктердің жабындарын өндіру үшін қолданылады.