Адамның ұйымдық ортаға бейімделуі және оның тәртібінің өзгеруі
Қандай ұйым, кәсіпорын болмасын «өмір сүріп», өзінің мақсатына жету үшін менеджер ең бірінші ішкі ортаның элементтері мен сыртқы ортаның әрекеттеріне көңіл аударуы тиіс. Мақсаты – бұл ұйымның жұмысының соңғы нақты нәтижесі. Ұйымның өзі адамдар құрған жүйе болғандықтан, оның ішкі ортасының элементтері қабылданған басқару шешімінің нәтижесі болып табылады, олардың негізгі түрлері мыналар: мақсаты, құрылымы, міндеттері, технология, адамдар. ⮚ Құрылымы дегеніміз – еңбекті (жұмысты) адамдарға кездейсоқ бөлу арқылы емес,
мамандықтарына, салаларына, функцияларына, деңгейлеріне сай бөлу арқылы пайда болады. Әрбір ұйымның мақсатының орындалу дәрежесі сол ұйымның экономикалық тиімділігін – рентабельділігін көрсетеді. Ұйымның құрылымы көздеген мақсатқа жету жолына орай алдын-ала зерттеу, ойластыру арқылы құрылады.