Натомиялық препараттарда мойын, кеуде, бел, сегізкөз және құйымшақ омыртқаларының құрылыс
Жоспар І. Кіріспе.
ІІ. Негізгі бөлім:
1. Мойын омыртқаларының негізгі ерекшеліктері
2. Кеуде омыртқаларында қабырғалық
шұңқыршақтардың болуы
3. Бел омыртқаларының ерекшеліктері
4. Сегізкөз омыртқаларының ерекшеліктері
5. Құйымшақ сүйегі
ІІІ. Қорытынды.
Пайдаланылған әдебиеттер Кіріспе Омыртқа бағанасы, columna vertebralis, біздің денеміздегі ең басты тірек болып есептеледі және өзінің өзегіндегі жұлынды қорғайды, дене мен бассүйектің қимылқозғалысына қатысады. Омыртқа бағанасы, бір-бірімен өзара сап түзеп тізбектеліп, орналасқан 33-34 омыртқалардан, vertebrae, тұрады. Омыртқа: денесінен, доғасынан және жеті өсіндісінен тұрады. Омыртқаның артқы беттерінде қантамырлар мен нервтер өтетін қоректік тесікшелер, foramina nutricia, орналасқан. Омыртқа бағанасы 7мойын омыртқасынан, vertebrae cervicalis, 12- көкірек омыртқасынан, vertebrae thoracicae, 5-бел омыртқасынан, vertebrae lumbales, сегізкөз сүйегінен, os sacrum, және 4-5 құйымшақ омыртқаларынан, vertebrae cossyges, тұрады.