Бүлдірген. Бүлдірген өсімдігі туралы ақпарат. Құрамы мен ерекшелігі. Қолданысы мен түрлері. Қорытынды
Жоспары:
1)Бүлдірген өсімдігі туралы ақпарат
2)Құрамы мен ерекшелігі
3)Қолданысы мен түрлері
4)Қорытынды
Бүлдірген -раушангүлдер тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Отаны – Шығыс Азия. Таралған аймақтары Еуропа, Америка. Қазақстанда барлық тау беткейлерінде өседі. Құлпынайға өте ұқсас келеді, бірақ көлемі құлпынайдан кішірек болады. Бүлдіргеннің биіктігі 5 – 25 см, бұтақталған сабағы ұзарған жер асты өркенін құрайды. Тілімденген ұзын сағақты жапырағы үш-үштен топтасады. Гүлі ақ немесе сары, қос жынысты, гүлшоғыры – көпгүлді қалқанша. Жемісі – жидек (қызыл, қызғылт шырынды). Мамырда гүлдеп, маусымда жеміс береді. Жер үсті бөлігі ұзын сағақты жапырақшалардан, гүл сағақтарынан және мұртшалардан тұрады. Қысқа мүйізшелері гүл бүршігімен аяқталады, келесі жылы олардан гүл сағағы өсіп шығады. Бұтағы арқылы көбейеді